Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip.perevod wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
246.78 Кб
Скачать

1. Аударма ғылымы және оның зерттелуі

Аударма- сан қырлы, күрделі әрі қиын шығармашылық жұмыс. Аударма ғылымы әдебиетпен, психологиямен, этнографиямен тығыз байланысты.

Аударма әлем халықтарының мәдени, саяси, экономикалық, қарым-қатынастық әсері мол құбылыс. Аударма арқылы біз ел мен елдің бір-бірін тануына, мәдени байланыстарының дамуына қосқан үлесін көреміз.

Қазақ аударма тарихына қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша, әсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналады.

Қазақ хандығының тұсында, оныңқалыптасу, даму дәуірінде, түрлі саяси кезеңдерінде ел билеу ісінде дипломатиялық қарым-қатынастарда аударма рөлі айқын. Ел билеуші хандарымыздың мемелекеттік істерінде, шайқастарында, жорықтарында, тілмаштық іс пайдаланғаны тарихи деректерде көрсетілген.

Аудармашыға койылатын талаптар:

  1. Сыртқы келбеті.

  2. Аударма дәл, нақты және мазмұнды болуы керек.

  3. Тілдің тазалығы.

  4. Сөйлеу мәнері, дикция.

  5. Эмоция, жест керек(орынды болса).

  6. Қыстырма сөзді мүлде қолдануға болмайды.

  7. Жаргон, варваризм, диалект.

  8. Мазмұнына сәйкес терминдерді қолдану

  9. Тілді жетік меңгері

  10. Дайындық

2. Аударманың түрлері мен тәсілдері

Аударма түрлері:

Жазбаша және ауызша болады.

Ауызша: 1) Ілеспе 2) синхронды

Жазбаша: 1) көркем 2) әдеби 3) Ғылыми-техникалық 4)іс-қағаздар

Ауызша: 1) грамматикалық норма сақталмайды;

2) Ауыз екі тіл;

3) Уақыт шектеулі;

4)синонимді көп қолданбайды;

5) Сөздік қолданбайды;

6) Есте сақтау қабілеті мықты болуы керек;

Жазбаша:

  1. Грамматикалық норма қатаң сақталады;

  2. Қолдануға болмайды

  3. Уақыт шексіз

  4. Міндетті түрде синоним қолданылады.

  5. Сөздік қолдануға мүмкіндік бар

  6. Қажеті жоқ

Ілеспе аударманы: келіссөздер, мемлекет және саяси басшылар кездесуінде, баспасөз маслихатында, іс-сапарларда, х-қ жиындарда, форумдарда жүргізіледі.

Ілеспе аударма екі кезеңге бөлінеді.

  1. Сөз сөйлеп жатқан кезде аудармашы ақпаратты қабылдап алып, оның жобасын әзірледі.

  2. Аудармашы жазбаны пайдаланып, сөзді тиісті адамға жеткізді.

Көркем аударма

Көркем әдебиет жанрын басқа тілде баяндайтын аударманың, түрі көркем аударманың мақсаты, тіл білмейтін оқырманды, басқа халықтың шығармашылығын, әлем әдебиетінің, озық үлгілері мен классикалық туындылармен таныстыру.Көркем аудармада көптеген сөздердің незгі, тура мағынасынан басқа ауыспалы, келтірінді, мағыналы сөздерді аудару, өте күрделі. Мыс., глухой-керең, саңырау.

3. Аударма мәтіндерінің мазмұнына қарай түрлері

Аударма жұмысы аударылатын мәтіннің түрлеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

Заң құжаттарының аудармасы – заң мәтіндеріндегі шарттар, келісім шарттар, құқықтық нормативтік актілер, сенімхаттар, лицензия т.б. жатады.

Заң мәтіндерінің аудармасы өте нақтылықты қажет етеді. Аудармашы әрбір заң терминін қолданғанда мұқият, сақ болуы қажет.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аудармадеп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. [1]Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды,Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. УшинскийдіңШәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді.

Техникалық аударма. Ғылыми техникалық мәтіндердің аудармалары жатады. Кез келген техникалық құрал жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды аудару, түрлі техникалық мазмұндағы мәтіндерді аудару жатады.

Саяси көпшілік мәтіндер. Негізінен, бағалауыштық мәнде келеді, сол арқылы оқырмандарға әсер етеді. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен оқиғаларға баға беру, жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіру арқылы қоғамдық пікір тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]