Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы этика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
306.69 Кб
Скачать

46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері

Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізуде этика ережелері қатаң сақталуы тиіс. Себебі кез келген азамат болсын, мемлекеттің халықаралық қатынас қызметін жүзеге асыратын дипломаттар, ел басшылары, үкімет басшылары болсын өзге мемлекеттің өкіліне бүтіндей өз мемлекетінің атынан сөйлейтіндіктен, мемлекет абыройын, қадір қасиетін төмендетпеуі тиіс. Шетел азаматтарымен маңызды қатынаста осы елдің әдебі, әдеп-ғұрпы, дәстүрі де ескерілуі тиіс. Халықаралық жағдай, осы елдің ұстанатын саясаты, елдің ішкі жағдайы маңызды қатынас жүргізуде міндетті түрде ескерілуі тиіс. Шетел азаматтары ҚР-да өз азаматтары сияқты бірдей құқықтарды иеленеді. Шетел азаматымен қатынас жүргізуде оның құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс. Шетел азаматтарын құқықтық қорғау мәселесі заңда белгіленген тәрртіп пен негіздерде жүргізілуі тиіс. Құқық қорғау органдары халықаралық деңгейдегі қатынасы кезінде де шетел азаматының құқықтық мәртебесі ескерілуі тиіс. М: экстрадиция жөнінде келісімшарт жасасқан мемлекеттер өз азаматтарын берген жағдайда оның кінәлілігін дәлелдеу, жаза белгілеу заңға сәйкес жүргізілуі тиіс. Оның ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келмеуі тиіс, гуманистік принципке сай адамгершілік қатынас жасалуы тиіс. Сондай-ақ оған жасаған қылмысы үшін өз мемлекетінде тағайындалатын жазадан ауыр жаза тағайындалмайды. ҚР азаматы да халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекетке берілмейді. ҚР өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Тұрақты байланыс орнатпай және шет мемлекеттің ресми, бейресми өкілдерімен кеңеспей, дипломатқа саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және т.б. салаларда мемлекеттер арасындағы қатынастардың дамуына қажетті ақпараттарды, ұсыныстарды дайындай алмайды. Мысалы, ҚР Мемлекеттік дипломатиялық хаттамасында ҚР президентінің шет мемлекеттерге, ҚР Премьер-Министрінің, сондай-ақ шет мемлекеттердің басшыларының, Үкімет басшыларының ресми, ресми емес, жұмыс сапарлары, оны өткізу мен шетел азаматтарын қабылдау жөнінде ұйымдастырылатын іс-шаралар көрсетілген. Яғни, ресми қабылдау, күтіп алу, өзара кеңестер, пікір алмасулар, құжаттарға қол қою, конференция өткізу, сый тарту т.б. Сапарлар жасаудың маңызды мақсаты – шет мемлекетінің ресми өкілімен қатынас жасап, ынтымақтастық, достық орнату, саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және т.б. салаларда бағыттарды анықтау, тәжірибе алмасу болып табылады. Сондықтан Президент, Премьер-Министр, дипломат сапары болсын үлкен дайындықты, этикет тәртібін жақсы меңгеруді, адамгершіліктің жоғары сапасын сақтауды талап етеді. Дипломаттық корпустағы елші өз лауазымына енгеннен кейін келген мемлекетінің өкілдерімен қатынас орната бастайды, сапар жасайды. Ол мемлекет басшысына, Сыртқы істер Министріне, Үкімет, Парламент мүшелеріне сапармен барады. Әлі күнге дейін көптеген елдерде дипломаттың сапарларын хатамамлық және іскерлік деп бөлу қабылданған. Жаңа келген дипломат хаттамалық сапар жасауы тиіс, ол 15-20 минутқа созылып, онда ешқандай маңызды мәселелер қарастырылмайды. Іскерлік сапар елшінің немесе шет мемлекет өкілінің бастамасымен болуы мүмкін. Онда екіжақты және көпжақты қатынастардың нақты мәселелері қарастырылады. Іскерлік сапарларға ұзақтығы б/ша шек қойылмайды. Олар хаттамалық сапарлар сияқты 15-20 минут та, бірнеше сағат та болуы мүмкін. Дипломаттың сапары саяси сипатта болады, ол қарастырылған мәселе жайында өз сапары туралы өз мемлекетінің үкіметіне хабарлайды. Кеңестер жүргізуде аса зор білімділік қажет. Дипломатиялық кеңесте жинақтылық, мақсатқа ұмтылушылық, тәртіп қажет. Кеңесті байсалды, ешбір асығыссыз, дауыс көтермей, ызалануға негіз болса да, оны көрсетпей сабырлылықпен жүргізу керек. Этикет ережелері б/ша сөйлеушінің сөзін бөлмей, жағымсыз нәрселер айтылса да, шыдамдылықпен соңына дейін тыңдау қажет. Содан кейін салмақты түрде позитивті жауап беру немесе сөйлеушінің айтқанын қабылдамай, бас тарту қажет. Қызу қандылық, асығушылық – кеңес жүргізуде жаман көмекшілер. Сөйлеуші тарапынан қатаң сөгістер болса да, ашулы тон мен жоғарғы дауысқа қарағанда, өзін-өзі толық ұстау және сенімді , байсалды сөз оған үлкен әсер етеді. Қайшылқты мәселелер б/ша кеңестерде жауап беру үшін ең маңызды, негізгі фактілерді алу қажет. Жауап нақты, анық болып, ешқандай екіұшты ойды білдірмеуі тиіс. Сыпайылық пен орындылық дипломатқа қарастырылған мәселенің ұсақ-түйектерін анықтауға кедергі болмауы тиіс. Өз позициясын қорғауда фактілерге сүйену қажет, және ол фактілердің қайнар көздері ресми болғаны жөн.

