Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория МО-31.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
204.96 Кб
Скачать

30. Жұмыссыздық және оның түрлері.

Жұмыссыздық- еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеуші-лердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адам-ң саны.

Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.

Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады

Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.

31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.

Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелінеді.Олар қоғамның дамуымен бірге сақталынып қана қоймай,сонымен қатар өсе түсуде.Бұл шектеулі табиғи ресурстардың сарқылуына,жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі.Өз ретінде тауарлар мен қызметтердің сапалыө сипаттамасы өзгеріп,тұтыну тауарлары мен инвестицияларға деген қажеттілік өседі.Бірақ ресурстар шектеулі болғандықтан,қоғам таңдау жасауы қажет.Таңдау жасай отырып,қоғам біреуінен бас тартуы керек,күткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа баруға тура келеді.

Егер де экономикалық ресурстар тұрғын үйлерді салуға пайдаланылса,онда олардың ақшалай құнын жерге,материалдарға және жұмыс күшіне деген шығындар құрайды.Балама шығындар аурухана,мектеп,кітапхана,офистерді салуға жұмсалатын шығындар болады,олар сол экономикалық ресурстардың есебінен салынуы мүмкін.Қоғам барлық ресурстарын дерлік тұрғын үйлерді салуға жұмсауы мүмкін.Сонымен бірге түрғын үйлер мен ауруханаларға және басқа да ғимараттардың құрылысына жұмсалатын шығындар балама шығын емес,өзара бірін-бірі толыөтырушы болады.

Егер де көп түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қлданылатын әрбір фактор шектеулі болса,онда оларды қолданудың баламалық нұсөасын табу мен өндіріс факторларының ғылыми үйлесімділігін іздеу мәселесі орын алады.

Бұл мәселенің көрінуі экономиканың басты үш сұрағын аныөтаумен байланысты.1.Не өндіру керек?-Мүмкін болатын тауарлар мен қызметтердің қайсысы сол экономикалық жүйеде өндірілуі керек және қандай уақыт кезеңінде. 2.Қалай өндіру керек?-Мүмкін болатын нұсқалардан таңдап алынған тауарлар мен қызметтер өндірістік ресурстардың қандай комбинациясында қандай технологияны қолданып өндірілуі керек? 3.Кім үшін өндіру керек?-Таңдап алынған тауарлар мен қызметтерді кімдер сатып алады,кімдер пайдалана алады,ол қалай пайда болады?Осы тауарлар мен қызметтер өндірісінен түсетін қоғамның жиынтық табысы қалай анықталуы керек?