Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IT шпор МВ-107.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
105.1 Кб
Скачать

11. Компьютерлік жүйелер функцияларының негізгі қағидалар.

Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы болады. Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған злементтері болу керек және олар міндетті түрде компьютерлік жүйелердің функцияларының негізгі қағидаттарын қолданады. Ол қағмдаттарға келесілерді жатқызуға болады. Модульдік принципі, магистральдік микропрограммалық. Модульдік – модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі. Модуль дегеніміз стандартты түрде жасалған конструктивті және функциональді түрде аяқталған электрондық блок. Магистральдық деп- бұл әртүрлі компьютерлік модульдердің біріктірілуі. Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір сыммен қосылады, осылардың жиынтығын шина деп атайды. Компьютерлер магистральі бінеше шина топтарынан құралады және олар функциональдық белгі бойынша ажыратылады – шина адресі, мәліметтер шинасы басқарушы шинасы. Микропрограммалау деп – жүйелі прогроммалық басқару принципін жүзеге асыру тәсілі.

12. Тұрақты еске сақтау құралдары (тесқ).

ТЕСҚ-ның интегралдымикросхемалары тек оларға жазылған ақпаратты оқу режимінде ғана жұмыс істейді. ТЕСҚ-нан ақпаратты оқу жылдамдығы әдетте жоғары, оны ЭЕМ процессорының жұмыс істеу жылдамдығымен салыстыруға болады. ТЕСҚ-на ақпаратты жазу жұмыс істеу процесінде мүмкін емес немесе оны оқу жылдамдығымен салыстырғанда едәуір төмен жылдамдықпен жасалады. Есептеуіш жүйеде ТЕСҚ ақпаратты түрлендіру процессінде өзгермейтін (const, функциялар нышандар кестелері, стандартты программалар мен ішкі программалар және т.б.) бөлігін сақтау және оперативті оқуға арналған. ТЕСҚ микропроцессорды басқару құрылғысының операциялардың орындалу микропрогаммаларын сақтайтын бөлігі ретінде де маңызы зор. Техникалық түрде ТЕСҚ ЖЕСҚ мен салыстырғанда қарапайым дайындалады. ТЕСҚ-ның бір ұяшығы 1-3 элементтен (транзистор диод) тұрады. Сондықтан ТЕСҚ интералды схемасының тез әрекет етушілігі элементтерінің орналасу тығыздылығы және сенімділігі интегралды схемачына қарағанда жоғарырақ. Ақпарат есте сақтау ұяшықтар матрицасында сақталады. Адрес кодын ДЭШ инфатор қаьылдап, әрі қарай адрестік токты қалыптастырушыға жіберіледі, ол басқару блогына микросхеманы таңдау сигналы келіп түскен кезде дешифрленген адрестік шина бойынша ток инпульісін қалыптастырады. Оқылған ақпарат күшейткіштер блогы арқылы шығыс регистріне келіп түседі. ТЕСҚ ИС түрлі физикалық принциптермен элементтер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін және оларға ақпаратты енгізутәсілдері бойынша 3 топқа болінеді. Жасалу кезінде программаланатын 1 мәрте электрлік программаланатын және жазылған ақпаратты өшіру мүмкіндігі бар көп мәрте электрлік қайта программаланатын. ЭЕМ-ның есте сақтау құрылғылары(ЕСҚ) оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жадысы, сондай-ақ ТЕСҚ компьютердің ішкі жадысын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан жедел жадына жазылады. ТЕСҚ-ның түрлері – CM OC RAM. CM OC RAM – бұл жоғары жылдамдықты әрекет ететін және батарейкадан аз энергияны қамтамасыз ететін жады. Бұл компьютерлер конфигурациясы туралы ақпаратттарды және компьютерлер құрамындағы құрылғыларды сонымен қатар оның жұмыс істеу режимдері туралы мәліметтерлі сақтау үшін қолданылады. CM OC – та ағымдағы күн мен уақыт сақталады. Уақыт үшін жауап беретін CM OC жады және уақыт микроүрдісі кішкентай аккумулятордан қорек алады. CM OC-тың мазмұнын өзгерту ВІ ОС-та орналасқан арнайы SETUP программасымен өзгертіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]