Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
44.53 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Банктер жүйесі. Монолог.

  2. Етістіктерді етістіктердің шартты рай формасына қойыңыз. Мен үйге хат жаз.., інім де жауап жазар. Біз теледидарды күнде көр..., көп уақытымызды босқа кетіреміз. Сен мына үйде тұр..., мен келесі көшеде тұрамын. Асан үйге сүт әкел... , Айдар нан әкеледі.

  3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз. Нобель сыйлығы

Нобель сыйлығы экономика ғылым, білім, мәдениет, әдебиет салаларына үлкен үлес қосқандарға беріледі.Ал, осы Нобель сыйлығы қалай пайда болған? Нобель деген кім? Альфрад Бернхард Нобель деген – швед кәсіпкері. ХІХ ғасырда өмір сүрген. Ол тоғыз жасында әкесімен бірге Петербургке көшіп келеді. Аз уақыттың ішінде орыс тілін үйреніп алады. Он тоғыз жасында химия саласын жақсы меңгерген. Менделеев, Зинин сияқты химик ғалымдармен бірге жұмыс істейді.

Нобельдің әкесінің шағын шеберханасы мен химимялықлабораториясы болағн. Шеберхана мен лаборатория кейін үлкен өндіріс орнына айналады. Осы кәсіпорынның мұрагері болған кәсіпкер Альфрад Бернхард Нобель 1896 жылы 10 желтоқсанда Сан-Рейода қайтыс болады. Нобель өзінің мұрагері болмағандықтан, артында қалатын 10 млн долларды түрлі ғылым саласына үлес қосқандарға бөліп беруді өсиет етті. Қайтыс боларының алдында ол өз атынан сыйлық тағайындады.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедрамеңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 18

  1. Кадрлар бөлімінде. Сұхбат.

  2. Тиісті жіктеу есімдіктерін қойыңыз: 1. ....... С.Аманжолов атындағы университетте оқимын. 2. ...... Өскемен қаласында тұрасың. 3. ... аялдамада түсесіз? 4. ... қай мамандықта оқисыз? 5... мамандықтарың қалай аталады?

  3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз. Біржан сал

Біржанның өз әкесі Тұрлыбай момын шаруа болды. Ал атасы Қожағұл ақылды, шешен, ел бастаған, көреген, өнерге жақын жан еді. Қожағұлдың үйінде ақын, жырау, әнші- күйшілер жиі бас қосатын. Бұл бала Біржанның ой-өрісіне зор әсер етті. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырларын жатқа білді.

Ол Болатнай, Қызылжар медреселерінде оқыды.

Біржан Салғара, Сегіз сері, Нияз сері сынды ірі ақын-әншілерді ұстаз тұтуымен қатар, олардың дәстүрін дамытып, қазақтың классикалық ән үлгісін жасады. Оның «Ләйлім», «Жалғыз арша», «Ақ тентек», «Мақпал» әндері – адамның жан-жүрегін баурап алатын, қайталанбас туындылар. Ш.Уалиханов Біржан әндерін жоғары бағалаған. Біржан өте көрікті болды. Соған лайық киімді де сәнді киді. Халық Біржанның ақындық, әншілік өнеріне, ізеті мен мәдениетіне, үлгі-өнегесіне қызығып, оны «сал» деп атады.

Біржан айтыс ақыны да болды. Оның ақын Сарамен айтысы - айтыс өнерінің шыңы. Біржанның ақындық мәдениеті осы айтыста айқын көрінеді.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 19