
- •17. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рухани ізгі тұлға ретінде қалыптасуы
- •19 Тұлғаның ізглік тәрбиесі:
- •20 Құқық қорғау органдарының өз өзін ізгі жолмен тәрбиелеуі :
- •25, Құқық қорғау қызметкерлерін моральдық сайлаудың түсінігі және құрылысы.
- •Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.
- •Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.
- •Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
- •36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
- •39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
- •41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
- •45. Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі . Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайдағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
- •48. Тәртіптің жоғары стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы мен құрметі.
- •53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы.
- •55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер.
- •57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
- •58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері.
41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
Қызметкер оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды кез-келген заң бұзушылық әрекеттері орын алған жағдайда дереу құзырлы органдарға хабарлауы немесе қорғау тиіс. Әрбір қызметкер өз борышын адал, әділ және қадір-қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ, алайда әрбір қызметкер оның қай жерден басталатынын біледі. Жаппай қинауға, жазалауға, және гуманизмге қарсы және қадір-қасиетті төмендететін жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда тыйым салынған. Қызметкер осы сипаттағы шараларды негізге алған кез-келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті. Кез-келген қызметкер өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек. Бірақ өзінен жоғары тұрған қызметкердің бұйрығын немесе қатал бағыныстағы ұйымның бұйрығын көптеген жағдайда өз бастығының өкімдерін бұлжытпай орындауға міндетті кездер көп болады және оны жедел түрде орындау қажет болады, алайда, қызметкер бұйрықтың заңсыз екенін сезінсе, оны орындамауы керек. Қағидалары: Гуманизм Заңдылық Қазақстандық патриотизм Ізгілік Жоғары тұрған қызметкердің заңға сәйкес бұйрығын орындау міндеттілігі Ұжымдық принцип Тәртіп Келісімдік пен өзара жәрдем принциптеріне негізделеді
42. Қызметтік сұхбат пен кездесу өткізудің этикалық талаптары. Сөйлеу мәдениеті. Тұрғындарды қабылдау. Қызметкер сұхбат беруге құқылы. Қызметкер сұхбат берген кезде қызметтік этиканы сақтауы тиіс. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді атқару барысында, егер ол ҚҚО қызметкері болған жағдайда, өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, банкілік құпияны, коммерциялық құпияны, тергеу құпиясын көпшілік алдында жария етуге болмайды, ал егер құпия көпшілік алдында заңсыз жария етілген жағдайда ол қызметкерді заңда көзделген жауаптылыққа тартуы мүмкін. Сұхбат беру барысында қандайда бір саяси партияны немесе өзгеде ұйымды қолдап сөз айтпауы тиіс. Өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің қызметкерлері туралы теріс пікір айтуға, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын сынауға тыйым салынады, әріптестерін ұятқа қалдыратын сөздер айтпауы тиіс. Мемлекетік орган қызметінің мәселелері бойыншакөпшілік алдында оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді. Мелекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, сұхбатты әдепті жүргізуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілер мем-тік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол: Мемлекет саясатының негізгі бағыттарна сәйкес келмесе Жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес. Сөйлеу мәдениеті өте жоғары болуы керек. Әдеби тілде сөйлеуі керек. Сұхбат кезінде қойылған сұрақтарға нақты, әдепті, сыпайы түрде, тақырыптан ауытқымай жауап беруі тиіс. Сонымен қатар қызметкер жауап бере алмаған немесе жауап беруі қиынға түскен сұрақ қойған тұлғаны қудалап, оның қадір-қасиеті мен абыройын түсіретін әрекеттер жасамауы тиіс. Тұрғындарды қабылдау белгіленген күндерде өткізіледі. Қабылдауды тура өз уақытында бастап, қабылдауына келген азаматтардың қызметіне, жынысына, ұлтына, тіліне, дініне және өзге де белгілеріне қарамастан жүргізеді, яғни дискиримнацияның көріністеріне жол бермеуі тиіс. Қабылдау кезінде қызметкер мәдениетті сөйлеп, эмоцияға берілмей,салмақты, әдепті болу және киім киісінің іскерлік стилін ұстауы тиіс. Сұхбат берген кезде ол келуші адамнан алынған мәліметтерді өзінің жеке басы пайдакүнемдік мақсаттары үшін, жеке өміріне қатысты қолдануға болмайды. Қабылдауға келген адамның мәселесі қызметкердің құзырында болса оң шешуге барлық әрекеттер жасауы тиіс. Қызметкер қабылдау барысында келген адамның намысына тиетін, абыройын түсіретіндей әрекеттер жасаммауы тиіс. Тіл мәселесіне де көңіл бөлу керек.
