Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.

Қылмыстың жауапкершілік туралы түсінікҚылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзуының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.Қылмыстық жауапкершілікAдамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

  • жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті,

  • соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;

  • кінәлі адамға қылмыстық - құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;

  • жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.

Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.

Қылмыстық жауапкершілік негіздері

Қылмыс жасау қылмыстық жауапкершіліктің негізі, яғни қылмыстық заңда қарастырылған, қылмыстық жауапкершілікке тартуға қажетті және жеткілікті объективті және субъективті белгілері бар әрекет. Қылмыстық жауапкершілік заңда қылмыс ретінде белгіленген әрекет немесе әрекетсіздік үшін туындайды

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.

Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

- меншік құқығын беру;

- еншік құқығын басқаға беру;

- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1. мемлекеттік органдардың актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген өзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.