- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тақырыбы: Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
- •Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
- •Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
- •2. Электр энергиясын өндiру секторы
- •3. Электр энергиясын беру секторы
- •4. Электрмен жабдықтау секторы
- •5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
- •6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
- •7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
- •Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
- •Қазақстандық қамту
- •Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
- •Жел энергетикасы
- •Гидроэнергетика
- •Күн энергетикасы
- •Электр энергетикасы нарығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
- •Дұрыс жауаптар кілті:
Қорытынды
Электр энергетика — энергетиканың басты құрастырушысы. Oның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру болып табылады.Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан гөрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың және тұтынушылар арасында үлестірудің салыстырмалы жеңілдігі, сонымен қатар оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатындығы.
Электр энергиясының негізгі өндірушілері:
I. Жылу электрлік станциясы (ЖЭС):
1.Конденсациялық электрлік станциясы (КЭС);
2.Жылумен жабдықтау электрлік станциясы (ЖЖЭС);
3.Атомдық электрлік станциясы (АЭС).
II. Су электрлік станциясы (СЭС):
1.Су жинаушы электрлік станциясы (СЖЭС).
Қазақстанда қазір энергетика өнімнің 2/3-сіне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлігі энергиясын СЭС-терде өндіріледі. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикізат көзі мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрізді және аралас типті отынмен жұмыс істейтін станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзірге су қуатынан басқа меншікті энергетика көздері жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмір пайдаланылады. Соңғы 2 – 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған.Электр қуатын өндіру мен тұтыну көлемінің өсуі негізінен Батыс және Солтүстік аймақтарда байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында жеткілікті бастапқы энергетика қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелінетін көмірге, сырттан әкелінетін газ бен мазутке негізделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негізгі көздері – Жамбыл МАЭС-і, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-і.
Қазақстан өзендерінің су энергетика әлеуеті 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиімді су-энергия қоры 23 – 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазіргі кезде гидравликалық энергияның экономика әлеуетін пайдаға асыру деңгейі небәрі 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшін Жоңғар қақпасы ауданында, Маңғыстау тауларында аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негізінен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстанның электр энергетикасының қуат өндіруші және электр тораптары активтеріне мемлекеттік монополияны реформалау арқылы электр қуатының бәсекелі рыногін жасау қажеттігі туралы Үкіметі 1996 жылы шешім қабылдайды.Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкіметтік бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаны іске асыру электр энергетикасының бәсекелі бөлігін табиғи монополистерден ажыратып алу қамтамасыз етілді. Ірі электр станциялары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары жергілікті басқару органдарының меншігіне берілді. Бұл саланы одан әрі дамытудың 1997 – 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногін ұйымдастырудың мынадай үлгілері көзделді: ақырғы тұтынушыға жеткізілетін электр қуатының бағасы бойынша бәсеке; бірыңғай электр қуаты рыногінің екі деңгейде болуы; электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру; рынок субъектілерінің аймақаралық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерін көрсету жөнінде шарттар жасасу. Осы үлгінің енгізілуі екі жақты мерзімді келісімшарттар рыногін құруға мүмкіндік берді. Бір орталықтан диспетчерлік басқару жүйесі қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелі және монополиялы бөліктерінің бөлінісі жағдайында жұмыс істеуге бейімделді, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткіштері, атап айтқанда, электр тогының жиілігі жақсартылды.Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектілікпен іске асыру нәтижесінде 2000 жылдан бастап оң өзгерістерге қол жеткізілді: екі жақты мерзімдік келісімшарттар рыногі құрылып, жұмыс істей бастады. Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөніндегі тарифтерді Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуірде Тарифтер жөніндегі бөлімшеаралық комиссия “КЕGOC” ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегі электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөніндегі қызмет көрсетуіне арналған тарифті есептеудің жаңа әдістемесін қолданысқа енгізді.
Электр энергетикасы базалық салалардың бiрi бола отырып, кез келген мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк саласында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электр энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының бiрi ретiнде айқындалып, жаңа тиiмдiлiгi жоғары технологиялар мен елдiң жалпы iшкi өнiмiндегi энергия қажетсiнудi тұрақты төмендету базасында электр энергетикасының орнықты дамуы кезiнде энергетика - экономика - табиғат - қоғам серпiндi теңдестiрiлген жүйе ретiнде қарастырылады. Қазақстанның энергетика жүйесі – электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі және ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсiптiң шикiзаттық емес салаларын және ауыл шаруашылығын және басқа да өнеркәсіптік салаларды дамытудың басты базасы.