Құжаттар. Дипломатиялық тәжірибеде келесідей құжаттар бар: 1. Жеке ноталар 2. Вербальді ноталар 3. Ескерту жазбалары 4.меморандум 5. Жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар.

Жеке ноталар маңызды және принципиальді мәселелер б/ша жіберіледі немесе аса ірі оқиға жайында мәліметті құрайды. Ол 1-ші тұлғада жазылып, арнаудан басталады: “Құрметті Министр мырза” Ол комплиментпен аяқталады: “өз құрметін білдіреді”.

Вербальді ноталар – ең маңызды құжат. Сыртқы істер Министрлігі мен елшіліктер дипломатиялық хат алмасуларды вербальді ноталар арқылы ж.а.

Онда саяси, ғылыми, техникалық т.б. саладағы мәселелер қарастырылады, олар комплименттен басталып, комплименттен аяқталады.

Ескерту жазбаларының 2 түрі бар: жеке өзі табыстаған және курьермен жіберілген. Олар кеңес нәтижесінде қол жеткізген істердің маңыздылығын күшейту үшін, айтылған сөздердің қате түсінілуін болдырмау үшін ескерту мақсатында жіберіледі, оған мөр қойылмайды.

Меморандум – белгілі бір мәселенің толық мәні, оның аспктілерінің анализі, өз позициясын қорғауға /ты аргументтер жазылады, ол жеке ноталарға, вербальді ноталарға қосымша да бола алады.

Жартылай ресми сипаттағы жеке хаттар – ресми тұлғаларға ресми хат алмасулардың пәні болған мәселелерді шешуге ықпал ету қажет болғанда немесе хат жіберілетін тұлғаның ықпалын пайдаланып істің шешуін жеделдету қажет болғанда жіберіледі.

Құжаттар ресми сипатта болғандықтан, олар нақты жағдайға сәйкес келуі, шетел мемлекетінің дәстүрін есепке алуға, міндетті жауап қайтаруға, жіберілетін тұлғаның атауын толық, дұрыс көрсетуі, сыпайылық, әдептілік ережелерін сақтауға, ойдың нақты және анық болуы, фактілермен дәлелденуі тиіс.

Хат алмасулар. Дипломатиялық хат алмасулар жоғарыда айтылған құжаттарды жіберу арқалы жүзеге асады. Телеграммалар Ұлттық мерекелер, мерейтойлық даталар, маңызды оқиғалардың болуына б/ты жіберіледі. Мысалы, жаңа мемлекет басшысының қызметіне кірісуімен құттықтау -әдептіліктің белгісі ғана емес, ол ынтымақтастық пен өзара қатынасты жалғастыруға деген тілекті білдіреді. Хат алмасуларда фактілер жалған болмауы тиіс, оны жазу тілі жеңіл, қарапайым болуы керек, теңеулер, эпитеттер сирек кездеседі. Сөздер дәл мағынасында түсінілуі қажет, көп мағыналы сөздерден аулақ болу қажет. Хаттарда адамзатты қорғау мәселесі, бірнеше мемлекеттің өзекті мәселелері қозғалса, оның өтімді, нәтижелі болуы сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]