
- •2.Интернеттің негізгі қызметтері?
- •Xml тілі html тілін толықтырады.
- •Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
- •Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
- •5.Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
- •6.Dtd файлын құрыңыз және құрылымын түсіндіріңіз? (4-сұрақ жауабы)
- •7. Css және оның қасиеттерін құжатқа қолдану.
- •8.Xml құжаттарын жасау және құжатты жүзеге асыру (3-сұрақ жауабы)
- •Xml тілі html тілін толықтырады.
- •Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
- •Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
- •9. Гиперсілтеме бойынша ауысу тəгі. Мысал келтіріңіз?
- •10. Dtd құжаты оның маңызы. Элементтер және атрибуттар.
- •11.Схемадағы топтастыру ережелері. Мысал келтіріңіз.
- •12. Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз. Гиперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
- •13. Xsl стильдік таблицалар? Құжатпен жұмыс қалай жасалады?
- •Xml тілі html тілін толықтырады.
- •Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
- •Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
- •15. Компьютерлік желілер. Глобальды желілер
- •17. Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
- •19. Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз
- •Xml тілі html тілін толықтырады.
- •Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
- •Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
- •21. Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Интернеттің негізгі қызметтері
- •22. Браузер объектілері мен оқиғалары
- •Xml тілі html тілін толықтырады.
- •Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
- •Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
- •Css және xsl — негізінде әр түрлі технологиялар.
- •Html-құжатты css-форматтау браузерде клиент жағында іске асады, ал xsl ереже бойынша серверде орындалады, содан кейін оның нәтижесі клиенттің браузеріне жіберіледі.
- •Xsl икемді, әмбебап тіл.
- •29. Xml схемадағы деректер типін атаңыз.
- •32. Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
- •Xml енгізу құрылымы
- •34. Java Script –те оперцияларды қолданып математикалық есептеулер жасау.
CSS- пен XSL стильдік таблицалар айырмашылығы?
Интернеттің негізгі қызметтері?
XML-құжаттардың құрылымын анықтау? Құжат құрып оған түсініктеме беріңіз.
DTD-ға XML файланың дұрыстығын тексеру. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
DTD файлын құрыңыз және құрылымын түсіндіріңіз?
CSS және оның қасиеттерін құжатқа қолдану.
XML құжаттарын жасау және құжатты жүзеге асыру.
Гиперсілтеме бойынша ауысу тəгі. Мысал келтіріңіз?
DTD құжаты оның маңызы. Элементтер және атрибуттар.
Схемадағы топтастыру ережелері. Мысал келтіріңіз.
Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз. Гиперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
XSL стильдік таблицалар? Құжатпен жұмыс қалай жасалады?
XML-схема деген не? Құжат құрылымын сипаттауға мысал келтіріңіз?
Компьютерлік желілер. Глобалды желі.
CSS құру. Ол қалай жұмыс істейді? Оның қасиеттері.
Қазіргі заманғы интернет технологияларының мүмкіндіктері?
Іздеу серверлерімен жұмысын сипаттаңыз.
Форматтау түрлері және стильдер. Құжат құрып түсіндіріңіз.
XML құжаттарын жасау және құжатты жүзеге асыру.
Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Браузер объектілері мен оқиғалары.
Құжаттың объектілік моделі?
XSL стильдік таблицалар? Құжатпен жұмыс қалай жасалады?
XML-схемалар деген не? Схемалардың маңызы.
DTD-мен XML файланың дұрыстығын тексеру.
Веб парақтарға бірнеше құжаттар орналастыру және фреймдер құру жұмысы қалай жүзеге асады?
XSL стильдік кестелердің СSS айырмашылығын және артықшылығы.
XML-схемадағы деректер типін атаңыз.
CSS құру. CSS- пен жұмыс қалай жасалады?
Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қандай логикалық стильдерді білесіңдер?
Атауалар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі?
XML-құжаттардың құрылымын анықтау?
Java Script –те оперцияларды қолданып математикалық есептеулер жасау.
XML-схемасындағы элементтер типін сипаттау.
XML технологиясының ерекше белгілері?
CSS қасиеттері. XML-құжат құрып оған CSS файлды қосыңыз.
Java Script –те тілі. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Гипперсілтеме бойынша ауысу қалай орындалады?
XSD мәліметтер схемасын құрып, құжат құрылымын сипаттаңыз.
