Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.

Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласында анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды. Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір

35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген. 39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған. Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған. Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды. Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады. Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек. Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

36. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы . Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын қарастыратын нормалар ҚК-тiң 6-бөлiмiнде

жинақталған. Жаза мен тəрбиенiң дұрыс сəйкестiгiн қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мемлекет жасы кəмелетке толмағандардың жеке басының ерекшелiктерiн, жасөспiрiм өмiрiнiң əлеуметтiк-психологиялық аспектiлерiн ескерiп, оларға қатысты қылмыстық жазаның жазалау күшiн бiршама шектеудi қарастырады. Осыған сəйкес қылмыстық заңда кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның бiрқатар түрлерiн орындау мен қолдануда шектеулер көрсетiлген.

Қылмыстық заң кəмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдарды айтады. Ал қылмыстық жауаптылық жалпы негiзде он алты жастан, кейбiр қылмыстар тобы үшiн он төрт жастан басталады. Бұл орайда, адамның белгiлi жасқа толуы ол туған күнi емес, келесi тəулiктен басталады.

ҚК-ң 6 - бөлiмiндегi кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын реттейтiн нормаларға талдау жасай отырып, кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшелiктерiн мына бағыттағы жағдайлармен түсiндiруге болады:

1) Кəмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың жүйесi бойынша,

2) Оларға жаза тағайындаудағы ерекшелiктер бойынша;

3) Кəмелетке толмағандарды жауаптылық пен жазадан босату кезiндегi ерекшелiктерi;

4) Ескiру мерзiмi, соттылықты өтеу кезiндегi ерекшелiктер;

5) Тəрбиелiк сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану мүмкiндiгi бойынша.Қылмыстық заңда қарастырылған жаза түрлерi жазаның белгiлi бiр жүйесiн құрайды. Жаза жүйесi деп қатаңдық дəрежесi бойынша белгiлi бiр тəртiппен орналасқан жəне сот үшiн мiндеттi болып табылатын қылмыстық заңмен бекiтiлген жазалардың түпкiлiктi тiзiмiн түсiну қажет. ҚК-ң 79-бабында кəмелетке толмағандарға қолданылатын жазалар жүйесi көрсетiлген. Бұл жүйенiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. ҚК-ң 39-бабында қарастырылған он екi жазаның iшiнде кəмелетке толмағандарға мына жетi жаза түрлерi ғанатағайындалады: айыппұл, белгiлi бiр қызметпен айналасу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру. Кəмелетке толмағандарға қолданылатын жоғарыда аталған жаза түрлерiнiң мөлшерi мен шектерi ересекқылмыскерлерге қарағанда едəуiр төмендетiлген. Айыппұл кəмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерденемесе кəмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады. Көрiп отырғанымыз дай, ересектерге қарағанда кəмелеткетолмағандар үшiн айыппұл дың мөлшерi төмендетiлiп белгiленген, бiрақ солай бола тұрса да ҚК-ң 40-бабының 2-бөлiгiнiң ережесi сақталады, яғни айыппұл дың мөлшерiн жасалған қылмыстың ауырлықдəрежесi мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот белгiлейдi. Кəмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Жазаның бұл түрi кəмелетке толмаған адам заңды негiздеқызметтiң қандайда бiр түрiмен айналыса жүрiп қылмыс жасаған реттерде ғана тағайындалады.