Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dip.perevod wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
242.18 Кб
Скачать

12. Реалияларды аударуда қолданылатын әдістер

Реалия - 1. басқа тілде сөйлейтін адамдардың іс тәжірибесінде жоқ заттарды, ұғымдарды, жағдайларды білдіретін сөздер немесе айтылыстар; 2. сол тілде көріну тұрғысынан сол елдің мемлекттік құрылымы, сол халықтың тарихы мен мәдениеті, сол тілде сөйлеушілердің тілдік байланысы және басқа сол сияқты сыртқы лингвистика мен аударматану зерделейтін сан алуан факторлар; 3. сөздің номинативті мәні үшін негіз болып қызмет ететін материалдық мәдениет заттары.Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырадыю Сөздік анықтамаларға сәйкесб реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ  лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. М/лы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам).Реалиялардың берілу тәсілдері 

  1. Транскрипция – аудару тілінен аударма тіліне фонетикалық форма жағынан механикалық түрде ауыстырылуы, яғни дыбыстар деңгейінде. Мысалы: Soviet, sputnik

  2. Транслитерация – реалиялардың графем деңгейінде берілуі. Мысалы: Lincoln — Линкольн

  3. Транскрипция амалы жарақсыз болған кезде аударма тіліне реалияларды беру амалы ретінде аударманы орынбасу, субституцияны қолданамыз. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері бар: Неологизмдерді еңгізу (калька және жартылай калькап түрінде)

13. Троп түрлері және метафора. Әдеби тілде ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл- құбылтау (троп) сөздерді тура мағынада емес, бұрма мағынада қолдану,шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдыру болып табылады. Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтикариторика), эстетикалогикафилософия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалықэмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

  • “Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”

  • “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).

Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші жағдайдабастауыш немесе толықтауыш болады (Қасқыр қайда кеткен? Ол қасқырмен көп байланыса берме). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Мундай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (Мынауың дайын тұрған ғұлама ғой! - Өзір ғұламалық ертерек шығар, бірақ түбінде болып қалатын да сыңайы бар).

Метафораның басқа троптарға ұқсас келетін қасиеттері бар. Мұндайда метафораның анықтамасын және атқаратын троптық қызметін естен шығармаған мақұл. Мысалы, мына көзілдірікке мен көп сене қоймаймын сөйлеміндегі көзілдірік, бір қарағанда, метонимия (бүтіннің бөлшегі) ретінде қабылдануы мүмкін. Соған қарамастан, оның метафоралық қызметін де жоққа шығаруға болмайды. Дәлірек айтқанда, бұл сөзді қолданушы адам бүтіннің бөлшегін емес, көзілдірік киіп алып білгішсінген, ақыл айтқыш, барлығынан хабары бар мақтаншақ кісіні еске салуы мүмкін. Метафораның теңеумен ара қатынасын да білу қажет. Айталық, метафора бір ұғымның орнына екінші ұғым- ды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады:

Күннің көзі малшы болып, Найзағайы қамшы болып, Шартылдады, күркіреді, Бес түлік мал дүркіреді (Қ. М.)

дегенде, тұлғалық жағынан әдеттен тысқары қолданылғанымен, күннің орнына малшы, найзағайдың орнына қамшы жұмсалуға лайық. Ал Жігіттің жүрегі дүрс-дүрс соғып, аттай тулап кетті(Н. Ғ.) сөйлеміндегі аттай немесе ат сөзі жүректің орнына қолданыла алмайды, жүректің тез соғуы мен аттың тулауының арасында, алшақтау болса да аналогия бар.

Метафораның түрлері:

1.Тілдік метафора – жалпы халық тілінде: сөйлеу, жазу,оның ішінде әдеби шығармалар да кең қолданылады,бірақ олар әдебиетте көркем образ суреттеу құралы ретінде емес, стиль аралық лексика түрде қолданылады.Мысалы, таудың басы,өзеннің басы.

2.Тұрақты метафора-жалпы халық қолданатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетін ауыспалы мағыналы сөздер.Мысалы,сары алтын-бидай, қара алтын-көмір.

3.Индивидуалдық метафора- бұл топқа сөз шеберлерінің метафора тәсілі арқылы қолданатын көпшіліктің қолдануында жоқ метафора енеді. Мысалы:жаусылық жауып;

Метонимия – қазақ тілінде сөз мағынасының ауысып қолдану тәсілі.Іогелес екі заттың не құбылыстың бірыңғай атауы екіншісіне ауысып айтылады.Мысалы, мен бұрын Толстойды көп оқыған едім. Толстой- соның шығармасы екенін айтып тұр.

Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны немесе керісінше атау арқылы сөз мағынасының ауысуын айтады. Мысалы, бас екеу болмай,мал екеу болмайды дегенде, бас сөзі адамның дене мүшесі емес, адамның өзін аңғартып тұр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]