
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы: Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
- •Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
- •2. Электр энергиясын өндiру секторы
- •3. Электр энергиясын беру секторы
- •4. Электрмен жабдықтау секторы
- •5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
- •6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
- •Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
- •Қазақстандық қамту
- •Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
- •Жел энергетикасы
- •Гидроэнергетика
- •Күн энергетикасы
- •Электр энергетикасы нарығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •Дұрыс жауаптар кілті:
1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесi (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенiмдi де сапалы энергиямен қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерiнiң және қосалқы станцияларының жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:
электр энергиясын өндiру;
электр энергиясын беру;
электр энергиясымен жабдықтау;
электр энергиясын тұтыну;
электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.
2. Электр энергиясын өндiру секторы
2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстандағы электр энергиясын өндiрудi әртүрлi меншiк нысанындағы, құрамына 63 электр станциялары кiретiн 40 энергия өндiрушi ұйым жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт, қолдағы қуаты - 14 821,0 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық электр станциясына, өнеркәсiптiк, өңiрлiк мақсаттағы және кәсiпорындарды жылумен қамтамасыз ететiн электр станцияларына бөлiнедi.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндiретiн және сататын мына iрi жылу электр станциялары жатады:
Екiбастұз ГРЭС-1;
Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы;
Еуразиялық Энергетикалық Корпорациясы (Ақсу ГРЭС-i);
Жамбыл ГРЭС-i,
сондай-ақ ҚР БЭЖ жүктеме кестесiн реттеу үшiн және қосымша пайдаланылатын жоғары қуатты гидроэлектр станциялары:
«Қазмырыш» АҚ-тың Бұқтырма ГЭК-i,
Өскемен ГЭС,
Шүлбi ГЭС.
Өнеркәсiптiк мақсаттағы электр станцияларға мұнай-газ секторының өз қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған ГТЭС, электр және жылу энергиясын аралас өндiретiн ЖЭО жатады, олар iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен жақын орналасқан елдi мекендердi электрмен және жылумен қамтамасыз етедi:
«Теңiзшевройл» ЖШС-тың ГТЭС;
«Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ-ның Құмкөл ГТЭС;
«Қарашығанақ Петроллеум Оперейтинг Компании Б.В» компаниясының ГТЭС;
«Қарағанды-Жылу» ЖШС-тың ЖЭО-3;
«Арселор Миттал Темiртау» АҚ-ның ЖЭЦ-2; БАС ЖЭО
Рудный ЖЭО («ССТӨБ» АҚ);
«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-тiң Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО;
«Қазақстан Алюминийi» АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1;
Шымкент ЖЭО-1, 2 («Оңтүстiкполиметалл» АҚ) және басқалары.
Өңiрлiк маңызы бар электр станциялары - бұл өңiрлiк электр желiлiк компаниялары мен энергия беру компаниялары РҚАылы электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын аумақтарға кiрiктiрiлген, сондай-ақ жақын орналасқан қалаларды жылумен қамтамасыз ететiн ЖЭО.
3. Электр энергиясын беру секторы
Қазақстан Республикасының электр желiлерi электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған кернеуi 10-1150 кВ болатын қосалқы станциялар, бөлу құрылғылары мен оларды өзара байланыстыратын электр беру желiлерiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының БЭЭЖ-де жүйе құраушы желiсi рөлiн ұлттық электр желiсi атқарады, ол республиканың өңiрлерi мен шектес мемлекеттердiң (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерi арасындағы электрлiк байланысты, сондай-ақ электр станцияларының электр энгергиясын берудi және оны көтерме тұтынушыларға таратуды қамтамасыз етедi. Қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерi мен ҰЭЖ құрамына кiретiн кернеуi 220 В және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын берудi жүзеге асыратын электр беру желiлерi «KEGOC» АҚ Қазақстандық электр желiлерiн басқару компаниясының теңгерiмiнде. 220 кВ және одан төмен кернеулi өңiрлiк тораптар бойынша диспетчерлеудi және басқаруды 21 өңiрлiк электр желiлiк компаниялары жүзеге асырады.