- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.
Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.
15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
Өндіріс-бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатпен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі немесе бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің:адам еңбегі, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. !Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.
Оның өзі екіге бөлінеді:Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы.Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды:өндіріс заттарын сатып алу-өндіріс процессі-өндірілген товарларды өткізу.Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды.
16.Ренталық қатынас теориясы. Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.
- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Абсолюттік рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента.
Жерді иемдену (иелік ету) - жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын мойын-дау. Негізінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тэртіпке сай жерді пай-далану. Жерді пайдаланушының жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сэйкес емес.
Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.
Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:
Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %
Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер: -жер рентасының нақты сандық анықталуы;
-жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;
-жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;
-жер учаскелеріне бағаны анықтаудың эдістемесін негіздеу.
