Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вебка шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
194.7 Кб
Скачать

8.Xml құжаттарын жасау және құжатты жүзеге асыру (3-сұрақ жауабы)

XML (Extensible Markup Language) – кеңейтілген белгілеу тілі.

XML – HTML тілі сияқты белгілеу тілі болып саналады.

XML мәліметтерді анықтау үшін жасалған.

XML тілінде тегтер анықталмаған, тегтерді өзіміз анықтаймыз.

XML деректерді анықтау үшін DTD (Document Type Definition – құжат типін анықтау) қолданылады.

XML және HTML тілдерінің арасындағы басты айырмашылық.

XML деректерді сақтау үшін арналған.

XML тілі HTML тілінің орнын баспайды.

XML және HTML әр түрлі мақсатта жасалды:

HTML мәліметтерді көрсету үшін, XML мәліметтерді анықтау үшін арналған.

XML ешқандай іс-әрекет жасамайды. Ол мәліметті құрып, сақтап, жіберу үшін арналған.

Мысалы: Джанидың Бобқа жазған хатының XML түрінде сақталғаны:

<note>

<to>Tove</to>

<from> Jani</from>

<heading> Reminber</heading>

<body>Don’t forget me this weekend!</body>

</note>

Хаттың тақырыбы және негізгі бөлімі (body) бар. Сондай-ақ онда жіберуші (from) және қабылдаушы туралы (to) туралы мәлімет бар. Соған қарамастан, бұл XML-құжат ешқандай іс-әрекет жасамайды. Бұл жай тек XML-тегтерімен қоршалған мәлімет. Әліде бұл хатты жіберу, қабылдау және оны экранда көрсету үшін программалық код жазу керек.

XML – еркін және кеңейтілген тіл

HTML тілінің тегтері бастапқы кезінде анықталған.

XML тілінде автор өзінің жеке тегтерін және де өзінің құжат құрылымын анықтай алады.

Жоғарыда көрсетілген мысалда (мысалы, <to> және <from> тегтері) XML стандартында белгіленбеген. Бұл тегтер XML-құжаттың авторымен белгіленген.

Xml тілі html тілін толықтырады.

Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.

Мәліметтерді көрсету үшін HTML қолданылғанда, мәліметтер тікелей HTML-кодта сақталады. XML тілін қолдану кезінде мәліметтерді жеке бір файлда сақтауға мүмкіндік береді. Осының арқасында, мәліметтерді өзгерту барысында HTML-тілінің кодын өзгерту керек болмайды.

Сондай-ақ XML-мәліметтерін HTML беттерінде тікелей сақтай аламыз.

Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.

XML тілі арқылы үйлесімсіз жүйелер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыруға болады.

Компьютерлік жүйелер және деректер қоры деректерді үйлесімсіз форматтарда сақтайды. Программалық жабдықтарды құрушы программисттер үшін интернет арқылы үйлесімсіз жүйелер арасында мәлімет алмасумен қамтамасыз ету ең қиын есептердің бірі болып саналады.

Мәліметтерді XML тіліне аудара отырып, қиын есептерді жеңілдете аламыз және көптеген қосымшалар оқи алатын форматты бере аламыз.

XML және B2B технологиялары

XML тілінің көмегімен Интернет арқылы қаржылық мәліметтермен алмасуға болады.

Болашақта XML тіліне негізделген көптеген B2B технологиялары пайда болады деп күтілуде.

XML тілі кәсіпорындар арасында қаржылық мәліметтермен алмасуға болатын басты тіл болып қалыптасып келеді.

XML тілі текстті файлдардағы бірігіп қолданылатын мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.

XML тілі мәліметтерді текстті форматта сақтайды. Программалық жабдықтауға және темірге тәуелсіз түрде мәліметтерді бірігіп қолдануға мүмкіндік туады.

XML мәліметтерді текстті файлдарда сақтауға мүмкіндік береді.

