
- •1. Аударма ғылымы және оның зерттелуі
- •2. Аударманың түрлері мен тәсілдері
- •3. Аударма мәтіндерінің мазмұнына қарай түрлері
- •4. Аударманың орындалуына қарай түрлері: ауызша аударма.
- •5. Қазақ және орыс тілдеріндегі модальдық мағыналар
- •6. Жазбаша аударма
- •8. Қоғамдық-саяси мәтіндерді аударудың ерекшеліктері
- •9. Еркін және тұрақты тіркестерді аудару. Компрессия әдісі.
- •10. Ресми құжаттармен заң тілін аудару
- •11. Көркем аударманың ерекшелігі
- •12. Реалияларды аударуда қолданылатын әдістер
- •14. Публицистикалық аудару
- •1. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
- •4. Авторский (авто) перевод – Авторлық аударма
10. Ресми құжаттармен заң тілін аудару
Ұлт пен мемлекет мүддесін адаммен азамат құқықтарын қорғантын заңдардың тілі мен рухы жоғары талаптарға сай болуы керек. Заңгер мамандарды әртүрлі әдістемелік негізінде оқытудың жаңа техникаларын қолдана отырып дайындау керек. Болашақ заңгерлердің тілдік даярлаға кәсіби талаптарға сай болуы керек. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер кейінгі жылдары қолданысқа түскен заңнама актілерінің тілі бір-бірінен ерекшеленеді. Оларда бірталай тілдік, терминдік өзгерістер бар. Бүгінгі күні көптеген сөздер, құқықтық термин ретінде орнығып, тілдік айналымға түсті. Ол терминдерді кәсіби заңгерлер ғана емес, қарапайым халықта дұрыс қабылдайтын дәрежеге жетті.
Қазіргі кезде қазақша жетік білетін заңгерлердің өзі қазақша заңнаманы оқымайды, өйткені қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің біразы түсініксіз жазылған. Заңнаманың қазақша мәтінінің дұрыс жазылмауы мемлекеттік мәдениетімізге нұсқан келтіреді.
Тіл заңнама актілерінің сапасын айқындайтын көрсеткіш заң тілінің нақты тиянақты бір мағыналы болуы, қоғамдық қатынастарды нәтижелі реттеудің кепілі болып табылады.
Қазақ тілінң байлығы синонимдердің көптігі көркем әдебиетте мол мүмкіндік ашқанымен ерекше талаптарға сай жасалған заң актілерінде қиындықтар туғызады. Мыс., бір сөздің құбылуы, бір терминнің орнына әртүрлі сөздің қолданылуы, орысша бір сөздің 2-3 сөзбен аударылуы, кейбір сөздердің жазылу емлесі ескермеу құқықтық мағынасынан гөрі көркем әдебиет тік сипаты басым сөздерді қолдану. Мыс., құқықтық сөздіктерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте «невменяемость» - аудармасы «есі дұрыс еместік», кейбір жерде «ақыл –естің кемдігі». «Обоснованный риск» - «орынды тәуекел ету» немесе «негезді тәуекел». «Лишение свободы» - «бас бостандығынан айыру».
11. Көркем аударманың ерекшелігі
Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе – лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен . Жақсы аударылған көркем аударма – сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы. Көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілері бар: а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді; б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек; в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет; г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс
Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан басталады. [1]Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асархадон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің ("Дубровский", "Боран"), Тұрагұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС. Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың ("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары), М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті. Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев, Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып келеді. (қ. "Аударма") Еркін аударма – түпнұсқа мәтіннің лексикалық-грамматикалық құрылымына балама табудағы еркіндік, «өзінше» сөйлету. Еркін аударма - көркем әдебиетті аудару ісінде игерілетін амалдардың бірі.Еркін аударуда аударылып отырған түпнұсқа мәтіннің мазмұнынан ауытқып кетпей балама аудармалар қолданыла отырып аударылады.