43. Қызметтік ұжымдағы қатынас. Маңызды кеңестерді өткізу. Қызметтік ұжымдағы қатынас әріптестердің бір-бірін сыйлауы, құрметпен, кішпейілдікпен қарауы және өзге . Қызметкерлер ұ жымда белгіленген ережелермен ішкі тәртіпті сақтауға міндетті. Ұжымда моральдық талаптарға сай болу. Ұжымда қызметкерлерді жасына, жынысына, дініне, тіліне, қызметіне, әлеуметтік жағдайына және өзге де белгілеріне қарамауы тиіс. Әрбір қызметкер өзінің кәсіби абыройы мен борышын толық күйде сезінуі тиіс, және ұжымның да мемлекет пен қоғам алдындағы борышын орындауы тиіс. Ұжымда өзара көмектесушілік, әділдік, сыпайылық, мәдениеттік, және кәсіптік даярлық жағынан қызметкер өзінің атқарып жатқат қызметіне сәйкес келуі керек. Қызмет атқару барысында заңдылық қағидасы орын алуы тиіс, гуманизм көрініс табуы тиіс, қатал тәртіппен, ізгілік принцинтері, ҚР патриотизмі әрқашанда жалпы ұжымда және жеке қызметкердің жүрегінде орын алуы тиіс. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті бұлжытпай, уақытында, заң талаптарын сақтап орындауы тиіс. Ұжымдағы белгіленген талаптар барлық мүшелері үшін бірдей. Маңызды кеңес өткізу алдында оны қай жерде, қай уақытта өкізетіні белгіленеді. Маңызды кеңес өткізуге жауапты адам күн тәртібін анықтап, ондағы қаралатын мәселелерге жауапты адамдардың дайындығын тексереді. Маңызды кеңес кәсіби этикалық талаптарға сәйкес болады. Күн тәртібіне қойылған мәселелер белгілінген тақырыпқа сәйкес өткізіліп, тақырыптан ауытқымауы тиіс. Маңызды кеңес кезінде белгіленген регламент сақталып, белгіленген уақыт ішінде мәселенің түйінін ашуы тиіс.
44. Қызметтік құжаттарды құру және маңызды хат алмасуды жүргізу Қызметтік құжаттардың маңыздысының бірі бұйрық кітабы, қызметкерлер туралы мәлімет, кіріс құжаттарын тіркейтін жорнал, еңбек кітапшалары жатады, қызметтік құжаттар арнайы мұрағатта сақталады. Белгілі бір ұжым басшылығы негізі нормативтік актілерді басшылыққа ала отырып (конституция, заңдар, Президент жарлықтарын, Үкімет қаулыларын және т.б.) қызметтік құұжаттарды құрады. Маңызды хат алмасу кезінде кәсіби этиканы сақтау қажет. Хаттың мазмұнында хатты алушы адамды қорқытатын, бопсалайтын және қандай да бір заңсыз әрекеттер жасауға мәжбүрлейтін сөздер болмауы тиіс. Маңызды хат жоғарғы этикалық талаптарды сақтап жазылады және әдепті, сыпайы түрде жазылуы тиіс. Хат алмасуды жүргізген кезде орфоргафия, пунктуация және өзге де грамматикалық талаптар сақталуы тиіс. Хаттың мазмұнындағы құпияны хат алушының өзі немесе сенімді жария етпеуі керек. Уақытында көп кешіктірмей жауап қайтаруға тиіс. Хат алмасуда хат жіберушінің де хат алушының да нақты қызметін, аты- жөнін, мекен-жайын, мемлекеттік органның немесе өзге де мекеменің мекен-жайы көрсетілуі тиіс.