Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айто_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
262.73 Кб
Скачать

16. Қазақстан Республикасының Конституциясына жалпы сипаттама.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.

Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады: “Бiз, ортақ тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, - делiнген. Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi.

ҚР конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады.

1 бөлімі, Жалпы ережелер

2 бөлімі, Адам және азамат

3 бөлімі, Президент

4 бөлімі, Парламент

5 бөлімі, Үкімет

6 бөлімі, Конституциялық кеңес

7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі

8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

ҚРның Конституциясына екі рет өзгеріс енгізілді :1) 1998 жыл 7- қазанда.2)2007 жыл 7 мамырда

17. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатудың негіздері Қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмыстық заңдарға жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сəйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес

жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.

Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:

– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы);

– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы);

– жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы);

– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы);

– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы);

– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы);

Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi жəне факультативтiк болып бөлiнедi.

Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу танылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яғни

заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарын негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату

туралы шешiмге келедi. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын əрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады__

Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мəнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық

қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға əсер етуден тұрады. Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға соттың үкiмi

шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсатта ры орындалды жəне сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.

- қылмыстық жауаптылықтан əдетте ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс

жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр жəне аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да мүмкiн;

– қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн сот қана емес,

сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы да жүзеге асырады. Ал жазадан босату айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн жəне осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:

  • жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде босату (70-бап);

  • жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап);

  • жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап);

  • ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);

  • төтенше мән – жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап);

  • айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап);

  • рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап);

  • Соттылық (77-бап).

18. Қаржылық бақылау.Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйежәне ол тқмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:

  • Бақылау субъектісі

  • Бақылау объектісі

  • Бақылау заты (тақырыбы)

  • Бақылаудың мақсаты

  • Бақылауды іске асырудың әдістері.

Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан тікелей тексеруші Қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексеруліші объектісі болады. Мемлекеттік Қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:

  • Мемлекеттік органдар

  • Мемлекеттік заңды тұлғалар

  • Мемлекеттік емес заңды тұлғалар

  • Азаматтар жатады

Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс қимылы (әрекет не әрекетсіздік)аржылық бақылаудың мақсаты : біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау. екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту. Үшіншіден, қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарын жою.