Сырғымалы жолдар және кестелер, суреттер мен мультимедялық файлдарды парақтарда жүктеу.
Каскадты стильдік таблицалар деген не?
Java Script жайында на айтасыз?
XML-схемадағы мәліметтер типін атаңыз?
DTD файлын құрыңыз және құрылымын түсіндіріңіз?
XML технологиясының ерекше мүмкіндіктерін айтыңыз?
XML-схемасындағы элементтер типі қалай анықталады?
Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
XML құжаттардың құрылу ережелері?
XML технологиясының ерекшелігі мен мүмкіндіктері.
Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
XSL - құжатымен жұмыс қалай жасалады, шарт бойынша операциялар?
XML-схемасындағы элементтер типін сипаттау.
Java Script –те қосымшалар құруға болама? Дәлелдеңіз мысалмен?
<TEXTAREA>, <SELECT>, <INPUT> <OPTION> тəгтерінің қызметі мен атрибуттары жəне олардың мүмкін мəндері.
Құрамдас ішкі объектілер жəне тұтынушы объектісі?
XSD мәліметтер схемасын құрудағы күрделілік мәселесі неде?
Қолданатын аймақтар. XML-құжаттардың құрылымын анықтау.
XML-схемасындағы элементтер. XML-схемаларымен жұмыс.
XML құжаттар және оған XSL файл құру.
1.CSS- пен XSL стильдік таблицалар айырмашылығы?
XSL-стилдік кестелер (Xtensible Stylesheet Language - расширяемый язык стилдік кестелердің кеңейтілген тілі) XML-құжатпен байланысады және XML деректерді қалай көрсету керек екенін браузерге хабарлайды. XSL XML-құжатты HTML-парақтың көмегінсіз тікелей браузерде ашуға мүмкіндік береді. XSL XML деректер бейнеленген кезде оларды сұраптауды іске асырады, XML-дің барлық компоненттеріне (элементтер, атрибуттар, түсініктемелер және өңдеу бойынша нұсқаулар) қол жетімді қылады, стилді кестелерге сценариилер қолдануға мүмкіндік береді.
CSS және XSL — негізінде әр түрлі технологиялар.
HTML-құжатты CSS-форматтау браузерде клиент жағында іске асады, ал XSL ереже бойынша серверде орындалады, содан кейін оның нәтижесі клиенттің браузеріне жіберіледі.
XSL икемді, әмбебап тіл.
2.Интернеттің негізгі қызметтері?
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернет не үшін қажет?
Тексттер, хабарламалар, офистік құжаттарды (электронды түрде), графикалық материалдарды, аудиожазбаларды, видео материалдарды жіберу және қабылдау және т.б. Яғни басқа сөзбен айтқанда серіктесіңмен, жұмыс орнындағы қызметтесіңмен, туысқандармен, достармен , шапшаң түрде хабар алмасуды жүзеге асыру.
Көп көлемдегі анықтамаларға қол жеткізу (адрестік, географиялық, сала бойынша, арнайы және т.б.)
Әрдайым әлемдегі және аймақтардағы соңғы жаңалықтардан құлағдар болу. Ақпаратты текстт түрінде, графикалық түрде, видео форматта көруге болады, сондай-ақ тыңдауға болады.
Алыстан оқу, яғни өз еліңде отырып басқа елден білім алу.
Бизнеспен айналысу.
3.XML-құжаттардың құрылымын анықтау? Құжат құрып оған түсініктеме беріңіз.
XML (Extensible Markup Language) – кеңейтілген белгілеу тілі.
XML – HTML тілі сияқты белгілеу тілі болып саналады.
XML мәліметтерді анықтау үшін жасалған.
XML тілінде тегтер анықталмаған, тегтерді өзіміз анықтаймыз.
XML деректерді анықтау үшін DTD (Document Type Definition – құжат типін анықтау) қолданылады.
XML және HTML тілдерінің арасындағы басты айырмашылық.
XML деректерді сақтау үшін арналған.
XML тілі HTML тілінің орнын баспайды.
XML және HTML әр түрлі мақсатта жасалды:
HTML мәліметтерді көрсету үшін, XML мәліметтерді анықтау үшін арналған.
XML ешқандай іс-әрекет жасамайды. Ол мәліметті құрып, сақтап, жіберу үшін арналған.
