Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .

Мемлекеттік басқарудағы заңдылық -  бұл басқару  қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті – құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында  адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету  — заңдылық — биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың қызметі.

Олар  мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік билік органдарының қызметінде, олардың лауазымды  тұлғаларының заңдарға және одан туындайтын актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу;

2) оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;

3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;

4) табылған құқық бұзушылықтарды уақытында және оперативтік тұрғыда жолын кесу және жою;

5) заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді белгіленген жауапкершілкке тарту;

6) заңдылық пен тәртіптің бұзылуына себеп болатын жағдайларды жоюға шаралар қолдану.

Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

1) Заңның басымдылығы;

2) Заң алдындағы теңдік;

3) Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;

5) Заңдылықтың кепілдіктері;

6) Заңдылықты  қамтамасыз етудің жалпы шарттары

7) Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;

Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне  жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде және дәл орындауға тиіс.

Заңдылық пен тәртіпті  қолдау және нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше  жүйесі  әрекет етеді. Олардың жүзеге асыратын  әр түрлі   құқықтық және ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері, қоланатын практикалық амал – тәсілдері, операциялары, жұмыс түрлері заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері  деп аталады.

Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан)  ауытқуларын  жою мақсатында  оның қызмет ету процесін байқау және тексеру жүйесі.

Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті  органның  ұйымдық-құқықтық  тәсілдерді және  құралдарды  пайдалана отырып  атқарушы билік органның немесе лауазымды тұлғаның  қызметінде  заңдылықтан қандай – да бір  ауытқулар  бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай  ауытқулар болса, онда  оларды өз уақытында  жояды, бұл кезде  бұзылған құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады,  заңдылықты  және тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал-тәсілдерінің жүйесі

Заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері:

1)басқару субъектілері бойынша бақылау – президенттік, парламенттік,  үкіметтік, жергілікті атқарушы билік

органдарының, сала аралық, және салалық, әкімшілік қадағалау;

2)Прокуратураның қадағалауы:

-  Конституцияның, заң күшіндегі актілердің және Президент  актілерін бұзуды  анықтау және жою шараларын қабылдау;

-    жедел-іздестіру қызметінің, алдын — ала анықтау және тергеудің, әкімшілік және атқарушы  өндірістің  заңдылығын қадағалау;

-    кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың актілерін қадағалау;

3) Заңдылықты қамтамасыз ету бойынша соттың қызметі:

а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;

б) лауазымды тұлғалардың актілерін және әрекеттерінің  заңсыздығын анықтау;

в) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қалпына келтіру бойынша шешім қабылдау және оларды

жауапкершілікке тарту.