Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
44.53 Кб
Скачать

3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Түркістан

Түркістан, Иасы-Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған тарихи қала.

Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 1819-1864 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскерлері жаулап алды. 1903 жылы Түркістанда темір жол вокзалы салынды.

Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Түркістанда орта білім беретін мектептерден басқа арнаулы білім беретін оқу орындары бар. 1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды. Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтті.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилқубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2021-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 6

  1. Танысу. Сұхбат.

2. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлем құрастырыңыз. Оқу, айту, ішу, көру.

3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Бүркіт

Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын құс патшасы қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті. Ол да тәңірі сияқты, бір жағынан, көрегенділік пен қырағылықтың белгісі болса, екінші жағынан, жер бетіндегі тірі жәндіктерге опат әкелетін жыртқыш, сондықтан да ескі металл теңгелер мен мөрлерде құдіреті күшті дала қыранының бейнесі бедерленген.

Қанатты қыран кең дала биігінде жеке- дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт бейнесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, маңғаздық, қырағылық тән.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой- ниетінің биіктігін білдіреді.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилқубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 7

  1. Менің күн тәртібім. Монолог.

  2. Берілген сын есімдерден асырмалы шырай жасап, сөйлем құрастырыңыз. Ұзын, қымбат, таза, қышқыл.