Мысалы: Джанидың Бобқа жазған хатының XML түрінде сақталғаны:
<note>
<to>Tove</to>
<from> Jani</from>
<heading> Reminber</heading>
<body>Don’t forget me this weekend!</body>
</note>
Хаттың тақырыбы және негізгі бөлімі (body) бар. Сондай-ақ онда жіберуші (from) және қабылдаушы туралы (to) туралы мәлімет бар. Соған қарамастан, бұл XML-құжат ешқандай іс-әрекет жасамайды. Бұл жай тек XML-тегтерімен қоршалған мәлімет. Әліде бұл хатты жіберу, қабылдау және оны экранда көрсету үшін программалық код жазу керек.
XML – еркін және кеңейтілген тіл
HTML тілінің тегтері бастапқы кезінде анықталған.
XML тілінде автор өзінің жеке тегтерін және де өзінің құжат құрылымын анықтай алады.
Жоғарыда көрсетілген мысалда (мысалы, <to> және <from> тегтері) XML стандартында белгіленбеген. Бұл тегтер XML-құжаттың авторымен белгіленген.
Xml тілі html тілін толықтырады.
Xml тілі мәліметтерді html тілінен бөліп қарастырады.
Мәліметтерді көрсету үшін HTML қолданылғанда, мәліметтер тікелей HTML-кодта сақталады. XML тілін қолдану кезінде мәліметтерді жеке бір файлда сақтауға мүмкіндік береді. Осының арқасында, мәліметтерді өзгерту барысында HTML-тілінің кодын өзгерту керек болмайды.
Сондай-ақ XML-мәліметтерін HTML беттерінде тікелей сақтай аламыз.
Xml мәліметтермен алмасуға қолданылады.
XML тілі арқылы үйлесімсіз жүйелер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыруға болады.
Компьютерлік жүйелер және деректер қоры деректерді үйлесімсіз форматтарда сақтайды. Программалық жабдықтарды құрушы программисттер үшін интернет арқылы үйлесімсіз жүйелер арасында мәлімет алмасумен қамтамасыз ету ең қиын есептердің бірі болып саналады.
Мәліметтерді XML тіліне аудара отырып, қиын есептерді жеңілдете аламыз және көптеген қосымшалар оқи алатын форматты бере аламыз.
XML және B2B технологиялары
XML тілінің көмегімен Интернет арқылы қаржылық мәліметтермен алмасуға болады.
Болашақта XML тіліне негізделген көптеген B2B технологиялары пайда болады деп күтілуде.
XML тілі кәсіпорындар арасында қаржылық мәліметтермен алмасуға болатын басты тіл болып қалыптасып келеді.
XML тілі текстті файлдардағы бірігіп қолданылатын мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.
XML тілі мәліметтерді текстті форматта сақтайды. Программалық жабдықтауға және темірге тәуелсіз түрде мәліметтерді бірігіп қолдануға мүмкіндік туады.
XML мәліметтерді текстті файлдарда сақтауға мүмкіндік береді.
XML мәліметтерді файлдарға және деректер қорына сақтау үшін қолданылады. Қордан деректерді алу үшін арнайы қосымшалар жасалуы мүмкін.
XML тілі мәліметтерді көптеген қолданушыларға қол жетімді етеді.
XML темірден немесе программалық жабдықтан тәуелді емес, мәліметтерді стандартты HTML-браузерлерден тыс басқа да қосымшалар оқи алады.
XML тілін басқа да тілдерді құру үшін қолдануға болады.
XML тілі – WAP технологиясының және WML тілінің атасы болып табылады.
XML тілінің синтаксисі қарапайым. Оларды оңай есте сақтауға және оңай қолдануға болады.
XML-құжаттың мысалы
XML-құжаттар қарапайым синтаксисті қолданады.
<?xml version="1.0"?>
<note>
<to>Tove</to>
<from>Jani</from>
<heading>Reminder</heading>
<body>Don’t forget me this weekend!</body>
</note>
Бұл құжаттың бірінші жолында XML-декларациясында XML тілінің версиясы анықталады. Қазіргі жағдайда құжат XML 1.0 спецификациясына сәйкес келеді.
Келесі жолда құжаттың негізгі элементі анықталады: <note>.
