
- •17. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рухани ізгі тұлға ретінде қалыптасуы
- •19 Тұлғаның ізглік тәрбиесі:
- •20 Құқық қорғау органдарының өз өзін ізгі жолмен тәрбиелеуі :
- •25, Құқық қорғау қызметкерлерін моральдық сайлаудың түсінігі және құрылысы.
- •Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.
- •Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.
- •Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
- •36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
- •39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
- •41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
- •45. Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі . Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайдағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
- •48. Тәртіптің жоғары стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы мен құрметі.
- •53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы.
- •55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер.
- •57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
- •58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері.
Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
Құқыққорғау қызметіндегі мәжбүрлеу шараларын – қылмыстылықпен күресте арнайы құрал ретінде пайдалану мәселесі ерекше орын алады. Бір жағынан, бұл құралдарды құқыққорғау қызметінде қолдану объективті жағдайлармен байланысты, ал екінші жағынан, бұл шаралардың, сезікті немесе қылмыс жасалған болса да, азаматтардың жеке бостандықтарына нұқсан келтіретіні белгілі. Бірақ, құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолдану құқыққорғау органдары қызметкерлерінің өздеріне де теріс әсер етеді. Нақты айтқанда, моральдық сананың өзгеруі, тіпті, кейбір жеке қасиеттерінің өзгеруі де орын алуы мүмкін. М., кез келген мәжбүрлеуді қолдануға, азаматтардың жеке және қоғамдық өміріне қол сұғушылыққа дағдылар пайда болуы мүмкін, адам бостандығы құндылығының төмендеуі орын алуы мүмкін. Сондықтан, «зұлымдыққа күшпен қарсы тұру» мәселесіне ерекше көңіл бөлген орыс ойшылы И.А.Ильин «тек ең жақсы адамдар ғана осы қызметті өзгермей жүзеге асыра алады» деп ескерген. Олар өздерінің қызметі қай жерде, неден және неліктен шындық жолынан мүлт кеткенін білуі және мұны зұлымдықпен күрес қажет ететінін шекте ғана болдырмауы керек. Бұл мәселе тек құқықтық мәжбүрлеу шаралары мен жедел іздестіру құралдарын қолдану мүмкіндігі туралы ғана емес, әрбір нақты жағдайдағы оларды қолданудың негізділігі мен шегі туралы болуы керек.
29; 30;;31 Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымның түсінігі және оның негізгі кәсіби ізгілік мінездемелері Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжым - ол бір қызметтегі адамдардың қызмет атқаруы. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымға қойылатын этикалық талаптарды бастық пен оның бағыныстыларымен арасындағы қарым- қатынас ережесімен сәйкестендіруге болады.Бастықтың жүріп – тұру ережесіне келесілерді жатқзуға болады: 1.үйрету және олардан үйрену; 2бағыныстыларына айқайлап, балағат сөздер айтпау; 3,талап ету; 4.оларды итермелемей, оларды еттіп жүру.5 олармен қатынаста ұстамды болу. 6.өзін- өзі бағалауда қарапайым болып, бірақ бағыныстыларындағыларды бағалағанда ашық болу; 7олармен қарым- қатынас жасай білу; 8 рқырсық болмай, принципиалды болу керек Бағыныстылардың жүріп – тұру ережесіне келесілерді жатқзуға болады: 1. бастықты сыйлау, оған жағымпазданбау 2. сыпайы болу 3. өзін абыроймен ұстау, өркөкіректілік көрсетпеу 4. қарапайым болу 5. шыншыл болу керек 6. атқарушылық қасиетке ие болу к/к.
32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
Этика философиядан туындайтын дербес ғылым саласы, оның пәні – мораль,яғни ізгілік қатынастары, демек адамдардың өміріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Ізгілік – моральдық идеялардың, көздемелер мен бекімелердің әлеуметтік өмірдің әр қилы нысандарында нақты іске асуын білдіреді. Ғалымдар мораль мен ізгілікті синонимдес деп қарастырады. Мораль дегеніміз – адамның бір-біріне деген және қоғамға деген қатынасын, сондай-ақ таптық қоғамда өз тобымен партиясында және дұшпан топтар мен партияларға деген қатынастарын бейнелейтін қоғамдық сананың формасы.
