Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория МО-31.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
204.96 Кб
Скачать

54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.

Өндіріс факторларын маржиналистік теорияға сәйкес төртке бөліп қарастырылады:еңбек, жер, капитал,кәсіпкерлік қабілет. Әрбір өндіріс факторы табыс әкелуге қабілетті. Аталған өндірістік факторларға сәйкес табыстардың қалыптасу ерекшелігі:

1.еңбекақы. Бұл еңбектің бағасы н/е еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.

2. Рента. Жер иесінің жерін пайдаланғаны үшін алынатын табыс.

3. Процент. Капитал иесінің алатын капитал бағасы н/е өз иелігіндегі ресурсты иемдену құқығы үшін алынатын төлем.

4. Пайда. Кәсіпкердің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін алатын табысы.

Табысты иемдену субъектісіне тәуелді қарастыратын болсақ табыстың бірнеше түрі бар:тұрғындар табысы, кәсіпорын табысы, мемлекет табысы. Кәсіпорын табысын бірнеше жағдайда қарастыруға б/ды:

жалпы табыс- ақшалай формада барлық өнімді сатуда түсетін түсім.

Орташа табыс- сатылған өнім бірлігіне есептелген. Шекті табыс қосымша өнім санын сатудан түскен жалпы табыстық өсім.

55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталуы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір-біріне әсер етуі арқылы қалыптасады:

Жиынтық сұраныс-мемлекеттің кәсіпорындарының және тұтынушылардың әртүрлі қолайлы бағамен сатып алатын өнімнің көлемі. Әсер ететін негізгі факторлар: процент ставкасының әсері; байлық (жеке, мемлекеттік, ұлттық байлық); импорт тауарларының әсері(қаншалықты тауар импорталады);

Жиынтық ұсыныс-экономикада өндірілген түпкі өнімдер мен қызметтердің жалпы мөлшері. Әсер ететін негізгі факторлар: технологиялар; баға ресурстары; салық салудағы өзгерістер.

56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері

Экономикалық ауытқу- экономиканың тепе-теңдік жағдайдан ауытқуы, яғни сұраныстың азаюы мен көбеюі және өндіріс көлемінің өзгеріске ұшырауы. Бұның негізгі себептері: өндірісті шексіз дамыту; артық тауар өндірісі. Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклді қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Эконом.циклдің дамуыныңнегізгі себептері:автономды-инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсәреуә және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп-тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макро экономикада экономикалық циклдың интегралды теориясы жоқ. Сол себепті түрлі бағыттар мен мектеп экономистерінің циклдің болу себептеріне байл.әр-түрлі көзқарастары бар. Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап,қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады.

Экономикалық дамудың циклдік себептері:

1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;

2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі (разбалансированность);

3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;

4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).

Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.

Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредитор мен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.

Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъектив Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:

1. Тұрақты өсу;

2. Өсудің біркелкі еместігі;

3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).

Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

ті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалық конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі. Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді .

Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.

Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс; 2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс ;3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының жиынтық –цикл себептері.