Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС Эканомика казакстана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
75.61 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда

Елімізде электр энергиясын өндіру көлемі 2015-ші жылға таман 127 млрд. кВт/сағ. болады деп Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев айтқан болатын.

Яғни, тұтынудың артуына орай, елімізде электр энергиясын өндіру көлемі 2015-ші жылға таман 68 пайызға өсіп, 127 млрд. кВт/сағ. құрайды. Бұл туралы қыркүйектің 7-сі күні Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев айтты.

Бұл болжау еліміздегі төрт – Батыс, Ақтөбе облысы, Солтүстік және Оңтүстік сынды энергетикалық зоналар бойынша жасалғанын айтқан С.Мыңбаев, 2015-ші жылға таман батыс зонасында электр қуатын тұтыну 17 млрд. кВт/сағ. дейін артатынын, ал оңтүстік зонада 26 млрд. кВт/сағ. жететінін айтты. «Алайда, оңтүстік зонаның өз ішіндегі энергокөздерде электр қуатын өндіру 19 млрд. кВт/сағ. құрайды. Яғни, бүгінгі таңдағыдай сол кезде де оңтүстікте электр энергиясының тапшылығы сақталатын болады», деді министр.

Оның айтуынша, оңтүстік өңірге қажетті 19 млрд. кВт/сағ. электр қуатының 5 млрд. кВт/сағ. Балқаш жылу электр стасасында, 4 млрд.  кВт/сағ. жаңғыртылуы тиіс Жамбыл ГРЭС-нен өндіру көзделіп отыр. Осылайша, оңтүстіктегі электр қуатына деген тапшылықты жабу  Солтүстік Қазақстаннан 6 млрд. кВт/сағ. электр қуатын жеткізу арқылы жабылмақ. 

«Бұл өсім «Солтүстік-Оңтүстік» электр жүйесінің екінші желісін пайдалануға беру арқылы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінен аса көп мөлшерде емес электр қуаты импортталатын болады», деді С. Мыңбаев. 

 Оның айтуынша, осы болжанған деңгейге қол жеткізу үшін қазіргі электр стансаларын жаңғыртып, жаңаларының құрылысын салудан бөлек, ірі көлемде инвестиция тарту қажет. «Бұл есептерге уақыт өте келе түзетулер енгізіліп, мерзімдері өзгеруі, жобаларды жүзеге асырудың уақыты, тіпті стансалар тізбесі өзгеруі мүмкін. Дейтұрғанмен біз перспективаны көріп отырғанымыз абзал», деді министр.

 «Бір сөзбен айтқанда, 2015-ші жылға таман елімізде электр қуатына сұраныс артады, сонымен бірге оны өндіру көлемі де ұлғаяды», деп толықтырды сөзін С. Мыңбаев.

Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Бағдарламаның мақсаты, злектр энергетикасы саласын тиiмдi дамыту жолымен экономиканың орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету.

Мiндеттерi келесідей: шоғырландырушы қуаттардың қолданыстағыларын жаңғырту, қайта жаңарту және жаңаларын салу, электр желiлiк объектiлердi салу, жаңғырту, қайта жаңарту, көмiр саласын дамыту, электр энергиясы нарығының құрылымын жетiлдiру, теңгерiмге жаңартылатын энергия көздерiн тарту. Iске асыру мерзiмi 2010-2014 жылдар аралығы болып табылады.

Нысаналы индикаторлары 1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс кезiнде электр энергиясын өндiрудi 2014 жылы 97,9 млрд. кВтс жеткiзу. 2. Көмiр өндiру көлемiн 2014 жылға қарай 123млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету. 3. 2014 жылы жалпы электр тұтыну көлемiндегi жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану үлесi 1 %- дан астамды құрайды.

Қаржыландыру Республикалық бюджет және ұлттық компаниялар көздерi мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын көлемi қоса алғанда, кәсiпорындардың, ұйымдардың қаражаты.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi — Бағдарлама) тұжырымдамалық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыратын стратегияның негiз құраушы бөлiгiнiң бiрi ретiнде әзiрлендi.

Электр энергетикасы базалық салалардың бiрi бола отырып, кез келген мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк саласында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электр энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының бiрi ретiнде айқындалып, жаңа тиiмдiлiгi жоғары технологиялар мен елдiң жалпы iшкi өнiмiндегi (бұдан әрi - ЖIӨ) энергия қажетсiнудi тұрақты төмендету базасында электр энергетикасының орнықты дамуы кезiнде энергетика - экономика - табиғат - қоғам серпiндi теңдестiрiлген жүйе ретiнде қарастырылады.

Экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсiптiң шикiзаттық емес салаларын және ауыл шаруашылығын дамытуға күш салынып жатыр. Әлемнiң барынша бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына кiру мiндетi қойылған.

Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесi Ресейдiң БЭЭЖ-мен және Орталық Азияның бiрiккен энергетикалық жүйесiмен (БЭЖ) қосарлас жұмыс iстейдi.

Қазақстанның БЭЭЖ үш шартты аумаққа бөлiнген:

Солтүстiк (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары).

Оңтүстiк (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары);

Батыс (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).

Қазақстан бойынша барынша жоғарғы энергия тұтыну 1990 жылы тiркелдi (104,7 млрд. кВт.сағ). Одан кейiн 1999 жылы 50 млрд. кВт. сағ. дейiн энергия тұтынудың төмендеуi орын алды. 2000 - 2008 жылдар арасында электр тұтынудың шамамен орташа есеппен жылына 5% серпiнмен тұрақты өсуi байқалды.

2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт. құрады. 2009 жылы 135,2 МВт жаңа өндiрушi қуаттар iске қосылды, оның iшiнде:

Ақтөбе облысында қуаты 33,8 МВт болатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол ГТЭС-сi пайдалануға берiлдi.

Қарағанды облысында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-тiң қуаты 55МВт болатын К-55-90 типiндегi № 1 бу турбинасы пайдалануға берiлдi.

Қарағанды облысында Балқаш ЖЭО № 1, 2 турбиналарының қуаттары нақтыланды (30 МВт ұлғайтылды).

Алматы облысында қуаты 4,4 МВт Қаратал ГЭС-3 iске қосылды.

Павлодар облысында Екiбастұз ЖЭО-да Р-12-3,4/0,5 типтi қуаттылығы 12 МВт бу турбинасы пайдалануға берiлдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]