
- •1. Аударма ғылымы және оның зерттелуі
- •2. Аударманың түрлері мен тәсілдері
- •3. Аударма мәтіндерінің мазмұнына қарай түрлері
- •4. Аударманың орындалуына қарай түрлері: ауызша аударма.
- •5. Қазақ және орыс тілдеріндегі модальдық мағыналар
- •6. Жазбаша аударма
- •8. Қоғамдық-саяси мәтіндерді аударудың ерекшеліктері
- •9. Еркін және тұрақты тіркестерді аудару. Компрессия әдісі.
- •10. Ресми құжаттармен заң тілін аудару
- •11. Көркем аударманың ерекшелігі
- •12. Реалияларды аударуда қолданылатын әдістер
- •14. Публицистикалық аудару
- •1. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
- •4. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
14. Публицистикалық аудару
Публицистикалық стильге қойылатын талаптар:
Тілдік құралдардың үнемділігі;
2. Халыққа кеңінен таралған сөздерді қолдану;
3. Қоғамдық және саяси лексика;
Басқа стиль ерекшеліктерінің публ-қ стильге араласуы;
Тілдік бейнелеу, мәнерлеу құралдарын қолдану.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды. Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті. Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі. Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
15. Рефераттық, аннотациялық аударма Рефераттық аударма – бейімделген қажеттілікке немесе сұранысқа сай жасалатын аударма түрі. Мұнда түпнұсқа мәтін қысқартылып немесе оның ішіндегі тек қажетті мәліметтері бар маңызды тұстары басқа тілде реферат, дайджест, аннотацияға аударылып алынады.
Аударма үдерісі бұл жерде ой аударумен шектелмейді, түпнұсқа мәтіннің тілдік әрі стилдік ерекшеліктері сақталуы тиіс. Олар: бір тілден екеінші тілге тәржіма жасау, реферат жазу. Ол үшін творчестволық ойлау: анализ және синтез жасау.
Реферат мағыналық жағынан түпнүсқа құжатпен барабар болғанмен, құрылымдық-көлемдік жағынан одан шағын, ғылыми ортада ақпараттық, қатысымдық қызмет атқаратын құжат түрі.
Оның атқаратын бірнеше маңызды ақпараттық, іздену, индикативтік, анықтамалық, сілтемелік, қатысымдық тәрізді қызметтері бар.
Реферат түпнұсқа мәтіннің қысқарған нұсқасы болғандықтан, ол: бірінші кезекте дәректемелік (фактографиялық) қызмет атқарады, яғни түпнұсқа мәтінді оқуды алмастыратындықтан рефераттың ақпараттық-анықтамалық қызметі алдыңғы кезекке шығады.
Индикативтік яғни бейнелеу немесе сипаттау қызметі жағынан да реферат түпнұсқа мәтіннен алшақтамауы қажет. Реферат арқылы біз мәтіннің жазылу мәнерімен (стилімен) танысамыз.
Рефераттың тағы бір маңызды қызметі – библиографиялық қызмет. Рефератта берілген сілтемелер мен әдебиеттер тізімі берілген тақырып бойынша жан-жақты ізденуге мүмкіндік жасайды.
Ғылыми қатысымды іске асыратын реферат қызметін негізгі үш топқа бөліп қарастыруға болады: біріншіден, ғылым мен техникадағы соңғы жаңалықтарды шұғыл, неғұрлым қысқарған түрінде таратады. Бұл оның ақпараттық қызметі.
Екіншіден, ізденушіге қажетті әрі маңызды ақпараттың бар-жоқтығына көз жеткізеді. Реферат негізгі көздермен танысудың оңтайлы жолы болып табылады. Мұнда автордың негізгі айтайын деген ойын берумсен қатар мұндағы деректерді басқа еңбектермен салыстыра отырып пікір білдіруге болады. Салыстыру сілтеме жасау арқылы жүзеге асады. Бұл оның ғылыми қатысымдық қызметіне жатады.
Материалды қамту жағынан да реферат бірнеше түрге бөлінеді. Монографиялық рефератар-бір тақырыпқа жазылған бірнеше еңбектер негізінді жазылады. Яғни бірнеше еңбекте ізденушіге қажетті тақырыптың баяндалуына шолу жасалады. Мұны анықтамалық реферат деп те атайды.
Рефераттың келесі түрі қаралған мәселе бойынша көздердегі негізгі ойды жинақтап, қысқартып беруге арналады. Мұндай жұмыстарды негізгі әдебиеттің қысқарған нұсқасы деп атауға болады. Тіл үйренуде және аударма жұмысында мұндай рефераттардың маңызы зор. Рефераттың жалпы құрылымы түпнұсқамен сәйкес келіп оның қысқартылған, жинақталған нұсқасы б.т. Өз құрылымында ол жұмыстың мақсатын, әдістемесін, нәтижелері мен қорытындысын қамтиды.
Қорыта келгенде рефераттық аударма қысқарту, түсіру, жалпылау және реферат жазушының өз тарапынан пікір қосуы арқылы жазылады.
3 бөлім