Келесі төрт жолда негізгі элементке тиісті элементтер анықталады (to, from, heading, body):
<to>Tove</to>
<from>Jani</from>
<heading>Reminder</heading>
<body>Don’t forget me this weekend!</body>
Соңғы жолда негізгі элементтің соңы анықталады: </note>
XML тілінде барлық элементтер жабық тегтерді қамтуы керек.
HTML тілінде кейбір элементтер жабық тегтерсіз қолданылады. Мысалы:
<p> Бұл параграф
<p> Тағыда параграф
XML тілінде барлық элементтердің жабық тегі болу керек:
<p> Бұл параграф</p>
<p>Тағыда параграф</p>
Назар аударыңыз: жоғарыдағы мысалда XML-декларациясының жабық тегі жоқ. Бұл қате емес. Себебі бұл декларация XML-құжаттың бір бөлігі болып табылмайды.
XML тілінің HTML тілінен айырмашылығы, XML-тегтерде регистрлер есепке алынады.
XML тілінде <Letter> тегі <letter> тегінен айрықша.
Сондықтан да, бастапты және соңғы тегтер бір регистрде жазылуы тиіс:
<Message> Бұл қате </message>
<message>Бұл дұрыс</message>
XML элементтер бір біріне рет-ретімен ену керек.
Ретсіз енген элементтер XML-де қате болып есептеледі.
HTML-де кейбір элементтер бір-біріне ретсіз ену мүмкін:
<b><i> Текст</b></i>
XML-де барлық элементтер бір-біріне ретпен орналасуы керек, мысалы:
<b><i>Текст</i></b>
XML-құжаттар жалғыз негізгі элементті қамтуы керек.
XML-құжаттың бірінші тегі негізгі тег болады. Ал қалған элементтер осы негізгі элементке тіркелуі керек. Мысалы:
<root>
<child>
<subchild>…</subchild>
</child>
</root>
Атрибуттардың шамалары тырнақшаға алынып жазылуы керек.
Мысал:
<? xml version="1.0"?>
<note date=12/11/99>
<to>Tove</to>
<from>Jani</from>
<heading>Reminder</heading>
<body>Don’t forget me this weekend!</body>
</note> Бұл қате. Себебі note элементіндегі date атрибуты тырнақшаға алынбаған.
<? xml version="1.0"?>
<note date="12/11/99">
<to>Tove</to>
<from>Jani</from>
<heading>Reminder</heading>
<body>Don’t forget me this weekend!</body>
</note> Бұл дұрыс.
XML-де бос орындар сақталады.
XML-де бос орындар қалыпқа келтірілмейді.
XML осынысымен де HTML-ден ерекшеленеді.
4.DTD-ға XML файланың дұрыстығын тексеру. Құжат құрып түсіндіріңіз.
Мысал.DTD-файл.
<!ELEMENT people_list (person*)>
<!ELEMENT person (name, birthdate?, gender?, socialsecuritynumber?)>
<!ELEMENT name (#PCDATA) >
<!ELEMENT birthdate (#PCDATA) >
<!ELEMENT gender (#PCDATA) >
<!ELEMENT socialsecuritynumber (#PCDATA) >
<people_list> элементі <person> элементінің кез келген санын қамтиды. <*> белгісі <person> элементінің <people_list> элементінің ішінде 0,1 немесе одан да көп саны барын анықтайды.
<person> элементі <name>, <birthdate>, <gender> <socialsecuritynumber> элементтерін қабылдайды. <?> белгісі берілген элементтің міндетті емесін анықтайды. <name> элементі <?> белгісін қамтымайды, бұл өз кезегінде <person> элементі <name> деген элементті қамтуы керек екенін білдіреді.
<name> элементі мәліметтер қамтиды.
<birthdate> элементі мәліметтер қамтиды
<gender> элементі мәліметтер қамтиды.
<socialsecuritynumber> элементі мәліметтер қамтиды.
DTD-ға сәйкес құрылға XML-құжат
<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<!DOCTYPE people_list SYSTEM "example.dtd">
<people_list>
<person>
<name>Fred Bloggs</name>
<birthdate>27/11/2008</birthdate>
<gender>Male</gender>
<socialsecuritynumber>1234567890</socialsecuritynumber>
</person>
</people_list>