- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.
1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды
