Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .

Қазақстанда сайлау жүйесi н i ң ек i түр i қолданылады : төте сайлау жəне жанама сайлау. Қазақстан Президентi, Мəжi лi с жəне Мəслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады . Президентт i конституциялнқ заңға сəйкес жалпыға бi рдей , тең жəне төте сайлау құқығы негi з i нде Республиканың кəмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жетi жыл мерз i мге сайлайды. Мəжi лi с депутаттарын сайлау жалпыға бi рдей , тең жəне төте сайлау құқығының негi з i нде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады . Мəжi лi с депутаттарының кезект i сайлауы Парламенттi ң, жұмыс i степ тұрған сайлану өк i летт i лi гi нi ң, мерз iмi аяқталғанға дейi нг i ек i айдан кеш i кт i р i лмей өткi з i ледi. Жергi лi кт i органдарды — мəслихаттарды жалпыға бi рдей , тек, төте сайлау құқығы негi з i нде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерз i мге халық сайлайды. Жиырма жасқа толған азамат мəслихат депутаты болып сайлана алады . Республика азаматы бip мəслихаттың ғана депутаты бола алады .

Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негi з i нде жасырын дауыс беру жолымен сайланады . Сайланған Сенат депутаттарының жартысы əрб i р ек i жыл

сайын қайта сайланып отырады .

48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .

Субъективтік құқық[1] – адамның не ұйымның заңға сәйкес ой-пікірін білдіру және іс-әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Субъективтік құқықтың бастапқы алғышарты құқық қабілеттілігі (құқық иелену қабілеті) болып табылады. Субъективтік құқық абстрактілік және нақты түрге, сондай-ақ абсолюттік және қатыстылық түрге де бөлінеді. Нақты субъективтік құқықтар құқық нормасына сәйкес құқықтық фактіден туындайды. Қатыстылық құқығы (шарттан, зиян келтіруден, т.б. құқықтық фактіден туындайтын құқық) белгілі бір тұлғалардан нақты бір әрекетті жүзеге асыруды талап етуге заңды мүмкіндік береді. Абсолюттік нақты құқық өз әрекетін іске асыру еркіндігі мен ол әрекетке ешкімнің бөгет болмауын талап етушілікті білдіреді. Абстрактілі субъективтік құқыққа адам мен азаматтың табиғи және ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары жатады. Бұлар құқық субъектілігінің мазмұнын ашады және тұлғаның халықарық құқық пен конституция кепілдік беретін жалпы құқықтық мәртебесін құрайды. Мұндай құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі. Мәселен, нақты бір мүлікке меншіктену өкілеттігін иеленуіне-иеленбеуіне қарамастан адамда меншіктенуге деген абстрактілі құқығы болады; сотпен қорғануға деген абстрактілі субъективтік құқық бұзушылық кезінде пайда болмайды, ол абстрактілі мүмкіндік ретінде бұрыннан бар. Адамның абсолюттік құқықтары (өмір сүру, адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық, бостандығы мен жеке бастың қорғалуы, меншік, сайлау және сайлану құқығы) қоғамда өз орнын табуға бағытталған ұмтылысы. Абсолюттік құқық индивидтің заң шегіндегі еркін әлеуметтік белсенділік аясын білдіреді және оған өзге адамның да, мемлекеттің де араласуға құқығы жоқ

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді

49. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мəртебесі. Конституциялық Кеңес. Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика Президентімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.

Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;

  • Парламент депуттарының сайлауы;

  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

Конституциялық Кеңес: Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады