
- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.
Мемлекеттік реттеу нысаны- экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілін, яғни реттеу құралдарының (нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ереже, шарттар) жиынтығын білдіреді.
Пайдаланылатын мемлекеттік реттеу нысандарын мынадай топтарға жіктеуге болады:
Заңды-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.
Қаржы-несиелік реттеу бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады.
Әкімшілдік реттеу әкімшілдік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілдік реттеу нысандарына бөлінеді. Бұл реттеу нысаны үкімет шешімдері, бұйрықтары, үкімдерімен байланысты. Әкімшілдік реттеудің негізгі құралдарына нормативтер, қатаң ережелер жүйесі болып табылады.
Тікелей мемлекеттік басқару- жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.
Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді.
Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады.
39. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы. Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды. Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар:
1.тұтынушылар талғамыныкң өзгеруі,
2.табыстың өзгеруі.тұрғындардың табысы жоғарылаған уақытта сапалы тауарларға сұраныс өседі ж/е сапасыз тауарларға сұраныс азаяды,
3.нарықтағы сатып алушылардың саны.сатып алушылардың саны көп болған жағдайда сұраныстың көлемі артады.бұл жағдай сатып алушылардың жас шамасына,ұлтына байланысты болады,
4.басқа тауарлар бағасының өзгеруі.егер ұқсас тауарлардың біреуінің бағасы өскен не төмендеген кезде екіншісіне деген сұраныс көбейеді.егер бірін бірін толықтыратын тауарлардың біреуінің бағасы жоғарылаған не төмендеген кезде екіншісіне сұраныс сәйкесінше өзгереді.
40.Несиенің мәні мен формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары. Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады. Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
41. Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлеріБәсеке дегеніміз, бір жағынан іс қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономиакалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдай ына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізрудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерпінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Артықшылықтары:қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануғамүмкіндіктің болуы; тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы; тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы; өндірушілерді көп түрлі қажеттіктерді қанағатттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарлатуға мақсаттандырылуы.Кемшіліктері: ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер,теңіз, мухит қоймалары) сақтауға көмектеспейді; қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады; ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді; фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қталалық шаруашиылықтың көп элементтерінің дамуына жағтдай жасамайды; еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді; әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ. Нарықтағы жағдайға байланысты бәсеке әр түрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте әрекет етеді. Өйткені еш бір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды. Жетілген бәсеке өзара ұқсас,көлемі шамалас көптеген тауарлар өндірушілердің арасындағы күрес. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай нарықтық құрылым жетілмеген болып табылады. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу нарығынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші нарығын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар: Жосықсыз бәсеке: бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату; тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау, бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану; қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау; бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану; құпия ғылыми техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету. Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық және бағалық емес түрлері қолданылады. Бәсекелік күрестің бағалық түрі: өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау түрін пайдаланады.Бәсекелік күрестің бағалық емес түрі екі топеқа бөлінеді: өнім бойынша бәсеке; сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы, АҚШта ұнның он мың сорты, консервіленген жүгерінің төрт мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.