
- •Маңғыстау облысы өндірістік кешені
- •Атырау облысы өндірістік кешені
- •2012 Жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері:
- •Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
- •Өңдеу өнеркәсібі
- •Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды дамыту
- •Қазақстандық үлесті дамыту
- •Техникалық реттеу және метрология саласын дамыту
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдібиеттер тізімі
2012 Жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері:
ЖАО |
Шығарылатын өнім көлемі, млн.теңге |
Нақты көлем индексі, % |
Барлығы, облыс бойынша |
3059729 |
113,8 |
Атырау қаласы |
99924 |
204,6 |
Жылыой ауданы |
2747393 |
115,3 |
Индер ауданы |
1326 |
118,7 |
Исатай ауданы |
94682 |
104,1 |
Құрманғазы ауданы |
5792 |
113,3 |
Қызылқоға ауданы |
53918 |
98,8 |
Мақат ауданы |
52414 |
102,2 |
Махамбет ауданы |
4280 |
112,9 |
Облыс аумағында:
өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны;
құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,
сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы;
байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы;
транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.
Түз өндіру саласы да жақсы дамыған. Келесідей тұз кенін атап өтсек болады, ол Индер тұз кені. Индер тұз кені, Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай мөлдір. Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді. Негізгі минералдары: гидрогалит – NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O. Литоликалық тұрғыданкен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Тұз құрамында бром, йод, т.б. микроэлементтер бар. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тоннадан астам. Кен орнын «Индертұз» АҚ игеруде.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн. теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн. дананы (100,2%) құрады. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2012 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы.
Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды.
2011 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2010 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм.
Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.
Байланыс кәсіпорындары:
Облыстық телекоммуникация дирекциясы
Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы
"Қазпошта" АҚ Атырау филиалы
Altel ұялы телефон байланысы
Kcell ұялы телефон байланысы
Beeline ұялы телефон байланысы
Tele2 ұялы телефон байланысы
Dalacom ұялы телефон байланысы