Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip.perevod wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

8. Қоғамдық-саяси мәтіндерді аударудың ерекшеліктері

Саясат өте нәзік ғылым. Сөз құдіреті арқылы бұқараның саяси сезімі мен көзқарасына әсер ету өте ерте заманнан келе жатқан үрдіс. Шешендік өнері Ежелгі Грецияда гүлдену дәуірін бастан кешіріп, тарихқа Демосфен,Ликург,Перикл тәрізді саясаткерлердің атын таныма летті. Көсемсөз сөз өнерінің барлық жақсы үлгілерін бойына сіңіріп, қоғамның барлық бөлігінің сана сезіміне терең әсер ету арқылы нандыра білуі қажет.Көсемсөз тек жалынды өткір ғана емес, кез келген адам түсіне алатындай қарапайым әрі жатық болуы тиіс. Саяси мәтіндерді аударуда асқан ыждағаттылық пен терең тілдік білім, саяси сауаттылық, көпшіліктің психологиялық ауанын жете түсінетін, соған әсер ете білетін, сөз өнерін жетік меңгерген аудармашы қажет.Осы әдістермен қатар аудармашы түпнұсқаның стилінен барынша сақтауға тиісті. Қоғамдық саяси мәтіндердің аудармасын жасау интерпретациялауға басқаша айтқанда, түсіндіру, талдау тұжырымдамасына негізделеді. Қоғамдық-саяси лексиканың ерекшелігі-мұнда халықаралық терминдердің, саяси термин сөздердің жиі кездесетіндігі және ол тек деректі,дерексіз зат есімдер ғана емес, осы салада ғана қолданылатын іс-әрекет атаулары яғни етістіктердің жиі қолданылуы. Мысалы,қадағалау,қамтамасыз ету,реттеу,ұйымдастыру,т.б. Сондай-ақ қысқарған сөздер мен тұрақты тіркестердің жиі қолданылуы да қоғамдық саяси мәтіндерге тән. Аударма жасалатын тілде түпнұсқадағы жағдаятты бере алатындай тілдік бірліктер жоқ болуы мүмкін. Онда сол жағдаятқа ұқсас сипаттама беретін басқа тілдік бірліктерді пайдалануға тура келеді. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда түпнұсқадағы ақпараты аударылатын тілдің бірліктерімен сипаттап түсіндіру арқылы аударма жасауға болады. Түпнұсқа тілде жағдаят қалай сипатталғанмен де оны басқа тілге аударудың қажеттілігі бар.Мұндай жағдайдан шығудың жолдары аударма теориясында В.Н.Комиссаровтың түсіндіруі бойынша аударма жасаудың бірнеше модельдері арқылы жүзеге асады. Бұл модель бойынша мәтін мазмұнын тәржімелеудің бес деңгейі бар.Олар: қатысымдық деңгей, жағдаятты сипаттау арқылы аудару деңгейі, хабарлама немесе ақпараттық деңгей, пікір білдіру және тілдік бірліктер деңгейі бар. Аударма жасау барысында тәржімеші мәтінді талдау барысында осы бес деңгейден де өтеді.

9. Еркін және тұрақты тіркестерді аудару. Компрессия әдісі.

Сөз тіркестері бөлінеді:еркін және тұрақты. Аударма дегеніміз – бір тілдегі мәтіннің мағынасын екінші бір тілдің құралдарымен қайта беру, сол мәтіннің басқа тілдегі баламасын жасау. Бұл үдеріс трансформация (ауыстыру ) деп аталады. Аудармада трансформацияның 3 түрі бар:

  1. Лексикалық трансформация – сөздерді ауыстыру, қосу, жалпылау, алып тастау.

  2. Грамматикалық трансформация – сөйлемдегі орын ауыстырулар, сөз түсіру, сөз қосу, өзгертулер енгізу (жұрнақ жалғау)

  3. Стильдік трансформация – синонимдерді қолдану, сипаттамаларды қолдану.

Компрессия әдісі. Бұл әдіс мәнісі – ықшамдау, оңтайландыру, жеңілдету, құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге аудару, сығу, нығыздау, қысу.

Фразеологизмдерді аудару

Тарихи қалыптасып, құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестерді тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизм табиғаты – жабық микроконтекст, онда тек қана тіркестер мен олардың мағыналары арасындағы нақты байланыс қана емес, сонымен бірге микроконтексттен логикалық түрде шықпайтын ассоциациялық-семантикалық байланыстар да болады.

