Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

78 Алименттік қатынастар және оның түрлері

Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сотшешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .

Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.

Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі. Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін: нарықтық экономикаға көшуге, мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелегенкәсіпорындардағы өндірістің жағдайына және соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай, республикада қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің (жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы және басқалар.

Бұл субъективтік сипаттағы себептер: өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.

Еңбек дауларының жеке және ұжымдық, талап қоятын және талап қоймайтын түрлері болады. Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды.

Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдарыеңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; немесе басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу немесе қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.

Еңбек дауларын шешуге жауапты ұйымдар

Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін. Талап коюшылық сипаты бар жеке еңбек дауларын шешудің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • а) еңбек дауының келістіру комиссиясында немесе сотта қаралуы мүмкін — бұл жалпы тәртіп. Бұл тәртіп дауды шешудің рәсімін бір жақтың қалауын қарайды. Екі жақтың келісіміне қол жеткен жағдайда еңбек дауын келістіру комиссиясының қарауы мүмкін. Еңбек дауының сот тәртібімен шешілуі бұған балама болып табылады.

  • ә) қызметкерлердің белгілі бір топтарының еңбек даулары белгіленген арнаулы іс жүргізу ережелері арқылы қаралатын айрықша тәртіп.

Екі жақтың келісімі бойынша еңбек даулары келістіру комиссиясында қаралуы мүмкін. Келістіру комиссиясы екі жақтың бірлескен шешіміне орай, жұмыс беруші мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен теңдік жағдайында құрылады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйымның басшысы тағайындайды және ол тиісті бұйрықпен бекітіледі. Қызметкерлердің өкілдері келістірукомиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференцияда) сайланады. Келістіру комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.

Келістіру комиссиясы еңбек дауын қызметкердің арызы келіп түскен күннен бастап уш күн мерзім ішінде қарайды. Белгіленген мерзім арыз түскен күннің ертеңінен бастап есептеледі. Қызметкердің арызын қарау нәтижесі бойынша келістіру комиссиясы шешім қабылдайды және ол шағымданушыға беріледі. Шағымданушының талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясыньщ шешімін қарсы жақ үш күн мерзім ішінде орындайды. Егер комиссияның шешімі қызметкердің талаптарын қанағаттандырмаса, онда еңбек дауы com тәртібімен қаралады. Аудандық (калалық) соттар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін шағымдана алатын еңбек дауларын қарау жөніндегі дербес органдар болып табылады.

Еңбек дауы жөніндегі келістіру комиссиясының шешімін қайта қарау өкілеттігі сотқа берілмеген.

Сотта тікелей көсіпорындар (ұйымдар) қызметкерлерінін; арызы бойынша келістіру комиссиясында алауыздықтар қаралмаған еңбек даулары, сондай-ақ шаруа қожалықтарында жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдардың арыздары бойынша еңбек даулары қаралады. Соттар жұмыс берушінің қызметкерлердің кәсіпорынға (ұйымға) келтірген зияндарының орнын толтыру жөніндегі арызы бойынша дауларды қарауды тікелей өз іс жүргізуіне қабылдайды. Соттар сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың (заңды тұлғалар), шетелдер қатысатын ұйымдардың еңбектік құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптарды да қарайды.

Жеке еңбек даулары жұмыс берушіге өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру жөнінде талап коюшы жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары өкілді орган қызметкерлері өкілеттік берген еңбек ұжымдары мен жұмыс беруші немесе басқарудың салалық (сала-аралық) органдары арасында еңбек туралы пайдаланылып жүрген заңды қолдану, қызметкерлердің қазіргі әлеуметтік-экономикалық еңбек және түрмыс жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайлар жасау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың шарттарын орындау жөніндегі мәселелер бойынша туындайды.

Еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі болады. Еңбек дауларын қарайтын органдар — келістіру комиссиясы және сот.

80. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Заңды тұлғалар-меншік, шаруашылық жүргізу н/е жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен м3ндеттерге ие болып6 оларды ж8зеге асыра алатын адам не ұйым. Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Объектісі-мүліктіа ж/е мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.Мүліктік құқықтар мен игіліктер:заттар, ақша, шетел валютасы, құндықағаздар, тауарлық белгі, фирмаларатаулары. Мазмүны-сол қатынастарды жүзеге асырушы субъектілердің құқықтары мен міндеттері н/е сол іс-қимылды асыруда құқықтар мен міндеттер.

81. Некеге тұрудың шарттары Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек.Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары Кылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандақтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясыболып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.Кылмыстық кұқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормалардың жиынтығы болып табылады.Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы үғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты жөне жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан жөне жазадан босатудың мөселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Соттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте жөне т. б. нормативтік кесімдерде анық көрсетілген. Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей.Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты.Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанына дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары Конституцияның 12-шi бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекiтiлген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық, және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады. Жеке құқықтар мен бостандықтар:өмip сүру құқығы , әркiмнiң өзiнiң жеке басының құқығы бар және адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды, әрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбiр адамның, заңда арнайы көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты елдi мекендi өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуiне, республика азаматтарының кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар.Мемлекет iсiн басқаруға қатысу құқығы: жиналыстарға, бейбiт әрi қарусыз жиналуға, митингiлерге, демонстрацияларға, шерулерге қатнсуға және тосқауылдарға тұру құқығы Бiрлесу бостандығы құқығы Әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, бiлiм алу, әлеуметтiк қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т. б. жатады.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға, жасына келген, науқастанған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төмен жалақы және зейнетақының мөлшерiнде, мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi.

84. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері Қайнар көзі – күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсетеді.Еңбек туралы заңнама ҚР-ң Конституциясына негізделеді. Негізгі қайнар көзі 2007жылы 15 мамырда қабылданған «ҚР-ң Еңбек кодексі». Кодекс жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлім, 40 тарау, 341 баптан тұрады. Еңбек құқығының салааралық қағидаттарына мыналар жатады: а) Еңбек шартын жасасу бостандығы;б) Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету;в) Заңдарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекақы алу кепілдігі;г) Демалыс пен жұмыс режимінің қалыпты жағдайларына мемлекеттік кепілдіктердің берілуі;д) Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;е) Кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі; ж) Өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы;з) Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы.Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады. ҚР мы Конституциясының төртінші бабының төртінші тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

85. Қазақстан Республикасында жер қорының түсінігі, түрлері Еліміздің жер қоры ауыл шараушылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің) жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді. ҚР Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры арнайы мақсатқа-санаттарға бөлінуге ие. Егер ол біртұтас болмаса қалай бөлінуі мүмкін сол себепті ҚР-сының жер корын ҚР-ның біртұтас жер қоры деп атаған дұрыс Жер қоры – ҚР-ғы жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі.Жоғарыда көрсетілгендей ҚР-сы конституциясы ҚР-сы егемендігі бүкіл аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің басты құқықтық базасы болып табылады.жер қоры жерге меншік құқығының жекелеген жер учкскелетіне жер пайдалану құқығының, севитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі болып табылады.

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады. Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi.Үкiмет Президенттiң Парламент Мәжiлiсiне заң жобаларын енгiзу жөнiндегi тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келiсiп отыруға мiндеттi. Үкiмет Конституцияның 53 бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентiне есеп бередi. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi (1995 жылғы 18 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” мемлекет басшысының конституциялық заң күшi бар Жарлығы). Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады.Министрлiк Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және олар жергiлiктi жерлерде жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiлiгi, жауапкершiлiгi, қызмет тәртiбi Конституцияның 87 - бабымен бiрге “Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы” 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңнмен, сондай-ақ басқа заңдармен және заңға сәйкес нормативтiк-құқықтық кесiмдермен реттеледi. Осы заңмен әкiмнiң мiндетiндегi жеке өкiлеттiктi де, әр түрлi салалар мен қызметтердi тұтас атқарушы орган, яғни әкiм және оған бағынатын органдар жүзеге асыратын өкiлеттiктi де белгiлейдi.

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар. Мемлекеттің дамуы мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде алғашқы құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс әрекетінің нетижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайлада мемлекеттің күш қуатына үйренетін басқару жүйесі. Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар: Шығыс елдерінде мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғауымен байланысты. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялары:Теологиялық теория мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.Табиғи теория бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Тарихи теория осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.Патриархалдық теория мемлекет адамдардың отбасы тәжибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы әке, мемлекет басшысы монарх.Психологиялық теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс әрекеті, мінезі, тәртібі бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды.

88. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында некеге тұру мемлекеттiк тiркелген күннен бастап туындайды. Ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең мiндеттер атқарады.Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн, тұрғылықты жердi таңдауда ерiктi. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi мен отбасы өмiрiнiң басқа да мәселелерiн ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi. Ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негiзiнде құруға, отбасының игiлiгi мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетiлуiне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға мiндеттi. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген срмалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің еаебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өз де коммерциялық ұйымдарға салінған капиталды үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлізайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі. Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады: 1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі; 3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім және басқалар). Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін.Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады.

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері Азаматтық іс жүргізу құқығы-соттардың өз құзіретіне жатқызылған талап қою, өзге істерді қарау және шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Азаматтық іске қатысушы тараптар: жауапкер мен талапкер. Мүлікке, некеге байланысты істер азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көзі – 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174 бабына сәйкес аталған істерді қоспағанда,азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс.Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі,күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізу құқықтарына ,шет мемлекеттерге қойылатын талаптарға ,шетелдік соттардың сот тапсырмалары мен шешімдеріне ,халықаралық шарттарға арналған арнайы бөлім бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі- құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы бірінші сатыдағы, апелляциялық бақылау, сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар. Азаматтық іс жүргізу азаматтық процесс соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың куәлардың,сарапшылардың,сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет.Азаматтық іс жүргізу дегеніміз,іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының,дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады,өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысумен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесін деп айтуға болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі. Азаматық іс жүргізу құқығы құқықтық басқа салалармен, әсіресе материалдықсалаларымен тығыз байланысты.Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады. Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты,өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді.

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі Әкімшілік қүкықтың қүрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет -мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің күқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтас-тығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; т.б.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құра-мына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси кызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.Мемлекеттік қызмет мәселелері Қазақстан Республикасының "Мемлекетгік қызмет туралы" Заңымен реттеледі (1999жыл 23 шілде).Мемлекеттің қызметі дегеніміз-оның негізгі міндеттерін, мақсаттарын, бағыттарын көрсететін ауыспалы сипаттағы категория. Мемлекттің қызметтері мынадай түрлерге бөлінеді: әрекет ету ұзақтығына қарай-тұрақты, уақытша; маңыздылығына қарай-негізгі, қосымша; қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылатынына байланысты-ішкі, сыртқы. Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне: экономикалық;әлеуметтiк; қаржы реттеу; мәдениет бағытындағы; экологиялық; құқықтық тәртiптi реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту; мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту; мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру; дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру; мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.