
- •1.Экономика қағидалары және олардың атқаратын негізгі ерекшеліктері.
- •2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •3. Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •4. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •5. Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •7 .Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
- •11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12. Жалақының мәні және оның формалары.
- •14. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19 Нарық: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •28. Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29.Ақшаның пайда болуы,мәні және негізгі атқаратын қызметтері
- •30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
- •57.Макроэкономикалық тепе теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляция.
- •59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
- •62. Қр индустриялдық–инновациялық стратегиясын (2003-2015 ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері
- •63. Қр дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау
- •64. Қр экономикалық өсу факторлары
- •65. Қр Президентінің 6 наурыз 2009ж.Дағдарыс
- •68. Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары
- •72.Қр дағдарыс жағдайында экономикалық реттеуді күшейту шаралары
- •74.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •76.Қазақстан Республикадағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау
- •77.Шығындарды төмендету арқылы жоғарғы пайдаға қол жеткізу жолдары
- •78. Нарықтың элементтеріне талдау
- •81. Қазақстан Республикасында экоөте маңызды фактор болып табылады.Номиканы мемлекеттік реттеудің негізігі әдістері.
- •86.Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі (эссе).
- •87. Жиынтық сұраныстың ынталандырудағы инвестициялардың рөлі.
- •88. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру.
- •89. Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары.
- •90.Еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау жолдары(эссе)
32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
Инфляция термині латынша- inflatio- қазақша- ісіну , қампаю дегенді білдіреді.Түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.
Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Дүниежүзілік тәжірібиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономиканы қамтитын аумағына байланысты- жергілікті және әлемдік инфляция.
- жүру қарқынына байланысты- біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция.
- даму қарқынына байланысты- жылжымалы инфляция (ползучая), онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-тен аспайды; қарқынды инфляция (галопирующая)- онда бағаның өсуі орта есеппен 10 %-н 50%-ға дейін жетеді. Кейде бұл инфляцияның жоғарғы көлемін көптеген ғылыми әдебиеттер 100 % жеткізеді; ұшқыр иифляция (гиперинфляция)- онда бағаның өсуі жылына 100 %-тен асады; Халықаралық Валюта Қоры баға айына 50%-ға өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты «стагфляция» деп атайды.
инфляцияның тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байланысты инфляцияны ашық және басыңқы деп бөледі.
33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады.
Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеуі жоғары бағытталған.
P
Ұсыныс қисығы.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs = a + b * Р
Ұсыныс функциясының теңдеуі рыноктық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs) арасында тікелей байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде ұсыныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде ұсыныс көлемі өзгереді.
Тауардың бағасы өскен сайын, сол саланың тартымдылығы артады, сол салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға мүмкіншілік береді.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс қисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар: 1) тауар өндірісінің шығындар шамасы,яғни шығын жоғарылаған сайын ұсыныс көлемі төмен б/ды. 2) нарықтағы сатушылардың саны. Берілген тауарларды өндірушілер санының өсуі ұсыныс көлемінің өсуіне әкеледі. 3) басқа тауарлар бағасының өзгеруі.ұқсас бір тауар бағасының өзгеруі.екінші тауар ұсынысын бір уақытта өзгертеді.
4) Салықтар ж/е жәрдемақылар.салықтарды төмендету ж/е жеңілдіктерді қысқарту өндірістегі шығындарды азайтады ж/е ұсыныс жоғарылайды.