
- •1. Аударма ғылымы және оның зерттелуі
- •2. Аударманың түрлері мен тәсілдері
- •3. Аударма мәтіндерінің мазмұнына қарай түрлері
- •4. Аударманың орындалуына қарай түрлері: ауызша аударма.
- •5. Қазақ және орыс тілдеріндегі модальдық мағыналар
- •6. Жазбаша аударма
- •8. Қоғамдық-саяси мәтіндерді аударудың ерекшеліктері
- •9. Еркін және тұрақты тіркестерді аудару. Компрессия әдісі.
- •10. Ресми құжаттармен заң тілін аудару
- •11. Көркем аударманың ерекшелігі
- •12. Реалияларды аударуда қолданылатын әдістер
- •14. Публицистикалық аудару
- •1. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
- •4. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
6. Жазбаша аударма
Әрбір аудармашы аударманың ауызша және жазбаша түрлерімен жұмыс жасай білуі керек. Ол үшін аудармашы осы 2 аударма түрлерінің негізін және айырмашылығын білуі қажет. Ауызша аударманың ең басты талабы шапшаңдылық және дәлдік.
Бір тілден екінші тілге аударылатын жазбаша мәтіндер алуан түрлі болса да, оларды аудару бір жүйені, яғни мынадай бірізділікті сақтауды талап етеді: - алдымен аудармашы түпнұсқа мәтінмен танысады; - одан соң мәтіннің типін, жанрлық және стилистикалық сипатын, тақырыбы мен білім саласын анықтап алғаннан кейін ғана аудармаға кіріседі. Қажетінше аудармашы фондық білім беретін қосымша ақпараттарды – сөздіктерді, анықтамалықтарды қолданады, мамандармен кеңеседі. Аударманы аяқтағаннан кейін аудармашы өз мәтінін тексеріп, түзетіп, ресімдеп, тапсырушыға береді. Егер мәтінді жариялау керек болса, аудармашыдан кейін мәтінді редактор мен корректор тексереді.
Аударма теориясы бойынша жазбаша және ауызша аударма лингвистикалық жғынан бірдей емес, ал психологиялық тұрғыдан басқаша. Ауызша тәржімеде уақыттың шектеулігі, оқиғаның қалай дамып, өрбитіндігі болжаусыз болғандықтан, оның көркемдік сапасы жазбаша аудармаға қарағанда төмен болады, өйткені мәтін толық айтылып болғанда аударма үдерісі қатар жүргендіктен оны өңдеп редакциялаудың мүмкіндігі жоқ. Жазбаша аударманың ауызша аудармадан айырмашылығы сол – мұнда уақыт жеткілікті болады, сондықтан түпнұсқа мен аударманың баламалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Алайда бұл әрдайым уақыт жеткілікті бола береді деген сөз емес. Қазіргі уақытта аудармалардың көбі жедел түрде орындалады. Жазбаша аудармашылар кейде белгілі бір типтегі мәтіндерге мамандандырылады. Алдымен бұл құқықтық мәртебесі бар мәтіндерге қатысты. Сондықтан нотариалдық және сот аудармашыларының өздерінің өкілеттілігін растайтын ерекше сертификаттары мен мөрі болады. Фирмалар мен кәсіпорындардағы штаттық аудармашылар сол фирманың айналысатын техника және өндіріс салаларында мамандандырылады.
Жазбаша аударманың реттік құрылымы күрделі, әр сөздің қолданылуы қатаң тіл заңдылығына сай жазба, әдеби тіл нормасының негіздеріне сүйенеді. Жазбаша аударма тілдің баюына, өсуіне, қалыптасуына септігін тигізеді. Көркем әдебиет аудармасы – шығармашылық жұмыс. Бұл әдеби тілдің өсуіне көмектеседі. Оның үстіне аударма барысында аудармашы көп нәрсе үйренеді.
7. Сөзбе-сөз аударма, калька - бір тілден екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы жасалған тілдік бірлік (жеке сөз, сөз тіркесі, фразеология). Алайда бүл термин әдебиеттану тұрғысында қолданылған жоғарыдағы лингвистика. ұғымдарға «басқа тілдің текстін аударғанда түпнұсқа өлеңнің өлшемін, ырғағын сақтау» деген қосымша түсінік үстемеленеді. Сөзбе-сөз аударма жолымен аударылған туынды үнемі тартымды болып шықпайды, өйткені бір тілдің қалыбы екінші тілге сәйкес келе бермейді. Мысалы: , қопармалы (флектив) орыс тілінің құрылымын жалғамалы (агглютинативті) қазақ тілінің табиғатына телу әрдайым ұтымды болмайды.
