Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
44.53 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі с.Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақ тілі пәні бойынша

БАРЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

күндізгі бөлім

Құрастырған оқытушы:

Зайсанбаева Г.Н.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ хаттама « » 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

\

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгә бөлім

БИЛЕТ № 1

  1. Отбасы – шағын мемлекет. Монолог.

  2. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз: Мұғалім бізге сабақта қазақтың салт- дәстүрі туралы айтады. Студенттер сенбі күні сенбілікке шығады. Астана аз уақыт ішінде алыс-жақын шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырған.

  3. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Киіз үй

Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.

Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үй апарып жүр.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012 - 2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 2

  1. Әдептілік бастауы - амандық. Монолог.

  2. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жалғаңыз: Мен кинотеатр... отырмын. Ол кинотеатр... келе жатыр. Сендер кинотеатр... бара жатырсыңдар. Біз кеңсе... (канцелярия) тұрмыз.

3.Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Ана тілі

Дүние жүзінде 6000-ға тарта тіл бар, бірақ әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Орыс халқының ана тілі – орыс тілі, қытай халқының ана тілі –қытай тілі, неміс халқының ана тілі – неміс тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен анасынан үйренеді. Ер жеткен халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдан, радио мен теледидардан, кинотеатрлар мен театрлардан үйренеді. Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстаз болған тіл. Қазақ халқын ана тілінде дүние жүзінде әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты жырларын шығарған. Қазақ халқы - ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерде, қоғамдарда, мектептер мен институттарда оқып біледі.

Кафедра отырысында талқыланды:

№ ____ хаттама «____» ______________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі: А.Ш.Жилкубаева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті Қазақ тілі

Практикалық қазақ тілі кафедрасы 2012-2013 оқу жылы

Барлық мамандықтарға арналған күндізгі бөлім

БИЛЕТ № 3

  1. Менің оқу орным, тобым. . Монолог.

  2. Берілген есепттік сан есімдерден реттік сан есім жасап, сөйлем құрастырыңыз: жеті, тоғыз, он бес, екі мың он екі.

  3. Мәтіннің қысқаша мазмұндаңыз.