
- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
заң шығарушы;
атқарушы;
сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
авторитарлық;
тоталитарлық;
демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
жария-саяси сипатта жүруі,
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы
38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.
Саяси режимнің белгілеріне тоқталып кетсек:
- саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтарының арақатынасы;
- жеке адамның бостандығының кепілділігі;
- қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шын сипаты;
- халықпен саяси билікті тікелей іске асыру деңгейі;
- ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі және мемлекеттік аппараттың ашықтығы;
- мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны және ролі;
- Заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.