Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.

Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 2007 жылдың 10 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасының еңбек кодексі” болып табылады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Аталған құқықтық - нормативтік кесімнің төмендегідей қолдану ерекшеліктері бар:

  • ҚР аумағындағы еңбек қатынастарын реттеумен қатар, осы заң елімізде жұмыс істейтін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады;

  • әркімге өз еңбек құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндіктер беріледі;

  • жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, азаматтығына, қоғамдық бірлестіктерде тұруына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруға, қандай да бір артықшылықтар алуға тиісті емес;

мәжбүрлі еңбекке тиым салынады, еңбектің осы түріне тек сот үкімі бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол беріледі

Еңбек қатынастары негізінен жеке еңбек шарттарымен және ұжымдық шарттармен реттеледі. Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жеке еңбек шарты: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері: мерзімнің бітуі бойынша; тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда(әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса жөне т. с. с.).

Шартты бүзу негіздері: тараптардың келісімі бойынша; тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе); заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.

69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.

Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК)  32-бабының  қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, қылмыстың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек.       2. Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына, жынысына, жасына және басқа да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға заңмен қорғалатын қандай объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанына, ол объект қорғанушының өзіне немесе басқа адамдарға тиесілі екендігіне, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.      3. Адамды қажетті қорғаныс жағдайында болды деп тану үшін қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанын және бұл қол сұғушылық оның осы қол сұғушылықты болдырмау немесе тойтарыс беру үшін шабуыл жасаушыға қаза келтіру немесе денсаулығына зиян келтірумен ұштасқан әрекеттер жасауына себеп болғанын анықтау қажет.       Қорғанушы адамның немесе басқа да тұлғалардың әлеуметтік маңызы бар құндылықтарына, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған қол сұғушылық қоғамға қауіпті деп танылады. Тиісінше қажетті қорғану кезінде адамның құқығы, яғни оның өмірі, денсаулығы, жыныстық тиіспеушілігі, ар-ожданы мен намысы, меншігі, тұрғын үйі, жер учаскесі және қорғанушының өзіне және басқа тұлғаларға тиесілі өзге де құқықтары, сондай-ақ қоғам және мемлекеттің мүдделері қорғау объектілері бола алады.      4. Адам одан қорғануға құқылы қол сұғушылық қасақана және абайсызда жасалуы мүмкін, онда қылмыс құрамы болуы немесе қылмыс болмауы мүмкін, алайда, бұл мән-жайлар қорғанушының қорғану құқығына әсер етпейді, өйткені қорғанушы қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамнан, және есі дұрыс емес немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жасы жетпеген адамнан тікелей келген қасақана немесе абайсыз қол сұғушылықтан бірдей мөлшерде қорғануға құқылы.       Зиян қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамның өзіне тікелей келтірілсе ғана ол қажетті қорғану жағдайында жасалған деп танылуы мүмкін (соның ішінде олар техниканы, жануарларды, есі дұрыс емес адамдарды, жасөспірімдерді пайдаланған жағдайларда да).      5. Шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана емес, зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу қаупі төнген (мысалы, қол сұғушылықты іске асыруға дайындық әрекеттері жасалған және б.), не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі аяқтамаған (ұрып-соғуын жалғастырған, ұрланған заттарды пәтерден әкетіп үлгермеген) кезде, сондай-ақ негізінен аяқталған, бірақ істің мән-жайларына қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол беріледі. Аталған жағдайларды қол сұғушылықтың басталу және аяқталу сәттерінің айыпталушыға қаншалықты көрінеу болғанына, оның нақтылы қалыптасқан жағдайда ахуалды дұрыс бағалауға мүмкіндігі болған-болмағанына қарап бағалау қажет.

70. Құқық жəне мемлекет ұғымдарының анықтамасы жəне арақатынасы. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжрибесi өсiп молайды. қоғамдық еңбек төрт күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру, өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды, қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетiн топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерiстер әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi. Олар төмендегi негiзгi обьективтiк заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi.

Мемлекеттiң дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.

Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.

Құқық екi жолмен дамыды. Бiрiншiден, мемлекеттiк қоғамдық меншiктi реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерiнде Құран заңы. Екiншiден, жеке меншiк бағытындағы қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi. Жеке адамдар тиiстi мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезiн, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келедi. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келедi?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]