XML мәліметтерді файлдарға және деректер қорына сақтау үшін қолданылады. Қордан деректерді алу үшін арнайы қосымшалар жасалуы мүмкін.

XML тілі мәліметтерді көптеген қолданушыларға қол жетімді етеді.

XML темірден немесе программалық жабдықтан тәуелді емес, мәліметтерді стандартты HTML-браузерлерден тыс басқа да қосымшалар оқи алады.

XML тілін басқа да тілдерді құру үшін қолдануға болады.

XML тілі – WAP технологиясының және WML тілінің атасы болып табылады.

XML тілінің синтаксисі қарапайым. Оларды оңай есте сақтауға және оңай қолдануға болады.

XML-құжаттың мысалы

XML-құжаттар қарапайым синтаксисті қолданады.

<?xml version="1.0"?>

<note>

<to>Tove</to>

<from>Jani</from>

<heading>Reminder</heading>

<body>Don’t forget me this weekend!</body>

</note>

Бұл құжаттың бірінші жолында XML-декларациясында XML тілінің версиясы анықталады. Қазіргі жағдайда құжат XML 1.0 спецификациясына сәйкес келеді.

Келесі жолда құжаттың негізгі элементі анықталады: <note>.

Келесі төрт жолда негізгі элементке тиісті элементтер анықталады (to, from, heading, body):

<to>Tove</to>

<from>Jani</from>

<heading>Reminder</heading>

<body>Don’t forget me this weekend!</body>

Соңғы жолда негізгі элементтің соңы анықталады: </note>

XML тілінде барлық элементтер жабық тегтерді қамтуы керек.

HTML тілінде кейбір элементтер жабық тегтерсіз қолданылады. Мысалы:

<p> Бұл параграф

<p> Тағыда параграф

XML тілінде барлық элементтердің жабық тегі болу керек:

<p> Бұл параграф</p>

<p>Тағыда параграф</p>

Назар аударыңыз: жоғарыдағы мысалда XML-декларациясының жабық тегі жоқ. Бұл қате емес. Себебі бұл декларация XML-құжаттың бір бөлігі болып табылмайды.

XML тілінің HTML тілінен айырмашылығы, XML-тегтерде регистрлер есепке алынады.

XML тілінде <Letter> тегі <letter> тегінен айрықша.

Сондықтан да, бастапты және соңғы тегтер бір регистрде жазылуы тиіс:

<Message> Бұл қате </message>

<message>Бұл дұрыс</message>

XML элементтер бір біріне рет-ретімен ену керек.

Ретсіз енген элементтер XML-де қате болып есептеледі.

HTML-де кейбір элементтер бір-біріне ретсіз ену мүмкін:

<b><i> Текст</b></i>

XML-де барлық элементтер бір-біріне ретпен орналасуы керек, мысалы:

<b><i>Текст</i></b>

XML-құжаттар жалғыз негізгі элементті қамтуы керек.

XML-құжаттың бірінші тегі негізгі тег болады. Ал қалған элементтер осы негізгі элементке тіркелуі керек. Мысалы:

<root>

<child>

<subchild>…</subchild>

</child>

</root>

Атрибуттардың шамалары тырнақшаға алынып жазылуы керек.

Мысал:

<? xml version="1.0"?>

<note date=12/11/99>

<to>Tove</to>

<from>Jani</from>

<heading>Reminder</heading>

<body>Don’t forget me this weekend!</body>

</note> Бұл қате. Себебі note элементіндегі date атрибуты тырнақшаға алынбаған.

<? xml version="1.0"?>

<note date="12/11/99">

<to>Tove</to>

<from>Jani</from>

<heading>Reminder</heading>

<body>Don’t forget me this weekend!</body>

</note> Бұл дұрыс.

XML-де бос орындар сақталады.

XML-де бос орындар қалыпқа келтірілмейді.

XML осынысымен де HTML-ден ерекшеленеді.