- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған əрекеттері мəмілелер деп танылады.
Мəмілелер біржақты жəне екі немесе көпжақты ( шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сəйкес жасалуы үшін бір тараптың
ерік білдіруі қажет жəне жеткілікті болатын мəміле біржақгы деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың ( екіжақты мөміле ) не үш немесе одан да көп тараптың ( көпжақты мəміле ) келісілген ерік білдіруі қажет . Азаматтық құқықтық мəмілелер ауызша , жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын ( егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара келіспесе), жетон, билет немесе əдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мəмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мəмілелер
адамның мінез- құлқынан, оның мəміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады . Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың
келісімінде көзделген реттерде мəміле жасауға ерік білдіру деп танылады. Жазбаша нысан жəй жəне нотариалдық болып екіге бөлінеді . Мынадай
мəмілелер: кəсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; мəмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен
жоғары сомаға ; заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасауы тиіс . Мəміленің жай жазбаша түрін сақтамау , оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды , бірақ дау туған жағдайда тараптарды мəміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куəгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады . Өкілдік жəне сенімхат Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа , заңдарға , сот шешіміне, не əкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасалған мəмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді жəне тоқтатады. Өкілеттік өкілдің ( бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир жəне т . б .) əрекет жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкілдi кт i ң түрлері: əрекет қабілеттілігі жоқ адамдар үшін
өкілдік; өкілеттілігі жоқ өкілдік; коммерциялық өкілдік. Сенімхат - бір адамның ( сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға ( сенім алушыға ) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады
46. Қылмысқа қатысу .
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Қылмысқа қатысушылардың түрлеріҚылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.
Қылмысқа қатысушылардың жауапкершіліктеріҚылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады.
