4.Дайын өнімнің есебі
Дайын өнім - сатуға арналған, өндірісі аяқталған өнім.
Дайын өнімнің есебі 1320 “Дайын өнім” деп аталатын активті шотта жүзеге асырылады.
№ |
Операция мазмұны |
Шоттар байланысы |
|
Дебет |
Кредит |
||
1 |
Өндірістен дайын өнім алынды |
1320 |
8110 |
2 |
Дайын өнімді өткізуден кіріс алынды |
1210 |
6010 |
3 |
Қосылған құн салығына |
1210 |
3130 |
4 |
Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды |
7010 |
1320 |
5 |
Сатып алушылардан өткізілген өнім үшін төлем келіп түскен |
1030 |
1210 |
5. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері
Қорларды бағалау әдістерінің жоғарыда келтірілген мысалдары қорлардың үздіксіз есебі жүйесіне негізделген, қорларды әрбір сатып алу және сату (есептен шығару) туралы жазбалар жүргізу жолымен осы жүйе бойынша қорлардың үздіксіз есебі жүргізіледі. Аталған жүйені республиканың барлық кәсіпорындары пайдаланады. Халықаралық қаржылық есеп стандарты базасындағы шоттар жоспары 1300 «Қорлар» ішкі бөлімінің шоттарында қорлар есебін көздейді, қорларды сатып алуды және шығысты көрсетеді.
Қорлардың келіп түсуі және шығыс, қорлар қозғалысын қадағалауға мүмкіндік жасай отырып, күн сайын тұрақты негізде есепке қабылданады. Қорлардың әрбір атауы бойынша бөлек (жеке) шот жүргізіледі. Қорларды сатып алу осы шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі. Өндірістегі қорлардың қандай бір болсын түрін беру кезінде тиісті қордың шоты берілген қорлар сомасына кредиттеледі. Бұл сома өткізілген өнімдердің өзіндік құны шотының дебетінде көрсетіледі. Өткізілген өнімдердің өзіндік құны оның шотына күн сайын жазбалар жасау негізінде айқындалады. Салғастыру мақсатында пайдаланбаған қорларды түгендеу (санап шығу) жүргізілуі мүмкін. Үздіксіз есеп пен кезең соңындағы түгендеу арасында алшақтық анықталған жағдайда үздіксіз есеп сомасы түгендеу сомасының көлеміне дейін түзетулер енгізуге жатады. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі жағдайында, пайдаланылған қорлардың саны мен бухгалтерлік есеппен бақыланатын қорларды қадағалау үшін осындай жазбалар жүргізіледі, өйткені ол пайдаланушыға қолдағы бар тауарлардың нақты саны мен есепте көрсетілген сомалар арасындағы айырманы айқындауға және қадағалауға мүмкіндік береді. Бүкіл есепті кезең ішінде: қорлардың белгілі бір түрлерінің болуы мен өткізілген қорлардың өзіндік құны белгілі болуы тиіс.
Қорлардың үздіксіз есеп жүйесімен қатар әлемдік тәжірибеде қорлардың мерзімдік есеп жүйесі қолданылады.
Мерзімді есеп жүйесі жағдайында, қорлардың жаппай есебі жүргізілмейтіні болжанады. Қорлар физикалық қайта санау (дана, литр, тонна және т.б. бойынша) әдістері арқылы есепті кезең соңында қайта саналады. Қорларды сатып алу, шоттарды бір мезгілде кредиттеу (ақша қаражаттары, кредиторлық берешек және т.б.) арқылы шоттар жоспарының 1300 ішкі бөлімінің бөлек синтетикалық шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Өткізілген (пайдаланылған) қорлардың өзіндік құны жүргізілген түгендеу нәтижелері негізінде айқындалады: сатып алынған қорлардың құны есепті кезең басындағы қолда бар қорлардың құнына ұлғайтылады, осы сомадан есепті кезең соңындағы қорлар құны шегеріледі. Төменде, өткізілген қорлардың өзіндік құнын анықтау формуласы беріліп отыр:
Есепті кезең Сатып Өткізуге Есепті Өткізілген
басындағы + алынған = дайын - кезең = қорлардың
қорлар қорлар қорлардың соңындағы өзіндік
қалдығы өзіндік құны қорлар қалдығы құны
Мерзімді есеп жүйесі, кеңсе (концеляриялық) жұмыстарының көлемін анағұрлым қысқартатындығымен ыңғайлы болып саналады. Бірақ та ол, сол кезде қандай тауарлардың бар екендігі туралы ақпарат бермейді. Мерзімді есеп жүйесі шағын кәсіпкерлік үшін ыңғайлы болып саналады, бірақ та ұлттық бухгалтерлік есеп шеңберінде мерзімдік есеп жүйесі жағдайында қорлар қозғалысының есебін жүргізу үшін қосымша синтетикалық шоттар жүргізу туралы мәселені қарастыру қажет болады. Мысал үшін, қорларды сатып алу бойынша шығыстар есебі үшін синтетикалық шоттар қажет.
Жоғарыда көргеніміздей, жұмсалған қорлар құнының шығындарына есептеп шығарудың тұрақты және мерзімді есебі жүйесіндегі айырмашылық, есепті кезең соңындағы қорлардың қалдықтары мен шығындарына (кредиттік айналым) есептен шығаруға жататын қорлар құнын есептеудің дәйектілігінен тұрады. Үздіксіз есеп жүйесін пайдалану жағдайында есепті кезең соңында (немесе қажеттілігіне қарай өзге күнде) кірісті оның өзіндік құнымен салыстыру жолымен өнімдерді өткізуден алған кірістер балансы шығарылады. Өткізілген өнімдердің өзіндік құны мен өнімдерді өткізуден алған кіріс көрсеткіштері кірістер мен шығыстар туралы есепке көшіріледі (ауыстырылады) және солардың негізінде аралық жиыны түрінде өткізуден алған жалпы кіріс есептеліп шығарылады.
Шығындарды тұрақты немесе мерзімді есептен шығару жүйесін таңдау, сондай-ақ олардың әрбірінің ішінде қорларды бағалаудың қандай да бір болсын әдісін таңдау және оларды есеп саясатында жария ету көптеген факторларға: ұйымдастыру формаларына, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, бағалар коньюнктурасына, қаржылық және дивидендтік саясатқа қатысты болады.
