- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатады.[1]
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы(1991- )
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы қаулысымен[1] Қазақ КСР аумағында жұмыс істейтін прокуратура органдарының базасында Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынысты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды.
КСР прокуратура органдарының біртұтас жүйесін республика прокуратурасы (орталық аппарат), облыстар, Алматы қаласының,Алматы, Целинная және Батыс-Қазақстан көліктік прокуратуралары(облыстық құқығындағы), қалалар мен аудандар, көліктік, табиғат қорғау,су және өзге мамандандырылған прокуратуралары (аудан құқығындағы) және олардың мүлкі республика меншігі болып табылды. 1992 ж. 17 қаңтарда,[2] "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" ҚР Заңы3[3] қабылданды. ҚР Президентінің 2003 ж. 28 наурыздағы Жарлығымен[4] ҚР Баспрокуратурасы жанынан Қүқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері құрылды.
44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
Қоғамдық өмірде бір-бірімен тығыз байланысқан екі категория бар. Олар құқықтық тәртіп пен демократия. Құқықтық тәртіп пен демократия заң ғылымында ежелден зерттелініп келе жатқан екі категория. Бірақ, бұл категориялар қаншалықты көп зертелгенімен, өздерінің өзектілігін жоғалтпаған және әр уақытта олар қоғамға өте қажет болып табылады. Себебі оларсыз қоғамда тәртіпсіздік, заңсыздық, бет бетімен кеткендік орнар еді. Яғни, қоғам дамуының әр кезінде бұлар өте қажеттілігі зор құқықтық құбылыстар болып табылады.
Құқықтық тәртіп пен демократияның өздерінің ерекше белгілері, қасиеттері, әртүрлі құрылымдары, функциялары және қағидалары бар. Бірақ соған қарамастан олар бір-бірімен тығыз, өзара қарым-қатынастықта болады.
Демократия, ежелгі грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағынаны білдіреді [1, 161 б.]. Бұл демократияны түсінудің әлемдегі ең кең тараған түрі.
Бұл билік халықты биліктің қайнар көзі деп тануға және теңдік пен бостандыққа негізделеді және мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалық қағидаттарын басшылыққа алуға сүйенеді [2, 75 б.].
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша демократия, билік пен басқару нысаны ретінде қазіргі қоғам өмірінің жағдайына жауап беретін мемлекеттіліктің жалғыз нысаны [3, 504 б.] дейді.
1921 жылы ағылшын Дж. Брайспен «Современные демократии» [4] атты жарияланған демократияның теориялық негіздеріне арналған фундаментальды еңбектердің алғашқысында, оның қоғамда тамырлануының тек қана оң емес, сонымен бірге теріс те жақтарын көрсетті.
Бұдан басқа да, автор осы еңбекте әлемдік өлшемде демократияның болашақтағы перспективалары туралы ой айтады. Д. Брайс демократия әлемге тарала жалпы құндылық болады дей келе, демократия еуропалық мәдениеттің заты болғандықтан, демократиялық тәртіп басқа мәдениеттерге, әсіресе шығыстық мәдениетке терең тамыр жіберуі мүмкін деп ойламаған еді. Ғасырдың басында айтылған осы екі ұсыныстар өзінің мәнділігін әлі күнге дейін жойған жоқ [5, 251 б.].
Заң әдебиеттерінде демократия мемлекет нысаны ретінде, яғни «азаматтар мен олардың бірлестіктерінің басқару шешімдерінің мазмұнына ықпал ету, осы шешімдердегі заңдылықты әлеуметтік мүдделердің іске асуына жетуін ашатын ұйым болып табылады»
