- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
Мемлекеттің өте үлкен рөлі және оның эко-қ процестерді реттей алатын қабілеті эконимика мен саясаттың байланыстарынан, эко-қ саясаттың жасалуынан тәуелді болады. Яғни, мем-т қоғамдық жүйенің жемісі, биліктің барлығына ие болады, мем-к емес институтардың барлығының болуын (болмауын) болжап отырады. Сонд. Мем-тің жаратылып, қызмет етуі тарихи қажеттілік болумен бірге, бұл дамудың қоғамдық прогрессивтік ж.е. өте маңызды факторы болып табылады. Үкіметтің «көрінетін қолы» бәсекенің «көрінбейтін қолын» реттеп отвруга тиісті, бұл туралы А.Смит айтқан. Қазақстан экон-қ құрылымдарда реформалау жолының бастапқы кезенінде келеді. Оның нарықтық экономиканы құру және оны пайдалану туралы тәжірибесі жетімді емес, сонд. Дамыған елдердің мем-к реттеу тәжірибесін талдап, оны қолданудың меңызы өте зор болып табылады. Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп білудің арқасында, эко-қ дамудағы қателіктерді қайталамауға мүмкіндігіміз туады деп ойлаймын. «Ұлы дағдарыс» тәжәрибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеле болмаса, ең төменгі пайыз қойылымының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайда, олай болса сұраныс та ұлғаймайды, тоқырау процесі жалғасады. Оған қарсы бірден-бір қолданатын шара-мемлекеттің араласуы. Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу туралы 2 методологиялық бағыт қалыптасқан.
ҚР-дағы мемлекеттік реттеу әдістері негізінен құқықтық, әкімшілік, экон-қ, тікелей, жанама болып бөлінеді: құқықтық реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші-фирмалар ж.е. тұтынушылар үшін «экон-қ ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушіліердің еңбек қатынастарына б-сты өзара міндеттемелірін ж.е. т.б белгілейді; әкімшілік реттеуге – контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қ-да әкімшілік шаралардың әрекет ететін сферасы, қоршаған ортаны қорғаумен, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен шектеледі; тікелей мемлекеттік басқару – жекелеген салаларда, эко-мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін саларды мем-т тарапынан қолдауды талап етеді. Мысалы: әскери-қорғаныс, қорықтар, ұлттық маңызы бар объектілер, демалыс, емдеу-салықтыру орындары, су ресурстары, т.б жатады; мем-к бағдарламасымен мем-к тапсырыс арқ. Реттеу, бұл жағдайда мем-к органдар бюджет қаражатының бір бөдігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаларға бөледі, әскерт өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыс береді; баға арқ. Реттеу, нарықтық экон-а жағд/да мем-т бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Рыноктық эко-ға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркініне жіберідіп, оларды ешбір шектеумен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің тиімді тетіктерін ойластыруымыз қажет; сыртқы эко-қ реттеу – мем-ң сытрқы эко-қ қызметі оның ішікі шару-қ қызметін жалғастырады, яғги сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюта – несие қатынасын, ғылыми – техникалық жетістіктер мен жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын қадағалайды.
82. ҚР-дағы өндіріс факторлары нарығының дамуы.
Өндіріс факторлары рыногы: еңбек р-ы, капитал р-ы, жер р-ы, ақпарат р-ы. Еңбек р-ы – бұл бір-біріне тәуелсіз көптеген адамдардың білікті еңбек қызметтерінің ұсынуы. Оның негізі көрсеткіштері: эко-қ белсенді халық – ҚР статитика жөн. Агенттігінің мәліметі б.ша 2006 ж. Мамыр айына ол 7,4 млн адам болған; жұмыспен қамтылған халық пайыздық көрсеткішпен 64 пайыз болды; жалдамалы жұмысшылар 4,7 млн адам; өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 35,6 пайыз болды; жұмыссыз халық саны (табысты жұмысы болмаған оны үздіксіз іздеген ж.е. оған кіруге әзір 15 жастағы ж.е одан жоғары адамдар) 617,3 мың адам; жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелінген азамат-ң саны 2006 ж. Мамыр айында – 108,7 мың адам; эко-қ белсенді халық-ң ішінде тіркелінген жұмыссыздардың үлесі 1,4 пайыз болды. Жұмыссыздық деңгейі Р-ка бойынша 7,7 пайыз болды, ал жұмыс орындарына 2006 ж. Қаңтар-мамыр ішінде жұмысқа орналасқысы келгендердің ж.е орналасқандардың саны 78,2 мың адам болды, яғни 59,2 пайыз. Жалпы, әлемдік эко-ны ғаламдануы аясында Қаз-н өндіріс фак рыногы бірқатар мәселелерге тап болвп отыр. Негізгі мәселе-ге мына. Жатқызуға болады: өндіріс-ң біржақты, шикізаттық бағыты, әлемдік эко-ға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық ж.е аймақ аралық эко-қ ықпалдасудың босандығы, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтер деген тұтыну процесінің мардымсыздығы,кәсіпорындардың жалпы тех-қ ж\е технологиялық тұрғыдан артта қалуы.Осыған сәйкес ҚР индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-15ж.арналған стратегия ұсынылуы.Бұл бойынша негізгі міндет өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқыны 8-8,4пайыз мөлшерінде қамтамасыз ету,2000жылмен салыстырғанда 2015ж еңбек өнңмділігн 3есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2есе төмендету;кәсіпкерлік ахуалды,құрылымдарды қалыптастыру ж\е жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту;ғылымды көп қажет ететін ж\е жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру. Сапаның әлемдік страндарттарына көшу, стратегияны ойдағыдай іске асыру. Адам капиталын өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген эко-ның тұрақты өркендеуіне алып келеді. Сондықтан, стратегия эко-ка құрылымында спалы өзгерістер жасауға, Қ-ның әлеуметтік дамуымен қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек. Бүгінгі таңда Қ-да әлемдік қауымдастық рыноктық эко-лы мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өтуіміз керек. Ол ТМД елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялық ел ритингіне ие болды. Әлемдік банк Қ-ды әлемдегі инвестиция салуға ең тартымды 20 елдің қатарына қосты. Қысқаша қорытындылайтын болсам, ҚР стратегиясын іске асыру нәтижесінде 2015ж қарай еліміздің эко-сы сервистік технологиялық дамуға өтуге сақадай сай болуы қажет. Ол үшін біз секілді жастар да ат салысуы қажет деп ойлаймын.
83.ұлттық эк/ң бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары. Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады .Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау .Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегия-сы” атты Президенттің халыққа кезекті Жол-дауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұ-рынғы Жолдауында экономиканың, халық-тың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жол-дауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ-стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны-мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бә-секеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея .Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қысиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды
85.Қаз-дағы қаржы нарығының қызмет ету ерек-тері (эссе).
Қаз-ның қаржы нар-да шетелдік консалтиндік компаниялар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығына мамандаған компаниялар жұмыс істейді. 2007 жылығы санау бой-ша банктік саласында ғана 14 шетелдік банктер(мем-те барлығы 34 банк) жұмыс істейді. 2006 жылда шеттелдік капиталды шектеуін алып тастағаннан кейін жаңа ойыншылар пайда болды, алайда ерекше дүрлікпе болып тұрған жоқ. Сол жылы Алматыда қар.орталықты ашуы туралы қаулы шықты, осы орт-та тіркелген қатысушыларға жеңілдіктер:сауда алаңы жасалынады,құарлдар ұснылады,капитал.Оның мақсаты дамып келе жатқан қар.нар. жаңа шет.қатысушыларды жақындату. Борышты нарқта негізгі беталыстар: ішкі облегация мөлшері салыстырмалы түрде көбірек болды, бұл нарықтың қатысушылар жағынан сұранысты туғызды. Сыртқы көлемінде де біршама өсуі белгілі болды.Банктік нарықты дамуында бірнеше ерек-тер бар: 1)1990 жылы қабылданған қаржылық саласының даму концепциясы. Соған сәйкес банктің байланысын реттейтін түрлі акттер, рәсімдері, нұсқаулары халқаралық үлгілерге сәйкес реттелді.2)Қаз-ның экономикасының өсуі. Бұл өте маңызды, себебі клиенттер саны артып жатыр, айналымдар көбейіп жатыр, банктер өсті. Отраша алғанда ІЖӨ нің өсуі 9пайыз, бұл көрсеткіш жақсы.2003-4жылдары банктік жүйенің өсуі 47-50 пайыз болса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 68 пайызға жетті. 2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды. Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетін болады, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды. Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Қаржы секторын тұрақтандыру Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды. Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық кредиттеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда. Мемлекеттің мақсаты – жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банк жəне Қаржылық қадағалау агенттігі арасында 2007 жылғы 10 қарашада жасалған Қаржылық тұрақтылық мəселелері жөніндегі меморандумға сəйкес:
«қаржылық тұрақтылық экономикада кейіннен қаржы нарықтарындағы теріс түзетуге, жүйеде дағдарыстың туындауына жəне қаржы институттарының қаржы жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың нақты секторының іскерлік белсенділігін ұстап тұру қабілетсіздігіне əкеп соғуы мүмкін сəйкессіздіктің болмауы ретінде айқындалады.»
Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп шеңберінде қаржы тұрақтылығын айқындайтын мынадай аспектілерді бағалау жүзеге асырылады:
(1) қаржы ресурстары ақша сақтаушылар мен инвестициялаушылар арасында қаншалықты тиімді жəне уақтылы қайта бөлінуде;
(2) тəуекелдерді
барабар бағалау жəне тиімді басқару жүзеге асырыла ма;
(3) қаржылық күйзелістер айтарлықтай сілкіністерсіз қаржы жүйесінде сіңіп кетуі мүмкін бе.