Фразеологиялық бірліктердің зор мүмкіндіктері мен оларды аударудағы қиындықтың куәсі көптеген жазушылар, журналисттер және де басқа да тілдің шығармашыл тұлғалары тұрақты сөз тіркестерін қолданып қана қоймай, оларды шығармашылықпен қайта құрып, өзгертуінде. Мәселен: Soames doggedly let the spring come – no easy task for one conscious that time was flying, his birds in the bush no nearer the hand, no issue from the web anywhere visible мысалында автор ағылшынның “a bird in the hand is worth two in the bush” мақалын өзгерген күйде қолданып, кейіпкердің бейнесіне қосымша адамгершілік қасиеттерін сомдап, түсінігі мол, табысы аз, ойға сыймайтындай ешбір ұпай бермейтін істерге бейім етіп, сол арқылы оқырманның аяушылығын туғызып, күнәсіз іскер адамның барлық адам секілді екендігін сезіндіреді. Бұл фразаны сөзбе сөз аудару мүмкін емес, өйткені «бұтадағы құстар қолға түспейді» деген сөйлем «қолдағы бір құс бұтадағы екеуінен артық» сөйлемі секілді оның қазақ тіліндегі мағыналық бірлігі бола алмайды.

Шын мәнінде, әрбір тілде фразеологизмдердің бірнеше деңгейі бар:

  • сөздікте бар және баршаға белгілі;

  • сөздікте бар, бірақ қолданыс аясынан шыққан;

  • баршаға белгілі, бірақ белгісіз бір себептен сөздікке енбеген;

  • белгілі бір қоғамдық топқа ғана белгілі фразеологизмдер.

Фразеологизмдерді мәтін ішінен табудағы екінші басты шарт – сөздің атқаратын қызметтерін талдай алу. Мәселен, тура және ауыспалы мағыналар арасындағы қайшылықты мәтін авторы белгілі бір бейнелік, эстетикалық, эмоционалды – бағалау және т.б. ассоциацияларды немесе әзіл – қалжыңдық әсер тудыру үшін қолданады. Сонымен бірге, фразеологизмдер белгілі бір қоғамның әлеуметтік – мәдени қабаттарында мықты бекінген және мәтінде осы қабаттардың бар екендігінің де белгісі ретінде қызмет етеді. Осы ретте, фразеологизмдердің белгілі бір стилистикалық реңі болады: олар жоғары, бейтарап немесе төмен стильдер, кәсіби және басқа да жаргонизмдер болуы мүмкін.

Фразеологизмді табу мәселесінен басқа, аудармашы екі түрлі тілдердегі мағынасы ұқсас фразеологизмдердің арасындағы ұлттық – мәдени ерекшеліктермен кезігеді. Мағынасы сәйкес келген фразеологизмдер әртүрлі стилистикалық реңге, түрлі бейнелік негізге, тіпті түрлі эмоционалдық қызметке ие болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бастапқы мәтінде, мысалы көркем немесе публицистикалық бейнені сомдау үшін фразеологизмдерді қолдану ұлттық – мәдени ерекшеліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне сай құрылады. Бұл жердегі мәселені шешуде сөздіктік баламаның болғаны да көмектеспейді. Мәселен, “when Queen Anne was alive” (сөзбе сөз: Анна ханша тірі болған кезде) сөз тіркесі қазақ тіліне ұқсас баламамен аударылса да, басқа сөздік – бейнелік құраммен аударылады: «атам заманда». Бірақ, ағылшын сөз тіркесі бастапқы мәтінде қолданылуы мүмкін шынайы тарихи бейне негізінде құрылады:

Аудармадағы келесі қиындық – көне мәдениеттен бастау алған және әртүрлі мәдениеттерде түрлі сипат пен эмоционалдық рең, тіпті түрі өзгерген фразеологизмдерді табумен байланысты. Мысалы, ағылшынның “Rome was not built in a day” мақалы орыс тілі нақышымен қазақ тіліне «Мәскеу бір күнде қаланбады» деп қолданысқа енді. Алайда, оны балама ретінде қолдану әркез мүмкін емес.

Jones was very eloquent to persuade his master, telling him that Rome was not built in a day.

Бұл жерде ең қолайлысы – сөзбе сөз аударманы қолдану.

Джонс өзінің қожасына Римнің бір күнде қаланбағандығын айтып, сендіремін деп тілмәр болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]