
Тақырып 7. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны тәртібі
1.Қорлардың түрлері мен оның жіктеуі
2.Қорларды бағалау әдістері
3.Қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі және құжаттық рәсімделуі
4.Дайын өнімнің есебі
5. Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелері
Сабақтың мақсаты - бұл тақырыпты қарастырғанда қорлар жайлы түсінік беріп кету керек оның ішінде жалпы қорлардың жіктелуіне, материалдарға, тауарларға не жататынын айтып көрсету, оларды мысал ретінде көрсеткен жөн. Сонымен қатар тауарларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО, және арнайы сәйкестендіру) әдістердің салыстырмалы сипаттамасы.
Шешу сөздері – ФИФО әдісі, арнайы сәйкестендіру әдісі.
1.Қорлардың түрлері мен оның жіктеуі
Қорлар – бұл қалыпты қызмет барысында сатуға арналға, осындай сату үшін өндіріс процесіндегі немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Қорлар жиі түрде баланс активтерінің неұғырлым маңызды және ірі баптары болып саналады.
Қорлар есебі келесі стандарттарға сәйкес есепке алынады:
- №2 «Қорлар» ХҚЕС–на
- №2 ҰҚЕС-тың 12-бөлімі «Қорлар»
Қорлар деңгейі әртүрлі болуы мүмкін және өндіріс сипаты мен қызмет түріне қатысты болады. Нақты тұтынушыға жұмыс істейтін өндірушілер, қорлардың төменгі деңгейін ұстап тұрады; дайын болуына қарай тауарларды тұтынушыларға өткізіп беріп отырады. Егер де тауар тез бұзылатын болса, онда субъект оның қорын азайтуға ұмтылады.
Актив ретінде қорлар қозғалысы ұйым қызметінің нәтижесін бағалаудағы жеткілікті түрдегі айқындаушы фактор болып саналады.
2007 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартының «Қорлар» 12-бөлімі (213 бабы) бойынша қорлар келесідей сипатталады:
қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
Жоғарыда айтылғандай қорлар:
шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен толықтырушы бұйымдар
өндіріске немесе жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған қалдықтар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, өзге де материалдар;
аяқталмаған өндіріс;
субъект қызметінің барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар түріндегі активтерді білдіреді.
Шикізат және негізгі материалдар- бұл оның материалдық негізін құрай отырып, заттай түрде жасалатын өнімге кіретін, еңбек заттары.
Тауарлар алдағы уақытта бағасын көтеріп сату үшін шаруашылық жүргізушіден сатып алынған өнім.
Қосымша материалдар- бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, алайда негізгі материалдардан өзгешелігі, өндірілетін өнімнің заттық негізін құрамайтын материалдар.
Ыдыстар және ыдыстың материалдар әртүрлі жабдықтар мен өнімдерді буып- түю, орау, салу, тасымалдау, сақтауға арналған заттарды білдіреді.
Қосалқы бөлшектер машиналар мен тетіктердің тозған бөлшектерін ауыстыруға және жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер.
Дайын өнім- сатуға арналған, өндірісі аяқталған өнім.
Аяқталмаған өндіріс – онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
Өзге қорлар – онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
Қорларды есептен шығару бойынша резерв – онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескіруге байланысты операциялар көрсетіледі.
Қорлар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:
Консигнациядағы тауарлар.
Жолдағы тауарлар.