Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС Эканомика казакстана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
75.61 Кб
Скачать

4. Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы энергиямен жабдықтау ұйымдарынан (бұдан әрi - ЭЖҰ) тұрады, олар электр энергиясын энергия өндiрушi ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алып, оны одан әрi түпкiлiктi тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады. Республикада барлығы 45 ЭЖҰ жұмыс iстейдi.

5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет

Энергия объектiлерiнiң, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен iске қосу жөнiндегi қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектiлерi үшiн мамандандырылған жөндеу қызметтерiн көрсету қызметiн құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсiпорындары жүзеге асырады.

Өндiру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшiн жаңа тиiмдi энергия үнемдеушi және экологиялық таза технологияларын енгiзу проблемасын шешуiмен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.

Энергия өндiретiн ұйымдар да, электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелерi болып табылады.

Қауымдастықтың негiзгi мiндеттерi:

қызметi электр энергетикасы саласымен тiкелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттiк бағдарламаларды, заңдар мен нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;

мүшелерiнiң мүдделерi Қазақстан Республикасының атқару, сот және басқа да мемлекеттiк органдарының шешiмдерiне тәуелдi болған жағдайларда олардың атынан сөз алу және қорғау.

Қазақстанның электр қуатының резервтер пулы мекемесiн (бұдан әрi - ЭҚРПУЛ) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерi құрған, оның негiзгi мақсаты шарттық негiзде тұтынушы-құрылтайшыларды өндiрушi қуаттардың немесе Қазақстан Республикасының электр беру желiлерi iстен шыққан жағдайда үздiксiз энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттар резервiн ұсыну.

ЭҚРПУЛ қатысушылары мыналар болып табылады:

өндiрушi компаниялар;

ҰЭК;

«KEGOC» АҚ

көтерме тұтынушылар.

6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бiр деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.

Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды:

нарық қатысушыларының арасында жасалатын екi жақты шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын сатудың орталықсыздандырылған нарығы, олардың негiзiнде электр энергиясына арналған шарттық баға айқындалады;

электр энергиясын сатудың орталықтандырылған нарығы, онда электр энергиясын сатып алу - сатудың қысқа мерзiмдi (спот-сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) мәмiлелерi жүзеге асырылады;

нақты уақыт режимiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасындағы операциялық тәулiкте пайда болатын сағаттық теңгерiмсiздiктердi нақты және кейiннен қаржылық реттеу мақсатында қызмет ететiн теңгерiмдеушi нарық, Қазақстанның БЭЭЖ-де қажеттi қуаттар резервтерi қалыптасқанға дейiн бұл нарықтың жұмысы имитациялық режимде жүредi;

жүйелiк және көмекшi қызметтер нарығы, онда ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн белгiленген мемлекеттiк стандарттармен қамтамасыз ету және электр энергиясы сапасы үшiн ҚР БЭЭЖ-дiң Жүйелiк операторы жүйелiк қызмет көрсетудi және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерiнен көмекшi қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.

Қуаты 1 МВт төмен электр энергиясын тұтынушылар мен оларға бәсекелестiк жағдайда электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен қамтамасыз ететiн компаниялар электр энергиясының бөлшек нарығының қатысушылары болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]