
- •17. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рухани ізгі тұлға ретінде қалыптасуы
- •19 Тұлғаның ізглік тәрбиесі:
- •20 Құқық қорғау органдарының өз өзін ізгі жолмен тәрбиелеуі :
- •25, Құқық қорғау қызметкерлерін моральдық сайлаудың түсінігі және құрылысы.
- •Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.
- •Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.
- •Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
- •36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
- •39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
- •41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
- •45. Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі . Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайдағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
- •48. Тәртіптің жоғары стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы мен құрметі.
- •53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы.
- •55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер.
- •57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
- •58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері.
36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
Жетекшінің негізгі қызмет ережелері: бетараптылығы; істі шешу кезінде өз сеніміне берілуі; сөзде тұратындығы; басқа мүшелермен сыйластық қарым қатынаста болуы; сыпайылық таныту; адал болу; өз қарамағындағы мамандарды құрметтеуі; өз мүддесін қозғамауы; бәріне тең қарауы; қарым қатынасты жүйеге келтіріп реттеуі; басшылықты тиянақты жүзеге асыруы
37. 38 Құқық қорғау қызметкерлерінің рухани өнегелі мәдениеті Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі алып келеді. Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі — белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа бір норманы бұзуы. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту. Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеліністердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде көрініс табады. Ал ішкі шиеліністер - олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады. Ішкі шиеліністің ерекшелігі — оған тұлға өзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тән. Ал сыртқы шиелініске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің, көзқарастардың, құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән. Моральдық шиеліністерді шешуде қоғамдық мүдденің жеке мүддеден үстемдігі туралы ереже көп жағдайда орын алады. Жеке мүддені қоғамдық мүддеге бағындыру — шешімі қиын жағдайларда жиі кездесетін мәселе. Шиеліністі жағдайдан ең жақсы, оңтайлы жолмен шығу үшін тұлғаның өз мүдделерін ескермеуге талпынысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамның тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы да қажет. Осындай, тұлғаның қоғамға, қоғамның тұлғаға дұрыс қатынасы жағдайында ғана дұрыс моральдық таңдау жүзеге асырылады
39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
Борыш - әрдайым міндет, міндеттілік, жауапкершілік негіздерімен ұштасады.Құқық қорғау органдары қызметкерінің борышы-тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтылыратын ерекше міндет. ҚҚО қызметкерлерінің адамгершілік қатынасының мәні үш маңызды факторға негізделеді: қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелсіздігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдау/ға мүдделілігі; объективтік анықталған мүмкіндіктер шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі мен бостандығы; өз әрекеттерінің еркіндігінің нәтижелерімен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар негізінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті. Өз этикалық қасиеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ұятты білдіреді. Ұят адамның ішк дауысы, қайырымдылықты іштей анықтау үрдісі. Сонымен, ұят — бұл біздің өзімізге өзіміз беретін жауабымыз. Бұл бізден жемісті өмір сүруді, толық және үйлесімді дамуды талап ететін біздің нағыз « Меніміздің » дауысы.Бұл біздің адалдығымыздың қорғаны, өзімізге тұра алу қабілеті.
40- Құқық қорғау органы қызмекерлерінің кәсіби әдебінің негізгі қағидалары мен нысаны.
Кәсіби этика деп – белгілі бір қауымдастықтың арасында қалыптасқан қызмет функцияларын
ж. а. Барысында моральдық- ізгілік талаптарынан туындайтын, ұстауға міндетті мінез-құлық үлгілерін айтуға болады. Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады. Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызды конституциялық міндеті — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары — қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б.— осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзі де мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі-белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы — болып табылады. Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқықбұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Құқық қорғау органы қызмекерлерінің кәсіби әдебінің негізгі қағидалары:
1Жүктелген құқықтар мен міндеттерді атқару кезінде заңдылықтың жоғары болуы
2Адамдар ме азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі
3Құқық қорғау органдарындағы құқық қорғау қызметін ұйымдастыруды бірдейлендіру
4құқық қорғау қызметіндегі субординация (бағыныстылық)
5Мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара байланыс