Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.

Әділет органдары. ҚР – ның әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың , ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтары мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін ҚР – ның 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы » заңы реттейді.

Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне:

  • заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу;

  • заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жаслатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

  • құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдавтыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

  • сот сарптамасы қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету және басқалар жатады.

Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынысты ұйымдардан құралады.

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.

Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

әрекет немесе әрекетсіздік;

кінә;

құқыққа қайшылығы;

зиянды нәтиже;

әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

заңды жауапкершілік.

Құқықбұзушылықтың құрамы:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді. 

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

26. Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:

  • ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;

  • мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;

  • әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;

  • Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;

  • ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;

  • мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;

  • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

  • баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;

  • мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;

  • мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;

  • еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;

  • мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;

  • аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;

  • ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;

  • табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;

  • құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;

  • келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;

  • ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;

  • сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;

  • сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;

  • халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;

  • Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]