- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының түсінігі және мәні. «Қағида» сөзішң өзі латын тіліңдегі «principium» сөзінен туыңдаған және оның аудармасы «негіз, бастама» дегенді білдіреді. Осылай, «қағида» түсінігі басшылыққа алынатын идеяны, негізгі ережені, бастаманы білдіреді. Құқықтық түсініктер жүйесіңде қағида басты түсінік болып табылады, себебі, ол бүкіл құқықтық жүйенің негізін құрайды және осы құқықтық жүйенің барлық қасиеттерін өзіне сіңіреді. Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қағидалары - бұл еңбек құқығы нормаларыңың негізгі бастамасы.
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары - бұл қолдаңыстағы еңбек заңнамасыңың мәнін қысқаша көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.
Еңбек цщыгының қағидалары ретінде еңбек құқыгы нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты багъттарын көрсететін, қолданыстагы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Еңбек құқығыңың қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді. Олар объективтік экономикалық заңдардың күшіне тығыз байланысты.
Еңбек құқығыңың қағидалары заңнамадан көрініс табады және заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, осы қасиет бұл қағидалардың құқықтық қағида деп аталуына негіз болады. Еңбек құқығының негізгі қағидалары ҚР Конституциясында және осы құқық саласыңың маңызды заң шығарушы актілеріңде бекітілген. Мысалы, ҚР «ҚР еңбек туралы» заңыңың 2-бабының 1-тармағында республика қызметінің негіздемелік қағидалары, ал 2-бөлімде еңбек бостандығы қағидасы бекітілген.
Қолданыстағы заңнамаға талдау жасайтын болсақ, еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидаларына келесі белгілер тән:
■ олар экономикалық және саяси жағдайлармен байланысты, себебі, қағидалардың өзі мемлекеттік саясаттың негізінде анықталады;
■ олардың мазмұңына ортақтық тән, себебі, қағидалар әрқашаңда құқықтың бір ғана емес, бірқатар нормалар тобыңың мәнін көрсетеді;
■мемлекеттік норматвитілікке ие, себебі, қағидаларды мемлекет құқық нормаларыңда бекітеді және саңкциялайды, қағидалар ортақтық пен міндеттілікке, реттеушілік сипатқа ие бастамашылық идеялар болып табылады;
■олардың жиыңтығы жүйе болып табылады, себебі, олар құқық нормасыңың белгілі бір құқық жүйесінің шегіндегі өзге нормалармен арақатынасы жағдайындағы мәнін ашады;
■ мақсаттылыққа ие, себебі, құқық нормаларының динамикадағы, қозғалыстағы, белгілі бір мәселелерді шешудегі мәнін көрсетеді;
■ тұрақтылыққа ие, себебі, құқық қағидалары ұзақ уақыт бойы әрекет етеді және өзінің табиғаты бойынша құқық нормаларына қарағанда өзгеріссіз сипатқа ие.
Ұзақ уақыт бойы оқу әдебиеттеріңде еңбек құқығы саласының қағидалары өте қарапайым тұрғыда түсіндірілді. Оларды, ең алдымен, ҚР Еңбек туралы заңдар кодексінің 2-бабының мазмұңымен байлаңыстырды, бұл бапта қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын. Алайда, қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі - қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұңы бұған қарағаңда әлдеқайда кеңірек, себебі, олар өздерінің реттеушілік әсерімен еңбек құқығыңың барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын және олардың өкілдік оргаңдарын) қамтиды. Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, қағидалар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін жариялап қана қоймауы тиіс, сонымен қатар, олардың шын мәнінде жүзеге асырылуын да қаматамасыз етуі қажет.
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мәні мынада:
1) олар біріккен түрде еңбек құқығыңың барлық нормаларының басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасың^ің мәнін және оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;
2) еңбек заңнамасының одан әрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;
3) еңбек құқығыңың нормаларын қолдаңуға көмек береді, себебі, қаңдай да бір күмән туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;
4) жекелеген нормаларды еңбек құқығыңың жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;
5) еңбек құқығы субъетілеріңщ жағдайын, құқықтық мәртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерін және олардың кепілдіктерін көрсетеді.
Әрекет ету саласы бойынша барлық құқықтық қағидаларды үш түрге бөлуге болады:
■ барлық құқық салаларына, соның ішіңде, еңбек құқығына да тән жалпы құқықтық қағидалар (заңдылық, теңдік, демократизм қағидалары және т.б.);
■ құқық саласыңың нормаларының ерекшеліктерін, олардың бағыттылығын көрсететін салалық қағидалар;
■ тек белгілі бір құқық саласына тән сала ішіндегі қағидалар (мысалы, халықты жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарастыру қағидалары және т.б.).
Кейбір салалық қағидалар өзінің сипаты бойынша салааралық та, яғни, екі немесе одан да көп құқық салаларына тән қағида болуы мүмкін. Мысалы, еңбекті қорғауды, еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары тек еңбек құқығына ғана емес, сонымен қатар, жер, азаматтық, қылмыстық атқару құқықтарына да тән, себебі, аталған құқық салалары да еңбекті қолдаңуды (фермерлік қызмет, мердігерлік шарттары бойынша жұмыс жасау, жазаны өтеу мекемелеріндегі жұмыс және т.б.) реттейді.
Жалпы (салааралық) қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты рөлге ие. Олар Қазақстан Республикасыңың Конституциясында бекітілген және бұл жайт олардың жалпылық сипатын дәлелдейді. Мұңдай қағидалардың қатарынан мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы; азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық; қоғамдық көзқарасты ескеру және жариялық; ұлтаралық одақтастық қағидасы.
Заңдылық қағидасы мемлекеттік оргаңдардың, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостаңдықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу міңдетінен көрініс табады. ҚР Конституциясында заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігі, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, наңымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны көзделген. Алайда, әлеуметтік немесе құқықтық қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу кезіңдегі ерекшеліктер, таңдау мен шектеулер кемсіту деп саналмайды. Мысалы, әйел адамдарға, кәмелетке толмаған қызметкерлерге, мүгедектерге және қорғауды қажет ететін өзге де тұлғаларға қызметіне қатысты жеңілдіктер беру.
