
- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”, - А. Маршалл (Принципы политэкономии . М:1984).
Рыноктың атқаратын қызметтері:
Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
20. Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері Ұдайы өндіріс дегеніміз-өндіріс процесінің қайталанып отыруы. Ұдайы өндірістің 2 түрі бар: 1) жай ұдайы өндіріс-өндіріс процесінің алғашқы кезеңде қайталануы. 2)Ұлғаймалы ұдайы өндіріс-өндірістің барлық ұлғайтылған көлемде қайталануы. Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыруды айтамыз. Өндірістік процесте қолданылатын факторды 4 негізгі түрге бөліп қарастырамыз:1. Шикізаттар мен материалдар; 2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары; 3) еңбек күші; 4) капиталды пайдалану.
21. нарық түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері. Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады: 1. Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа: -тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады. – қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет). – тұрғы үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады. 2. Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы: - жылжымайтын мүліктер рыногы; - еңбек құралдарының рыногы; - шикізаттар мен материалдар рыногы; - пайдалы қазбалар рыногы; 3. Қаржы рыногы. Оған: -капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок; - несие рыногы; - бағалы қағаздар рыногы; -валюта- ақша рыноктары жатады. 4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары). 5. Еңбек рыногы; 6. Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық). Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері:- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; - рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; - өндіріс факторларының мобилділігі жоғары; - рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; - ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері: 1. Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда. 2.Монопсония- белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопльдық пайда алады. 3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті. 4. Монополистік бәсеке- дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты: 1. Көтерме сауда нарығы; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. 2. Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.