
- •Жоспар:
- •Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы
- •Машина жасаудыңэкономикадығы рөлі, географиялық орналасуы және факторлары, мамандануы
- •Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама.
- •Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау.
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы
2. Машина жасаудыңэкономикадығы рөлі, географиялық орналасуы және факторлары, мамандануы
3. Қазіргі жағдай
4. Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама:
Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау
Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау
Мұнай-газ, Тау-кен металлургиясы, Темір жол машиналары, Ауыл шаруашылығы машиналары, Электр жабдығы, Автомобиль жасау
Саланы дамытудың негізгі проблемалары.Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау.
Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Қажетті ресурстар.
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.
Негізгі бөлім