Басқаша айтқанда мораль дегеніміз – адамның қоғамдағы мінез-құлқына қойылатын талаптар мен ережелер, нормалардың жиынтығы.
33. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымның ізгілік қарым қатынас ерекшелігі Құқық қорғау органдары қызметкері тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқықтық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтыруға міндетті. Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқық қорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүріс-тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді: — қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі; — объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы; — өз әрекеттерінің “еркіндігінің” нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті. ҚҚО дағы қызметтік ұжымында ізгілік қарым қатынастың болуы маңызды шарттардың бірі. Себебі органдарда жұмыс істейтін азаматтар бірін бірі сыйлау, құрметтеуі керек. Бұрыннан бері егер ұжымның ішіндегі қарым қатынас жақсы болатын болса,онда жұмыс та тез нақты әрі тиянақты түрде атқарылады. Ол барлық ұжымдарға тиесілі түрде айтылған нәрсе болса, осы орган үшін ол өте маңызды. Неге десеңіз қылмыстардың тез әрі дұрыс ашылуы неге байланысты болады, ол ұжымның тез әрі дәл уақытта келіп көмектесе білуінде. Ол сонымен қатар да өз мүддесін қозғамауға өз лебін тигізеді, себебі осы уақыттарда адам бейтарап болуы керек. Осы себепті осы органдар ұшін ізгілік этика категориясы ретінде маңызды рол атқарады
34. Қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынасты басқарудың түсінігі мен тәртібі. Қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынасты басқару дегеніміз ол ұжымда болып жатқан процесстерді, әрекеттерді, өзгерістерді ретке келтіріп, жүйеге келтіру. Оны реттеу маңызды болып табылады, себебі қандай да жақсы механизм болмасын оны басқарудың маңызы зор,оны жөнге келтіріп отырмаса ол ерте ме кеш пе өзінің жөнді түрде жұмыс істеуін қояды, сол себепті оны реттеу керек. Оның жүргізу тәртібіне келетін болсақ ұжым арасында бірқалыпты жақсы атмосфераны сақтау үшін бірқатар іс шаралар жүргізу керек. Мысалы, белгілі уақытта, жерде мүмкіндігінше адам жина оларға дәрістер,тренингтер өткізу және т.б. оны жүргізу мен әр түрлі мінезді адамдармен қарым қатынасқа түсу оңайға түспейді. Осы органдарда ізгілік этика категориясы ретіде басты орынды иеленеді. Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқық қорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән беріледі. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жүріс-тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді: қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі; объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс-тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы; өз әрекеттерінің “еркіндігінің” нәтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни, әрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті.
35. Жетекші қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынастарды ұйымдастырушы ретінде Ұжымда болып жатқан жағдайлар, оқиғалар мен іс әрекеттерді ретке келтіретін олады зерттеп, талдап, тұырымдап ретке келтіретін адам ол ұжым жетекшісі. Осы өз ұжымында болып жатқан өзгрістерді біліп талдайтын да ол. БасШы міндетті түрде өз көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп қана қоймай, өз қарамағындағы азаматтарға жқмыс істейтіндей жағдай жасауы керек. Осы жұмыста рахаттанып, ляззат алатындай атмосфера болған жағдайда олардың да жұмыс істеуге деген талпынысы арта түседі. Ұжымның басқа мүшелерімен араласуға деген талпынысы пайда болады.ізгілік принципін ұстану ең алдымен жетекшіден басталады, өз қарамағындағы адамдарға қандай көзқараста болса, қалай сөйлессе, қалай қарым қатынас жасаса оның адамдары соған сәйкес әрекет етіп,жұмыс істеп, өзара қарым қатынасқа түседі.жетекші ең алдымен өз сөзіне берік адам болуы керек. Сөзінде тұратын адам! Бұл — адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімен теңестіріп жатады. Сөз бердің бе — сөзіңде тұр, уәде бердің бе — орында. әйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздің адамы деген атқа қаласың. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройын құртатын басты кемшілік — айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғында мұндай қызметкер беделінен айырылады.