
- •17. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің рухани ізгі тұлға ретінде қалыптасуы
- •19 Тұлғаның ізглік тәрбиесі:
- •20 Құқық қорғау органдарының өз өзін ізгі жолмен тәрбиелеуі :
- •25, Құқық қорғау қызметкерлерін моральдық сайлаудың түсінігі және құрылысы.
- •Құқық қорғау қызметіндегі ізгілік шиеленістер.
- •Құқық қорғау қызметіндегі мақсаттар мен амалдардың байланысы.
- •Құқық қорғау органында құқықтық мәжбүрлеуге ізгі жол беру.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі ретінде.
- •36. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымдағы жетекшінің негізгі қызмет ережелері.
- •39. Кәсіби өнегелік деформацияның көрсеткіштері және негізгі көрсеткіштері
- •41.Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары
- •45. Маңызды қатынастың төтенше жағдайда өтуі . Төтенше жағдай және оның халыққа әсер етуі. Төтенше жағдайдағы ізгілік психологиялық қатынастың ерекшелігі.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар
- •48. Тәртіптің жоғары стандартының орналасуы. Сот билігінің әділдігі мен тәуелсіздігі. Судья сот билігінің абыройы мен құрметі.
- •53.Құқық қорғау органынының тәжірибелік қызметтіндегі шұғыл іздестіру этикасы.
- •55.Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер.
- •57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
- •58.Ішкі істер органдары жол полициясының ізгілік негіздері.
57.Ішкі істер органдары полициясының ізгілік негіздері.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары – мемлекеттік басқарудың қоғамдық тәртіпті қорғау мен қылмысқа қарсы күресу жөніндегі атқарушы және өкімші қызметті жүзеге асыратын, жеке адамның, азаматың және мемлекеттің Конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қарулы құқық қорғау жүйесі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттік мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкілетшілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
Тәртіп - әр адамның өзін үнемі бақылауда ұстайтын ішкі тірегі, сананың дәйегі. Сондықтан да, тәртіп бар жерде адамның, жеке тұлғаның күнделікті іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Тәрбие дегеніміз – адамдарға қалаған бағытта ықпал жасау. Адалдық пен шыншылдық адамгершілік жағынан кіршіксіз болу қоғамдық өмірде және жеке басының өмірінде қарапайым, кішіпейіл болу деген сөз.
Имандылық - әділетсіздік, жауыздықты, зорлық-зомбылықы, ұрлық-қорлық тағы басқа толып жатқан теріс қылықтарды айыптайды, жолын кеседі, болдырмауға тырысады.
Ал құқық болса кез келген теріс қылықтарға тыйым салады, кінәлі адамға мәжбүрлеу, жазалау шараларын қолданып, бас бостандығынан айыру арқылы оның түзілуіне ықпал тетеді.
Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
Iшкi iстер органдарының оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар алынады. Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен оқу ақысы төленiп iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына, басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет атқару шарты мен мерзiмi қарастырылады. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi. Iшкi iстер органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Адамның iшкi iстер органдарында қызметте болуымен байланысты шектеулер
1. Iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да болсын саяси партияны жақтауға тиiс емес.
Iшкi iстер органдарында Iшкi iстер министрi анықтайтын тәртiп пен шарттарда кәсiпкердi (лауазымдарды) қоса атқаруға немесе уақытша орнында болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқаруға рұқсат етiледi.
2. Полицияның учаскелiк инспекторы, ішкі істер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерi, соның iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарай отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған, ұйымдар үшiн мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясы департаментінің бастығы қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік автомобиль инспекторы болып табылады.