Әйтсе де Абай аудармаларында Сөзбе-сөз аударма белгілері де ұшырасып отырады. Ол орысша «Утес» деген еленді «Жартас», «Лиса и ворона» атты мысалды «Түлкі мен қарға», «Кинжал» атты өлеңді «Қанжар», «Слон и моська» деген мысалды «Піл мен қанден» деп дәлме-дәл аударған. Ал қазақ ұғымында қалыптасқан бейнелерге сай келмеген жағдайда орысша «стрекозаны» қазақша «инелік» демей, «шегіртке»деп, «парусты» қазақша «желкен»демей, «жалау» деп аударған. Орыс тіліндегі «крестьяниннің» қазақша аудармасын жасамай, халық тіліндегі қолдандым бойынша «қара шекпен» деп алған. Сонымен бірге Абай қазақ ұғымының орысша баламаларын да қолданған, яғни қазақ - орыс Сөзбе-сөз аудармасын жасаған. Оны «Интернатта окып жүр...» атты өлеңінен байқауға болады: «Балам закон білді» деп; «Прошение жазуға», «Бүл іске кім виноват?», «Я тілмаш, я адвокат»; «Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий»; «Военный қызмет іздеме»; «Қызмет қылма оязға»; «Алыс та болса іздеп тап, Кореннойға кіруге», «Адал жүріп, адап түр, Счетың тура келуге»; «Қисық болса закон бар, Судияғаберуге. Ол да оязной емес қой, Алуға теңдік сенуге»; «Я өз бетіңмен тәуекел, занимайся прямотой» т. б. Абай бұл келтірілген орыс сездерін шәкірт балаларға әдейі қазақ ұғымының орысша нұсқасы ретінде ұсынып отыр. Орыс өлеңінің ырғағын, ішкі әуенін қазақ тілінде айнытпай беруге талпынған ізденісін оның М. Ю. Лермонтовтан аударған «Бородино» атты үзінді өлеңінен көруге болады. Мысалы:, түп нұсқасындағы: «Скажи-ка дядя, ведь недаром, Москва, спаленная пожаром, Французам отдана», - деген елең шумағын Абай: «Айтшы аға, нағып жеңілдік, Мәскеуде емес тегіндік, Болған білем соқтығыс, Емес білем аз жұмыс»,- деп елеңнің оқырман сезіміне тигізер әсерін барынша сәйкестендіріп береді. Тек орыс тілі емес, Абай шығыс тіліндегі ғыл,- философ. ұғымдарды да Сөзбе-сөз аударма. жолымен аударып, қазақша жаңа қолданыстар жасаған. Мысалы: «Мұны жазған - білген құл, Ғұламаһи Дауани, Солай депті ол шыншыл», - дегендегі «шыншыл»сөзі «реалист»терминінің, ал: «Ойшылдың мен де «санды бірімін» деп, Талап, ойсыз мақтанды қалдым күтіп», - деген тармақтардағы «ойшыл» сөзі «мыслитель» дегеннің терминдік Сөзбе-сөз аудармасы екені даусыз.
Балама аударма — көріксіз көшірме емес, түпнұсқаның эмоциялық жеке эстетикалық ерекшеліктерін екінші тілде түгел мүсіндеу. Мұның үлгілерін біз қазақ поэзиясында алдымек Абайдан табамыз. Ұлы ақын аударған Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың ғибратты шығармаларының төл туындымыздай халқымыздың көкейіне қонып, зердесіне ұялауы; аударма енерінің құдірет-күшін танытуы. Абай өзі қазақша сөйлеткісі келген шығарманың қан тамырын дәл басып, жүрек тынысын дәрігерше тыңдап, мүлтіксіз сөзді М. Ю. Лермонтовтан аударған Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін алайық.«Горные вершины Спят во тьме ночной; Тихие долины Полны свежей мглой; Не пылит дорога, Не дрожат листы... Подожди немного, Отдохнешь и ты». Абай осы нұскадан аударған. Абайдың аудармашы ретіндегі сезімталдығына қайран қалмасқа болмайды. Орыс өлеңі арқылы неміс елеңінің тіршілік-тынысын тап басуы қандай ғажап! Лермонтов: «Қараңғы түнде тау шыңдары ұйықтайды» десе, Абай «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап» деп қазақшалайды. Сөйтіп, Гетенің өзіндегі «покоится» дегеніне бір табан жақындай түседі. Абай әуелі тауды қалғытады да, содан кейін барып, балбыратын ұйқыға батырады.Өлең оқыған адамды тыныштыққа белеп, маужырат-қалғандай болады.
Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап Даланы жым-жырт делсал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жолдағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сендағы, Сабыр қылсаң азырақ.
Ғажап, кем-кетіксіз сомдап соғылған тұтас көркемдік!
Өзге тіл табиғатын, тынысын тарылтпай, езінің рухы мен тіршілігін өшіріп алмай, мағынасын бәсеңдетпей, өз ана тілінің табиғатына аялап әкелу — көркем аударма деп аталады.