
- •1.Басқарудың қажеттілігі.
- •2. Менеджер мен кәсіпкердің айырмашылығы
- •4. Ғылыми басқару мектебінің басқару ғылымына қосқан үлесі. (1856- 1920).
- •5.Басқарудың әкімшілік мектебінің негізгі тұжырымдамалары (1920-1950).
- •6. Адамдық қатынастар мектебі мен мінез құлық мектебінің менеджмент дамуындағы рөлі(1930-1950)
- •7. Сандық тәсілдің басқару ғылымына қосқан үлесі
- •8. Ұйымның ішкі ортасының факторлары
- •9.Ұйымға тікелей әсер ететін сыртқы орта факторлары
- •10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
- •11. Ұйымдағы коммуникация процесінің мәні
- •12. Мотивацияның мазмұндылық және процессуалдық теорияларының айырмашылығы
- •13. Делегирлеу,өкілеттілік,жауапкершілік түсініктері
- •14. Еңбек бөлінісі мен құрылымының байланысы
- •15. Ұйымның мақсаты мен миссиясы
- •16.Мотивацияның күту және әділеттілік теорияларының тәжірибеде қолданылуы
- •17.Портер Лоулердің 5көрсеткіштерінің:жұмсалған күш,қабылдау,алынған нәтиже,сый-ақы,қанағаттану дәрежесі арасындағы байланысты сипаттаңыз.
- •18.Ішкі сыртқы сыйақының айырмашылығы
- •19.Мослоудың мотивациялық теориясының Мак Клелланд пен Герцбергтың теорияларымен салыстырыңыз.
- •20.Бақылау үрдісінің кезеңдері
- •21.Ресми және бейресми ұйымдар
- •22.Ресми ұйым-командалық және жұмыс топтары комитеттер
- •23.Бейресми ұйымдардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- •24.Лидерлік билік ықпал ету
- •25.Лидерліктің тұлғалық теориясы немесе ұлы адамдар теориясы
- •26.Мак Грегордың х у теориясы бойынша басшылардың айырмашылығы
- •27.Лайкерттің 4 лидерлік стилі
- •28.Ұйымдағы келіспеушіліктер
- •29.Келіспеушіліктердің пайда болу себептері
- •30.Сендіру арқылы ықпал етудің күшті және әлсіз жақтары
- •31. Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті:ұйымдағы адами ресуртарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •32. Жаһанданып келе жатқан іскерлік ортада сіз кластағы және кластан тыс студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •33. Қазіргі менеджмент әдебиеттерінде тұтынушылар сыртқы ортаның ең маңызды элементтері ретінде жиі қарастырылады.Осымен келісесізбе?
- •34. Білікті кадрларды дайындауға білім сапасын көтеруге сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала , ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •35. Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз.Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •39. Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •41. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасатыңыз (swot-талдау). Қалай ойлайсыз университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •42. Сізге танымал стрестік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай? Сіздің ойыңызша көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әржағдайда бірдей құнды ма?
- •43. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін билік көздерін атаңыз. Қандай билік көздеріне оның қолы жетпейді?
- •44. Студенттік көшбасшылар өз жұмыс тиімділігін арттыру үшін толық билікке иелену қажет пе, әлде өзінің өкілеттіліктердің бір бөлігін басқа студенттерге делегирлеу қажет пе?
- •1.Басқарудың қажеттілігі
10.Ұйымға әсер ететін жанама әсер ететін орта факторларын атаңыз
Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететіннің бәрі жатады. Ұйымға әсер ететін факторларды екі топқа бөлуге болады: тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.
Жанама әсер ету факторларына саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады.
Саяси факторлар.Ұйымның табысты қызмет етуіне елде жүргізілетін саясаттың түрлі аспектілері өз әсерін тигізеді. Ұйым қызметіне саяси тұрақтылық не тұрақсызлдық, елдегі әлеуметтік жағдай, экономикаға мемлекеттің кірісу дәрежесі және бизнес дамуына жағымды көзқарасынан туатын шаралар, экономика секторларын мемлекет меншігіне не жекешелендіру шаралары, қоғамның демократизациясының даму деңгейі және т.б. әсерін тигізеді.
Экономика жағдайы. экономика циклдың қай стадиясында болуы, инфляцияның болуы және оның түрі, инвестициялар үшін тартымдылығы және т.б. факторлар ұйым іс әрекетінің нәтижесіне үлкен әсер жасайды. Экономиканы жаһандану салдарынан экономикалық ортаның күрделілігі мен анықсыздығы қазіргі кезде қатты өсіп отыр. Көптеген елдердің экономикасының өзара байланыстылығы күшейе түсті.
Әлеуметтік факторлар. Қоғамда қалыптасқан өмірлік құндылықтар стереотипі, дәстүрлер, ережелер, жеке тұлғалар мен топтар орны, ұйым ішінде жүргізілетін іс әрекет әдістеріне айтарлықтай өз әсерін тигізеді. Әлеуметтік-мәдени факторлардың қатарына елді-мекеннің салт- дәстүрі мен әдет- ғұрыптары жатады.
Технология ұйымның тек ішкі ортасының құрамдасы болмай, сонымен қатар сыртқы ортаның маңызды факторы болып табылады. Оның маңызы әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық революцияның ғасырында, жаңалықтарды ашу және енгізу қарқыны жоғарылағанда зор болып бөлінеді.Ұйымдар ашылған жаңалықтарға тек жылдам ғана өз жағынан қам жасап қана қоймай, өздері де жаңалықтар ұсынып тұруға тиіс.
Жергілікті халықпен орныққан қарым-қатынастар. Бір кәсіпорын әр аймақта орналасуына әр түрлі көзқарас туғызады. Мысалыға, жұмыссыздық мәселесі бойынша қиыншылықтары жоқ аймақтың тұрғындары химиялық завод немесе атомдық электростанция сияқты құрылысқа қарсы болады. Бірақ бұл проэкт жұмыссыздық кең жайылған аудандарда экологиялық қатерге қарамасатан қабылдануы мүмкін. Ұйымның көп қамқорының бірі-жергілікті халықпен жақсы қатынас құру. Ол әртүрлі қалыпта болуы мүмкін- қайырымдылық қызметі, жергілікті оқу орнын қаржыландыру, профессионалдық оқу орнын ашу, т.б.
Халықаралық жағдайлар.Сыртқы ортаның халықаралық өлшеуіштері ретінде біз шет мемлекеттер ұйымдарында болып жатқан өзгерістер және сол мемлекеттерде компания бизнесін дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.. Халықаралық ортадан жаңа бәсекелестер, тұтынушылар, жабдықтаушылар пайда болады, осылар арқылы жаңа әлеуметтік, технологиялық және экономикалық тенденцияларды қалыптастырады.
Халықаралық масштабта қызмет етуі үшін менеджерлер өздерінің ғана емес, басқа да елдердің құқықтық, саяси, әлеуметтік мәдени және экономикалық факторларын ескеруі қажет.