- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 2007 жылдың 10 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасының еңбек кодексі” болып табылады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Аталған құқықтық - нормативтік кесімнің төмендегідей қолдану ерекшеліктері бар:
ҚР аумағындағы еңбек қатынастарын реттеумен қатар, осы заң елімізде жұмыс істейтін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады;
әркімге өз еңбек құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндіктер беріледі;
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, азаматтығына, қоғамдық бірлестіктерде тұруына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруға, қандай да бір артықшылықтар алуға тиісті емес;
мәжбүрлі еңбекке тиым салынады, еңбектің осы түріне тек сот үкімі бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол беріледі
Еңбек қатынастары негізінен жеке еңбек шарттарымен және ұжымдық шарттармен реттеледі. Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жеке еңбек шарты: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері: мерзімнің бітуі бойынша; тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда(әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса жөне т. с. с.).
Шартты бүзу негіздері: тараптардың келісімі бойынша; тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе); заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.
72. Меншік құқығы.
Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды. Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады. Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына: жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады. Жерді пайдалану құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен реттеледі. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңмен белгіленген текте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқықтары болып табылады. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскенде пайда болады. Ортақ бірлескен меншік: ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; шаруа қожалығының ортақ меншігі; жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
