
- •17. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рухани ізгі тұлға ретінде қалыптасуы
- •19 Тұлғаның ізглік тәрбиесі:
- •20 Құқық қорғау органдарының өз өзін ізгі жолмен тәрбиелеуі :
- •25, Құқық қорғау қызметкерлерін моральдық сайлаудың түсінігі және құрылысы.
- •Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.
- •Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.
- •Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
- •36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
- •39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
- •41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
- •45. Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі . Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайдағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
- •48. Тәртіптің жоғары стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы мен құрметі.
- •53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы.
- •55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер.
- •57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
- •58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері.
47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
Заңдылық
1. Сот iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп ұйғарса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және сол актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.
тараптардың бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы
Сот iсiн жүргiзу айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестiгi мен тең құқықтылығы принципiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық iзге түсу, қорғау және iстi соттың шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады. 3. Сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктеледi. 4. Қорғаушы сотталушыны қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен әдiстерiн пайдалануға мiндеттi.
5. Сот қылмыстық iзге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.
6. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз iс жүргiзу мiндеттерiн орындауы және өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай туғызады. Жеке адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
Сот iс жүргiзу кезiнде процеске қатысушы адамдардың абыройын түсiретiн немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сонымен бiрдей осы процесте көзделмеген мақсаттар үшiн адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi. Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Сот процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс. Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде сот өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Жеке өмiрге қол сұқпаушылық.
Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Судьялардың тәуелсiздiгi
1. Судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. 2. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.
Жариялылық
1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттiк құпияны қорғау мүдделерiне қайшы келгенде ғана жол берiледi. Сонымен бiрге iске қатысушы адамдар өмiрiнiң жеке жақтары туралы мәлiметтердi жариялауды болдырмау мақсатында, сондай-ақ оны жәбiрленушiнiң, куәнiң немесе басқа да iске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiк мүдделерi талап ететiн жағдайларда кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы iстер және басқа да iстер бойынша соттың дәлелдi қаулысымен жабық сот талқылауына жол берiледi. Жабық сот отырысында сот процесiнiң сотқа дейiнгi сатысында сот шешетiн қылмыстық iзге түсуді жүзеге асырушы органның iс-әрекетi мен шешiмiне шағымдар да қаралады.
2. Iстер мен шағымдарды жабық отырыста қарау ҚІЖК-де белгiленген барлық ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады. 3. Соттың үкiмi мен iс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда ашық жарияланады.
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот iсiнде мемлекеттiк тiлмен бiрдей орыс тiлi немесе басқа да тiлдер қолданылады. 2. Бiр қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен белгiленген сот iсiн жүргiзу тiлдерiнiң бiрiнде жүзеге асырылады. 3. Iс бойынша iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға сотта өзiнiң ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде өтiнiш жасау, түсiнiк және айғақтар беру, өтiнiш бiлдiру, шағым жасау, iстiң материалдарымен танысу, сөйлеу, осы Кодексте белгiленген тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi. Iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы
1. Сот пен қылмыстық iзге түсу органының әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 2. Әрбiр сотталған адамның осы Кодексте белгiленген тәртiппен үкiмдi жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға, сондай-ақ кешiрiм жасау немесе жазаны жеңiлдету туралы сұрауға құқығы бар. 3. Шағымды берген адамға зиян келетiн немесе ол мүдделерiн көздеп берiлген адамға зиян келетiн етiп қолдануға жол берiлмейдi.
Бiлiктi заң көмегiне құқықты қамтамасыз ету
1. Қылмыстық процесс барысында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға әркiмнiң құқығы бар. 2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.
Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату
1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес. 2. Дiни қызметшiлер өздерiне iшкi сырын ашуға сенiм бiлдiрген адамдарға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес. 3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және ол үшiн қандай да болсын жауапқа тартуға болмайды.
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
1. Сезiктiнiң, айыпталушының қорғануға құқығы бар. Олар бұл құқығын осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өзi де, қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсiндiруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi. 3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктi, айыпталушы қорғаушысының iске қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 4. Сезiктi, айыпталушы қорғаушысының және заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы сезiктiге, айыпталушыға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi. 5. Сезiктi, айыпталушы қылмыстық iзге түсу органдарына айғақтар беруге, қандай да болсын материалдар беруге, оларға қандай да бiр жәрдем көрсетуге мәжбүр етiлмеуге тиiс. Кiнәсiздiк презумпциясы
1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз деп саналады. 2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. 3. Айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуi тиiс. 4. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.
Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру
1. Сот әдiлдiгi барша жұрттың заң мен сот алдында теңдiгi негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды. 3. Қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, заңдармен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.
Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады. 2. Соттың үкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды. 3. Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса да төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды.