- •1. Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі жəне түрлері.
- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •3. Қазақстан Республикасының кеден органдары .
- •4. Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері.
- •5. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •6. Мəмілелер ұғымы, түрлері.
- •7. Жер құқығының субектілері мен объектілері.
- •8. Əкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, құрамы.
- •9. Қылмытық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері.
- •11. Бюджеттік құқық негіздері.
- •12. Міндеттеме ұғымы жəне тараптары.
- •14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары.
- •15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары.
- •16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.
- •19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері жəне түрлері.
- •20.Сот төрелігі жəне оның қағидалары.
- •21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
- •24. Қазақстан Республикасының əділет органдары.
- •25. Құқық бұзушылықтың ұғымы жəне құрамы.
- •27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.
- •28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •31.Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
- •32. Азаматтық- құқықтық жауаптылық.
- •33. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
- •34. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – құқық саласы ретінде.
- •35. Қазақстан Республикасын азаматтарының конституциялық міндеттері.
- •37. Мемлекеттік билік жүйесі , оның түрлері.
- •38. Мемлекет нысаны ( басқару нысаны, мемлекеттік құрылым , саяси режим ).
- •39. Қазақстан Республикасындағы сот билігі .
- •40. Азаматтық: ұғымы , алу жəне айырылу тəртібі .
- •41.Қазақстан Республикасы қоғамдық құрылысының конституциялық негіздері .
- •43.Қазақстан Республикасының прокуратурасы.
- •44. Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі.
- •45. Мəміле нысаны. Мəміленің жарамдылығының , жарамсыздығының негіздері .
- •46. Қылмысқа қатысу .
- •47. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі , ұғымы , сайлау органдары .
- •48. Субъективті құқық жəне заңды міндет .
- •50. Қазақстан Республикасының Парламенті .
- •51. Мемлекеттік басқару: ұғымы , қағидаттары, басқару органдары .
- •52. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары , еңбек құқығының қайнар көздері.
- •54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет .
- •55. Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •56. Заңдылық түсінігі жəне оның негізгі белгілері мен кепілдігі . Құқықтық тəртіп .
- •57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері , заңды жауапкершіліктен босатудың
- •58. Жұмыс уақыты жəне демалыс уақыты. Еңбекті қорғау .
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі .
- •60. Құқықтық қатынастардың құрамы.
- •62. Қазақстан Республикасының Президенті.
- •63. Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.
- •64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.
- •65. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару.
- •66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары.
- •67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
- •68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •69. Қажетті қорғану жəне аса қажеттілік.
- •71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.
- •72. Меншік құқығы.
- •73. Қаржы полициясы жəне оның атқару қызметі.
- •74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы.
- •75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.
- •76. Құқықтық қатынастардың ұғымы жəне ерекшеліктері.
- •77.Азаматтық құқықтың түсінігі, пəні жəне реттеу əдістері.
- •78 Алименттік қатынастар және оның түрлері
- •79. Еңбек дауларын қарау жəне шешу жолдары .
21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады
22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жəне объектілері. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады. Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар
Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар және де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлгалардың, тауарларга (жұмысқа қызметке) сұранымды канагаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуга багытталган, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері:
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.
23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері. Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы « Қазақстан Республикасының ішкі істер оргагдары туралы » заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:
жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;
қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмысқа қарсы күресу ;
өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау ;
жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жұрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және т.с.с
Қазақстанның ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі – Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы, ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады.
Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.
