
- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
Экономикалық цикл дегеніміз- бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп- тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:
-тауар артықшылығы
-бағалардың төмендеуі
-жұмыссыздықтың артуы
-өндіріс көлемінің кысқаруы
-пайыз мөлшерлемесінің өсуі
Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:
-өндіріс құлдырауының қысқаруы
-тауар қорының көбейюуі
-жаппай жұмыссыздық
-төмен жалақы
-ссудалық пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі
Жандану сатысына тән ерекшеліктер:
-құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі
-өндіріске инвестицияның келуі
-тауарлар бағасының өсуі
-жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы
-халықтың табысының біртіндеп өсуі
Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:
-өндірістің құлдырауға дейінгі мөлешрінен артуы
-тауарлар бағасының жоғарлауы
-жұмыссыздықтың қысқаруы
-жалақының көбейюі
-несиеге деген сұраныстың артуы
35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім.Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады.Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.
Натуралды шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. натуралық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түріне сәйкес шаруашылық өмірдің тұйықталуы жатады.Натуралды шар-қ жүргізуде өнім жеке адамның немесе көпшілік біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Бірақ, дара еңбек тұйықталған шар-қ шеңберінде, көбінесе, біріккен еңбектің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәніне негізделеді. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шар-қ жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына ебебін тигізеді.Натуралдық нысандағы еңбектің әр қилы түрлері және шар-қ жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі,қандай болмасын өндірістін табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа ие,өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін анағұрлым жетілген нысандарға орын беріп, құлдырауға түсті. Нат-қ шар-қтағы бөлу, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.Тарихи тұрғыдан шаруашылық жүргізудің келесі дами түскен нысаны ретінде тауарлы өндіріс пайда болды.Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып,өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келеді.
36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.
37.нарықтық баға,оның функциялары. Баға дегеніміз құнның ақшалай формасы.Бағаның қалыптасуына неоклассикалық теория бойынша бірнеше сипаттама беріледі.1.тауарға сұраныс пен рыноктағы ұсыныс әсерінен баға қалыптасады.2.сұраныс тауар тиімділігімен анықталады.3.тиімділік тауардың қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыруын білдіреді.4.тауарды ұсыну оны өндіруге кеткен шығынға байланысты болады.5.өндірс шығындары берілген тауарларды өндіруде жұмсалған ресурстардың шығынын анықтайды.Нарықтық тепе теңдік баға әрбір тауар бойынша артықшылық та,жетіспеушілік те болмайтын баға.Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі,нәтижеде тепе теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады. Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетсе -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
· Есептік өлшемдік;
· қайта үлестіру;
· Ынталандыру;
· Баланстық н/е теңестіру;
· өндірісті орналастыру.Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен жүргізілуі мүмкін.Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни онығ өндіріске әсер етуі ж/е әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.